• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
12.09.2026, 12:38
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Таразда жылу желілері жаңартылуда

Тараз қаласында жылу жүйесін жаңарту жұмыстары белсенді түрде жалғасуда.

turan_admin turan_admin
04.07.2025, 15:21
Азаматтық қоғам институттары
Таразда жылу желілері жаңартылуда
40
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Мәжіліс депутаттары, Amanat партиясы фракциясының мүшелері Мұқаш Ескендіров пен Гүлдара Нұрым М-1 магистралінің қайта құру жұмыстарының барысын көріп, жобаға қатысты өз пікірлерін білдірді.

1990 жылы пайдалануға берілген бұл магистральдің қызмет ету мерзімі әлдеқашан аяқталған. 2023 жылдың басында құбырлардың тозу деңгейі 80 пайызға жеткен еді. Норматив бойынша мұндай желілердің қызмет ету мерзімі – 25 жыл. Жүйенің ескіруі салдарынан қала тұрғындарына жылу мен ыстық су беру кезінде жиі үзілістер болып келді. Әсіресе қысым тексеретін жоспарлы жұмыстар кезінде көпқабатты үйлер ыстық сусыз қалатын.

Бүгінде Таразда жаңғырту жұмыстары жүйелі түрде атқарылуда. 2023 жылы 4602 метр жылу құбыры ауыстырылса, 2024 жылдың соңына дейін тағы 1536 метр желіні жаңарту жоспарланған. Мәжіліс депутаты Мұқаш Ескендіров бұл жобаны тек техникалық емес, стратегиялық маңызы бар әлеуметтік бастама деп бағалады.

– Адамдардың өмір сүру сапасын арттыру үшін ең алдымен үйлерде жылу, ыстық су және кәріз жүйесі дұрыс жұмыс істеуі қажет. Таразда бұл мәселе ұзақ жылдар бойы шешілмей келген. Енді оған көз жұма қарауға болмайды, – деді ол.

Жобаның жалпы құны 10 миллиард теңгеден асады. Тапсырыс беруші – Тараз қаласы әкімдігі, мердігер – «Сарыағаш-Аман» ЖШС, техникалық және авторлық бақылау тиісті сала мамандарының тарапынан жүргізілуде. Жоба толық аяқталған кезде Тараз қаласындағы жылу желілерінің тозу деңгейі 67 пайыздан 51 пайызға дейін төмендейді.

Депутат Гүлдара Нұрымның айтуынша, бұл жоба Amanat партиясының сайлауалды уәделерін нақты жүзеге асырудың көрінісі ғана емес, сонымен қатар «Жылу энергетикасы туралы» жаңа заңның өмірге ене бастағанының айғағы.

– Егер партия уәде берсе, оны орындайды. Біз әр аймақта тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, медицина, газдандыру бағыттарында нақты нәтижеге жұмыс істейміз. Таразда осының айқын дәлелі – жұмыс істеп тұрған жобалар, – деді ол.

Қазіргі таңда өңірдегі жылу инфрақұрылымы әлі де шешімін күткен мәселелерге толы. Кей шағынаудандарда жоспарлы жөндеулер кезінде ыстық су бір айдан аса уақытқа өшірілді. Алайда жергілікті билік М-1 магистраліндегі жөндеу аяқталған соң мұндай жағдайлар қайталанбайтынына сенімді.

Облыс аумағында 9 жылу энергетика кешені және 593 автономды қазандық жұмыс істейді. Тараз қаласындағы 1025 көпқабатты үйдің 921-і ыстық сумен қамтылған. Қалған 104 үйге жөндеу жұмыстары аяқталған соң ыстық су беру жоспарланып отыр.

2025–2026 жылғы жылыту маусымына дайындық белгіленген кестеге сай жүріп жатыр. Қазіргі таңда 616 автономды қазандықта, 1831 көпқабатты тұрғын үйде және 1767 әлеуметтік нысанда жөндеу және дайындық жұмыстары қолға алынған.

Жылу желілерінің жалпы ұзындығы — 350,7 шақырым, оның 54 пайызы тозған. Биылдың өзінде 12,75 шақырым желіні жаңарту жоспарланған. Бұған қоса, Жаңатас қаласында – 0,9 км, Қаратау қаласында – 2,7 км құбыр жаңартылуда. Кәсіпорындардың инвестициялық бағдарламасы аясында тағы 6,5 шақырым желіге жөндеу жүргізілуде.

Жалпы, 2027 жылға дейін Жамбыл облысында «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасы аясында 26,8 шақырым жылу және 1,2 мың шақырым электр желілерін жаңарту көзделген. Бұл – өңірлік инфрақұрылымды жаңғыртудың нақты әрі жүйелі бағыты.

Ақпарат Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасы мемлекеттік ақпараттық тапсырыс негізінде жарияланды.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Жамбыл облысында грант иегерлеріне менторлық қолдау көрсетілуде

Жамбыл облысында грант иегерлеріне менторлық қолдау көрсетілуде

08.09.2026, 12:05
Таразда ҚХА медиация институтын дамытуға арналған семинар-тренинг өтті

Таразда ҚХА медиация институтын дамытуға арналған семинар-тренинг өтті

31.08.2026, 16:36
Таразда «Үміт шуағы» жобасы аясында «Зорлық-зомбылықсыз отбасы – бақытты қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Таразда «Үміт шуағы» жобасы аясында «Зорлық-зомбылықсыз отбасы – бақытты қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

31.08.2026, 16:30
«Әділет» партиясы Жамбыл облысындағы үгіт-насихат науқанын қорытындылады

«Әділет» партиясы Жамбыл облысындағы үгіт-насихат науқанын қорытындылады

25.08.2026, 17:25

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына үлес қосқан бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар табыстады

11.09.2026, 18:00

eGov «қызметкері» Тараз тұрғынының атына 7 несие рәсімделгенін айтып, 2 млн теңгесінен айырды

11.09.2026, 13:00

Екі кереуетке 210 млн теңге: Жаңаөзенде аурухана қаржысын жымқырған күдіктілер қамауға алынды

11.09.2026, 09:00

Енді Kaspi.kz қосымшасында айыппұлдың видеосын көруге болады

10.09.2026, 19:23

Тараздағы жұмбақ өлім: Ер адамды аяусыз ұрып-соғып, өз көлігімен ауруханаға әкелген

10.09.2026, 18:56

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.