• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:36
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Тараз қаласындағы каналдардың жағалауына демалыс аймақтары салынады

turan_admin turan_admin
13.02.2021, 17:36
Жаңалықтар
Тараз қаласындағы каналдардың жағалауына демалыс аймақтары салынады
510
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

 

 

Көктем жақындап қалды. Демек, облыс орталығының ирригациялық жүйелері дайын болуы тиіс. Осыған орай, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жаңа маусымға дайындық мәселелері бойынша кеңес өткізіп, онда бірқатар жайттар сараланды.

— Өткен жылы облыс орталығының ирригация мәселелерімен айналысатын арнайы жұмыс тобы құрылған болатын. Мен бұл жүйелерді дамыту жөнінде бірқатар тапсырмалар жүктегенмін. Екі аптадан кейін көктем келеді, ауа-райы ерте жылынады деп күтілуде. Сондықтан Тараз қаласының каналдары мен арықтары да мүмкіндігінше ерте бастан дайын болуы тиіс, — деді аймақ басшысы.

Тараз қаласының ирригациялық жүйелерін дамытудағы шаралар туралы облыс әкімінің орынбасары Берік Нығмашев баяндады. Оның айтуынша, облыс орталығында ұзындығы 82,5 шақырым болатын сегіз канал бар. Ал ирригациялық арықтардың жалпы ұзындығы 164 шақырымды құрайды. Оның ішінде 122,3 шақырымы лотоксыз арықтар десек, олардың 63,6 шақырымы жөндеуді қажет етеді. Сондай-ақ, лотокпен қамтылған 41,7 шақырым арықтардың 20,4 шақырымы да жөндеуге жатады. Ағымдағы жылы 50 шақырым лоток желісін орнату және жөндеу жоспарлануда, ал 2022 жылы 30 шақырым лоток желісі ауыстырылатын болады.

— Өткен жылы қалалық ирригациялық жүйелерді тазалауға жергілікті бюджеттен 150 миллион теңге бөлінген. Жұмыстармен «Тараз-Ирригация» ЖШС айналысқан болатын. Биыл бұл мақсатқа 90 миллион теңге қажет. Қаражаттың негізгі бөлігі, яғни 80 миллион теңге «Үшбұлақ» каналын механикалық тазалауға жұмсалады, — деді Б.Нығмашев.

Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары барлық лотоктарға тарату шлюздерін орнату қажеттігін атап өтті. Сметаға сәйкес бұл жұмыстардың құны 93 миллион теңгені құрайды.

Б.Нығмашев Тараздағы жасыл желектер туралы да тоқталды. Қала көшелерінде өсіп тұрған ағаштардың жалпы саны 21 545-ті құрайды, оның 73 пайызы қарағаштар. Ағымдағы жылы тағы 7 мың көшет отырғызылмақ. Сонымен қатар, бүгінгі таңда қаланың 28 көшесі ғана ирригациялық жүйелермен жабдықталған, ал негізгі 15 көше қамтусыз қалған. Қазіргі кезде  «Астана», «Арай», «Арай-2», «Бәйтерек» және 9,10,11 шағын аудандарына су жетпейді.

Каналдардың үстіндегі заңсыз құрылыстар өзекті мәселеге айналып отыр. Оларды каналдар өтетін аумақтардың иелері саналатын кәсіпкерлер салған.

— Мұндай жерлер қоқыс жиналу көзіне айналуда. Өткен жылы олардың иелеріне заңсыз нысандарды бөлу қажеттілігі туралы 360 хабарлама жіберілді. Егер алдағы үш айда бұл талап орындалмаса, мәселе сот арқылы шешілетін болады, — деді Б.Нығмашев.

Каналдардың өзін абаттандыру жоспарлануда. Олардың бойында демалыс аймақтары салынатын болады. Сәулет және қала құрылысы басқармасымен бірге болашақ нысандардың эскиздері дайындалыпты. Мәселен, Қарасу-2 каналында салынатын демалыс аймағының ауданы 16,5 мың шаршы шақырымды құрайды, ал Үшбұлақ каналындағы 29,5 мың шаршы шақырым жер абаттандырылатын болады.

Жиынды қорытындылай келе, облыс әкімі көктемге дайындық үшін өте аз уақыт қалғанын тағы да атап өтті. Өңір басшысы жұмыс тобына айдың соңына дейін каналдар мен арықтардың жай-күйі туралы есеп беруді тапсырды.

— Жаңа маусымға қанша шақырым ирригациялық жүйе дайын екенін, қаншасы жөндеуді қажет ететінін есептеңіздер. Су келген кезде өткен жылы жөнделген арықтардың жұмысын тексеру керек. Сондай-ақ, қыс мезгілінен кейін барлық арналарды тазалап, сенбіліктер өткізу қажет. Бұл бағытта әсіресе жастармен жұмыс істеу маңызды, — деді Б.Сапарбаев.

Сондай-ақ, облыс әкімі жеке кәсіпорындарға бақылауды күшейтуді тапсырды. Олардың кесірінен қаланың ирригациялық жүйелерінің жұмысында кедергі туындап отыр.

— Бұл жұмыстарға Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев белсенді қатысуы тиіс. Егер жөнделген лотоктарда ақаулар байқалса, онда жөндеуді жүзеге асырған мердігерлерді жауапқа тарту қажет, — деп толықтырды өңір басшысы.

Жұмыс тобы мүшелерінің қатысуымен облыс орталығының ирригациялық жүйелері мәселелері бойынша келесі отырыс наурыз айының басында өтетін болды.

 

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Тоқаев ШЫҰ туралы: Ең бастысы – «Шанхай рухын» сақтап қалдық

Тоқаев ШЫҰ туралы: Ең бастысы – «Шанхай рухын» сақтап қалдық

02.09.2026, 13:00
Тек ресми мәліметтерге сеніңіз: JAQ.OrtCom фейктердің таралуы туралы ескертеді.

Тек ресми мәліметтерге сеніңіз: JAQ.OrtCom фейктердің таралуы туралы ескертеді.

19.08.2026, 15:16
«Сізге банктен қоңырау шалып жатыр»: телефон алаяқтарын қалай тануға болады

«Сізге банктен қоңырау шалып жатыр»: телефон алаяқтарын қалай тануға болады

18.08.2026, 11:41
Қазақстан прокурорлары әлемдік ЖИ сарапшысы Кай-Фу Лиге өздері жасаған сандық жобаларды ұсынды

Қазақстан прокурорлары әлемдік ЖИ сарапшысы Кай-Фу Лиге өздері жасаған сандық жобаларды ұсынды

05.08.2026, 16:32

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.