• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
28.11.2026, 21:37
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Таразда «Тәрбие басы –отбасы» атты облыстық ата-аналар форумы өтті

turan_admin turan_admin
16.12.2018, 12:30
Облыс жаңалықтары
Таразда «Тәрбие басы –отбасы» атты облыстық ата-аналар форумы өтті
485
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Халқымыз қашаннан бала тәрбиесіне аса зор мән берiп, баланың болашақта жақсы адам болғанын қалаған. «Отбасы — шағын мемлекет» демекші, баланың жарық ой-өрісінің дамуы мен сана сезімінің толысып, жақсы азамат болуында ата-анасының берген тәрбиесі маңызды болмақ. Жас ұрпақты жан-жақты жетілген, ақыл парасаты, ой-өрісі биік азамат етіп тәрбиелеу — қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Әлем мойындаған ғұлама Әбу Насыр әл-Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім — адамзаттың қас жауы деген екен.

Осы мақсатта 2018 жылдың 14 желтоқсанында Облыстық білім басқармасына қарасты «Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін орталығында» облыстық «Тәрбие басы – отбасы» атты ата-аналар форумы Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы басшысы Тұрмаханбетова Рахия Сейтбекқызы, Жамбыл облысы Полиция департаменті Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы полиция подполковнигі Алметов Асхат Аманқұлұлы, Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметінің Ювеналдық полиция бөлімінің бастығы Қалжанов Қуаныш Жақсылықұлы,Жамбыл облысы ата-аналар кеңесінің төрайымы Мырзағали Эльмира Инаятқызының белсене атсалысуымен ұйымдастырылып, өткізілді.
Форум барысында Жамбыл облысы бойынша жиналған ата-аналар мен қонақтарды Жамбыл облысы ПД ЕБҚКБ бастығы полиция подполковнигі Асхат Алметов 16 желтоқсан — Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, нашақорлықтың алдын алу мақсатында, қазіргі таңда есірткі заттары қалай таратылатыны, жасөспірімдер арасында есірткіні қолдану проблемалары, ата-аналарға есірткі жайлы нені білу керек, баламен нашақорлық жөнінде қарым-қатынасты қалай ұйымдастыру, психоактивті заттарды пайдалану фактісі расталған жағдайда өзін қалай ұстау керектігi және есірткіні қолданған жағдайда неге әкеп соғатыны жайлы қажеттi мәліметтер бере отырып, мазмұнды бейнеролик көрсетумен өз сөзін аяқтады.
Іс-шара барысында аудандық және қалалық білім бөлімдері «Үздік ата-аналар комитеттері» көрнекі бейнебаяндар ұсынып, слайд арқылы атқарылған жұмыстарын таныстырды.
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова және Жамбыл облысы ата-аналар кеңесінің төрайымы Эльмира Мырзағали аудандар мен Тараз қаласынан қатысқан «Үздік ата-аналар комитеттерін» Құрмет грамотасы және бағалы сыйлықтармен марапаттады. Оның ішінде
Тараз қаласы Төлеби атындағы №8 гимназиясының, Сарысу ауданы Ақтоғай орта мектебінің, Жуалы ауданы №15 мектеп-лицейінің, Талас ауданы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназиясының, Шу ауданыЖамбыл атындағы шағын орталықты орта мектебінің, Шу ауданы Жамбыл атындағы шағын орталықты орта мектебінің, Байзақ ауданы Үлгілі орта мектебінің ата-аналар комитеттері болды.
Форум соңында қатысушы 300-ге жуық ата-ана мен қамқоршылық кеңестерінің өкілдеріне және қатысушы қонақтарға «Ана-әке» әнін мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін орталықтың қыздар вокалдық тобы тарту етті. Ұйымдастырушылар қатысушыларға уақыттарын бөліп келгендеріне көп алғысын айта отырып, бәріне отбасы игілігін тіледі. Барлық келген қонақтар мазмұнды өткен іс-шарадан көтеріңкі көңіл-күйде тарқасты.

Жамбыл облысы Полиция департаменті Баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Алимент төлемегені үшін қылмыстық іс қозғалды: Жамбыл тұрғыны 3,2 млн теңге қарызын өтеді

Алимент төлемегені үшін қылмыстық іс қозғалды: Жамбыл тұрғыны 3,2 млн теңге қарызын өтеді

28.11.2026, 19:57
Тараз бен Шымкенттің шенеуніктері сотталды

Тараз бен Шымкенттің шенеуніктері сотталды

26.11.2026, 14:41
Таразда ASPARA FASHION DAY 2026 Халықаралық сән фестивалі өтті

Таразда ASPARA FASHION DAY 2026 Халықаралық сән фестивалі өтті

21.11.2026, 20:35
Аппарат басшысының орынбасарлары тағайындалды

Туризм және инвестиция басқармасына жаңа басшысы тағайындалды

17.11.2026, 11:43
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ауғанстанда мектеп маңында жарылыс болып, 10 оқушы қаза тапты

28.11.2026, 20:21

Алимент төлемегені үшін қылмыстық іс қозғалды: Жамбыл тұрғыны 3,2 млн теңге қарызын өтеді

28.11.2026, 19:57

Судың әр текше метрін есептеу ауылға не береді?

28.11.2026, 11:31

«Әділет» партиясы Жамбыл өңіріндегі 27 күндік үгіт-насихат науқанын қорытындылады

27.11.2026, 17:04

Мирас Жамалбек — “Қола домбыра” республикалық айтысының жүлдегері атанды

27.11.2026, 17:02

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Марат Ирменов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараздағы тергеу изоляторына жаңа бастық тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Рысбеков Ескендір Нұрдәулетұлы: «Халық сенімі – менің басты жауапкершілігім!»

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.