• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
19.11.2026, 01:30
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Таразда Елбасының «Қамқорлық» бастамасы аясында оңалту орталығы ашылды

turan_admin turan_admin
15.12.2020, 15:37
Облыс жаңалықтары
Таразда Елбасының «Қамқорлық» бастамасы аясында оңалту орталығы ашылды
381
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Елордада Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Тәуелсіздік жолын жалғастырар ұрпақ» онлайн-форумы өтті. Форум барысында даму ерекшеліктері бар балаларға арналған сегіз оңалту орталығының ресми ашылу салтанаты өтті. Оның бірі – Жамбыл облысында орналасқан.

Аталған оңалту орталықтары Тұңғыш Президенттің «Қамқорлық» бастамасы аясында іске қосылды десек, ол Тараз қаласындағы облыстық көпбейінді балалар ауруханасының базасында ашылды.

Орталық лентасын Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен осында ем алып жатқан 13 жасар Даниил Зонов қиды.

Аймақ басшысы барлық кабинеттерді аралап, орталықтың жұмысына жоғары баға берді. Қазіргі уақытта онда 57 бала оңалту курстарынан өтуде.

— Біз үш бағытты қамтимыз. Олар: педагогикалық, әлеуметтік және медициналық оңалту. Пациенттермен логопед, дефектолог, эрготерапевт, еңбек терапевті жұмыс жасайды. Балалар терапиялық дене шынықтырумен айналысады, гидрокинезотерапиядан, механотерапиядан өтеді, массаж қабылдайды, — дейді облыстық көпбейінді балалар ауруханасының бас дәрігері Азат Сәтжанов.

Орталықта аяқты қозғалтуға үйрететін швейцариялық «Lokomat» тренажері бар.

— Елімізде мұндай тренажер тек бірнеше ауруханада ғана бар. Ресейден арнайы маман келіп, біздің дәрігерлерді осы роботтандырылған жүйемен жұмыс істеуге үйретті, — деп атап өтті Азат Сәтжанов.

Ауруханада аудандардан келетін балаларға арналып 120 төсек-орын дайындалған.

— Орталық 18 жасқа дейінгі балаларды қабылдайды. Жаңа туылған нәрестелер де оңалтудан өте алады. Әр балаға айрықша жағдай қажет. Оларға қандай ем қажет екенін тар бейінді мамандардан тұратын мультидисциплинарлық топ анықтайды, — деп атап өтті ол.

Форум барысында Бердібек Сапарбаев «Елбасы медальдары» жобасының қатысушыларына марапаттар табыстады. Бұл жастардың кешенді дамуына бағытталған жалғыз ұлттық деңгейдегі бағдарлама. Жоба спорт, таланттар мен дағдылар, кітап оқу, ұлттық мұра, еріктілік, экспедициялар мен жаяу серуендеу, еңбек тәжірибесі секілді 7 негізгі бағыттан тұрады. Қатысушылардың барлығы – 14 пен 29 жас аралығындағы жас қазақстандықтар.

Жамбылдық оқушылар арасында төрт оқушы медальға ие болды. Атап айтсақ, Меркі ауданы Гранитогорск ауылындағы №8 орта мектептің оқушысы Диана Бақтиярова, Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің Сәния Қайнарқызы, дарынды балаларға арналған IT-лицей-интернатының оқушысы Әсемай Қауас, Жамбыл ауданы Ақбұлым ауылындағы Б.Бесбаев атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы Гүлзат Сауран жүлдегер атанды.

— Жобаға қатыса отырып, мен көптеген пайдалы ақпаратқа қанықтым. Ұлттық тағамдардың тарихын зерттедім, фотоөнерге әуестендім, жүгіру және йогаға қызыуғышылық танытып, қарт адамдар мен кішкентайларға көмектестім, қысқа уақытта бірнеше кітап оқыдым, — дейді Диана Бақтиярова.

Ауыл мектептері оқушыларының дарыны мен қабілетін дамытуға және қолдауға жағдай жасауға бағытталған ауылдық балалар арасындағы «Мың бала» ұлттық олимпиадасының жеңімпаздары да өз сыйлықтарына қол жеткізді. Жамбыл ауданы Аса ауылындағы Ю.Гагарин атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы Гүлбина Байшахан, Байзақ ауданы Көкбастау ауылындағы Амангелді атындағы орта мектептің оқушысы Ерасыл Тілеу ең үздік деп танылды.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Аппарат басшысының орынбасарлары тағайындалды

Туризм және инвестиция басқармасына жаңа басшысы тағайындалды

17.11.2026, 11:43
Жамбылдағы жаңа басқарма басшысы неге төрт айдан кейін Алматыға ауысты?

Жамбылдағы жаңа басқарма басшысы неге төрт айдан кейін Алматыға ауысты?

17.11.2026, 10:26
Су, газ және жылу желілерін жаңғырту, 20 мыңнан астам жұмыс орны: «Әділет» кандидаттары Шу ауданының тұрғындарымен кездесті

Су, газ және жылу желілерін жаңғырту, 20 мыңнан астам жұмыс орны: «Әділет» кандидаттары Шу ауданының тұрғындарымен кездесті

13.11.2026, 20:57
Жамбылдық Любовь Юн жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдегері атанды

Жамбылдық Любовь Юн жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдегері атанды

13.11.2026, 12:53
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Табиғатқа жауапкершілік күнделікті әрекеттен басталады

19.11.2026, 01:02

Пациентке түсінікті әрі сабақтас медициналық көмек

19.11.2026, 00:57

Кітапхана мен оқырман арасындағы байланысты нығайту

19.11.2026, 00:48

Кәсіби оқудан тұрақты жұмысқа дейін

19.11.2026, 00:39

Отбасындағы сенім мен психологиялық қолдау

19.11.2026, 00:35

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына «Әділет» партиясы» тізіміне кімдер енді?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Марат Ирменов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.