• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
16.10.2026, 02:14
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Таразда ақын Серік Томановты еске алу кеші өтті

Жамбыл облысында белгілі ақын, журналист Серік Томановтың 70 жылдығына арналған «Құс қанат ғұмыр» атты еске алу кеші ұйымдастырылды.

Ғалия Абылай Ғалия Абылай
03.10.2026, 00:35
Мәдениет
Таразда ақын Серік Томановты еске алу кеші өтті
7
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Іс-шараға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, елімізге белгілі ақын-жазушылар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, өнер өкілдері мен ақынның оқырмандары қатысты.  Кеш барысында Серік Томановтың «Құс қанат – менің ғұмырым» атты жыр жинағының тұсауы кесілді.

Кеш шымылдығы А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық академиялық қазақ драма театры әртістерінің ақын шығармалары негізінде әзірленген поэзиялық композициясымен ашылды.  Аймақ басшысы Серік Томановтың қазақ поэзиясында өзіндік қолтаңбасын қалыптастырған, қара өлеңнің қадірін білген, әдебиетке адал қызмет еткен талантты ақын екенін атап өтті.

Серік Томанов – Таластан шығып, Алаштың ақынына айналды. Оның жырлары ғана емес, сөзіне жазылған әндері де ел жүрегінен орын алды. «Сезімді қайтем тулаған», «Аузынан Айдың түскен қыз», «Құс қанат – менің ғұмырым» сияқты өлеңдері әнге айналып, халықпен бірге жасап келеді. Халқымызда «Жақсының аты өлмейді» деген аталы сөз бар. Бүгін біз осы сөздің мәнін тағы бір мәрте сезініп отырмыз. Серік Томановтың есімі де, жырлары да сіздердей жанашырлары мен оқырмандары барда ешқашан ұмытылмайды, – деді аймақ басшысы.

Облыс әкімі ақынның жары Бибігүл Оразбаеваға құрмет көрсетіп, естелік сыйлық табыстады. Сондай-ақ кеште Серік Томанов атындағы республикалық жазба ақындар мүшәйрасының жеңімпаздарын марапаттады. Мүшәйра нәтижесі бойынша I орынға жамбылдық ақын Табиғат Абаилдаев лайық деп танылды. II орынға алматылық Нұртас Тұрғанбек ие болды. III орын Астана қаласының ақыны Олжас Сәндібекке табыс етілді. Ал арнайы жүлдеге жамбылдық ақын Арайлы Жақсылық ие болды. 100 мың теңге көлеміндегі арнайы жүлде Серік Томановтың отбасы атынан тағайындалған.


Кеш барысында Бибігүл Оразбаева мен ақынның замандастары Серік Томановтың өмір жолы мен шығармашылығы туралы естеліктерімен бөлісіп, ақынның рухани мұрасы жайында сыр шертті.


Салтанатты шарада ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Мейрамбек Бесбаев, Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының өнерпаздары Серік Томановтың сөзіне жазылған әндерді орындады. Әуезді әндер мен ақын жырлары көрерменге ерекше әсер сыйлап, кештің мазмұнын аша түсті.

 

Тегтер: еске алу кешіЖамбыл облысыСерік Томанов
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Жамбыл облысында Ұлы Жеңіске арналған 244 ескерткішке мониторинг жүргізілді

Жамбыл облысында Ұлы Жеңіске арналған 244 ескерткішке мониторинг жүргізілді

12.10.2026, 11:56
Жамбыл облысында кітапхана жұмысына жасанды интеллект енгізілуде

Жамбыл облысында кітапхана жұмысына жасанды интеллект енгізілуде

11.10.2026, 00:11
Жамбыл облысында соңғы 7 жылда 45 мәдени нысан салынды

Жамбыл облысында соңғы 7 жылда 45 мәдени нысан салынды

10.10.2026, 23:50
Тоқпанов театрының құрамы 12 жас актермен толықты

Тоқпанов театрының құрамы 12 жас актермен толықты

09.10.2026, 12:29
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Берекелі отбасы – берік қоғам» іс-шарасы өтті

15.10.2026, 19:45

Шу ауданындағы жасыл энергетика: Өңірдің қуат көздері жаңа сатыға көтерілуде

14.10.2026, 23:51

Таразда тазалық талаптары қатаң бақылауда

14.10.2026, 23:41

Navai лақап атымен белгілі шетелдік азамат Жамбыл облысының аумағында ұсталды

14.10.2026, 20:37

Астанада Astana Media Week медиа апталығы басталды

14.10.2026, 14:13

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ой шебері» зияткерлік ойынында оқылуға міндеттелген 5 кітап

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Кінәмді мойындамаймын»: Тараздың бұрынғы бас сәулетшілері сотта соңғы уәждерін айтты

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжіне жаңа директор тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.