Автокөліктің жануының негізгі себептері электр сымдарының қысқа
тұйықталуы, отын беру жүйесінің ақауларынан болып табылады. Бұл тізімді соңғы уақытта автокөлікте немесе оған жақын жерде темекі шегу және автомокөлікті жылыту кезінде ашық отты (алау, дәнекерлеу шамдары) пайдалану секілді әректтер толтырып отыр.
Мысалға 2020 жылдың 16 қарашасында Тараз қаласы, Суханбаев
көшесінде жеңіл автокөлік өртенген. Оқиға орнында өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 2 өрт сөндіру автокөлігі және 8 өрт сөндіруші жұмыс атқарды.
Өрт сөндірушілер өртті 4 минут ішінде өртті сөндірді.
Сондай-ақ 17 қарашада сағат 06.20-да Тараз қалаы, Западная
көшесіндежеңіл автокөлік өртенді. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен соң автокөліктегі өртті 6 минутта ауыздықтаған. Шақырту орнында Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің 2 өрт сөндіру автокөлігі мен 9 өрт сөндіруші жұмыс атқарған. Жоғарыда аталған өрт оқиғаларынан зардап шеккендер жоқ. Өрт салдарынан екі жеңіл автокөлік те жойылды. Қазіргі уақытта азаматтық қорғау қызметкерлерімен өрттің шығу себебі анықталуда.
Осыған байланысты автокөлік иелеріне төмендегі нұсқаулықтарды
ұсынамыз:
Құрметті автокөлік иелері! Автокөліктегі өрттердің пайда болуын
болдырмау үшін мына нәрселерді есте сақтауларыңызды сұпаймыз:
— гаражда машинаға жанармай құю қауіпті, сонымен қатар электрмен
дәнекерлеу, бояу жұмыстарын жүргізу, бөлшектерді бензинмен және
басқа еріткіштермен жуу да аса қауіпті;
— гаражда бактан ағып жатқан отыны бар және электр жабдығы жүйесі
ақаулы автокөлікті қалдыруға болмайды;
— суық мезгілде қозғалтқышты ашық отпен жылытуға болмайды;
аккумуляторлық батареяларды тікелей көлік құралында қайта зарядтауға
болмайды.
Өрт сөндіргіш, тығыз матаның бір бөлігі, күрек және кабельдің әр
машинадан табылуы сізге төтенше жағдайда өз көлігіңізді ғана сақтап қоймай, сонымен қатарөзге автокөлік жүргізушілеріне де көмегіңіз тиюін
ұмытпағаныңыз жөн.
Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Жұртшылықпен байланыс тобы






