• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 01:44
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

ТАРАЗҒА ӨЗБЕКСТАН КОНСУЛЫ КЕЛДІ

turan_admin turan_admin
30.04.2021, 00:08
Облыс жаңалықтары
ТАРАЗҒА ӨЗБЕКСТАН КОНСУЛЫ КЕЛДІ
125
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Өзбекстан Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Аброр Фатхуллаевты қабылдады. Тараптар сауда-экономикалық, көші-қон және туризм саласындағы өзара ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.

— Өзіңізбен кездескеніме қуаныштымын, себебі қазақтар мен өзбектер – ежелден мәдени және сауда байланысы қалыптасқан бауырлас халықтар. Біз ортақ дүниелеріміз көп көршілес елдерміз. Тәуелсіздік жылдары екі ел арасында түрлі салаларда өзара табысты ынтымақтастық орнап келеді десек, оған Мемлекет басшылары арасындағы достық қарым-қатынастары оң әсерін тигізуде. Өздеріңіз білетіндей, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттер арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайту жолында көп жұмыс жасады. Сол игі дәстүрлерді жалғап, одан әрі нығайта түсу керекпіз. Жамбыл облысы –көпұлтты өңір, 80-ге жуық этнос өкілдері тұрады. Олардың қатарында 30 мыңға жуық адамды құрайтын үлкен өзбек диаспорасы да бар, — деді Бердібек Сапарбаев қонаққа жылы шырай танытып.

Сондай-ақ, өңір басшысы жергілікті билік тарапынан әрбір этностың ана тілін, ұлттық салт-дәстүрлерін сақтауына және дамытуына мүмкіндігінше жағдай жасалып жатқанын атап өтті. Жамбыл облысы Өзбекстанның Жизақ облысымен өзара қарым-қатынас орнатқан.

Өзбекстан консулы ыстық ықыласы үшін ризашылығын білдіріп, өңірімізге келудегі мақсатын жеткізді.

— Біз бауырлас елдердің басшылары арасында қалыптасқан жылы қарым-қатынасты бағалаймыз. Бұл достық пен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға, сауда байланыстарын дамытуға, инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға жол ашады. Біздің ойымызша, ауыл шаруашылығы, өнімдерді қайта өңдеу – перспективалы бағытқа жатады. Өнеркәсіпте, соның ішінде тоқыма саласында өзара байланыс орнату мүмкіндігін қарастыруға болады. Қазақстанның Жамбыл облысы мен Өзбекстанның Жизақ облысы өңірлік ынтымақтастықтағы серіктес аймақтар болып табылады. Біз бұл серіктестікті бірлесе отырып кеңейтуге, сапалы әрі мазмұнды жұмыстармен толықтыруға бейілміз, — деп атап өтті ол.

Кездесуде еңбек көші-қон мәселелері де қозғалды. Ресми мәліметтерге сәйкес, қазіргі таңда облысымызда Өзбекстаннан келген 1600-ге жуық адам жұмыс істеуде.

— Білуімізше, сіздердің облыстарыңызда жұмыс күшіне деген қажеттілік байқалады. Өзбекстаннан келген жұмышылар тобы Тараздағы «Шахристан» мәдени-тарихи кешенінің құрылысына атсалысты. Біз адамдарымыздың заңды түрде, келісімшарт негізінде жұмыс істегенін қалаймыз, — деп консул өз тілегін білдірді.

Сондай-ақ, ол Таразда тарихи тартымды нысандардың бар екенін тілге тиек етіп, болашақта екі ел арасындағы туризм саласындағы қатынастарды жандандыруға болатынын атап өтті.

Облыс әкімі де өз кезегінде көрші елмен ынтымақтастыққа дайын екенін баса айтты.

— Еңбек көші-қоны бойынша мәселелер жоқ. Біз сіздердің құрылысшыларыңыздың қалай жұмыс істейтінін білеміз. Еңбек етулеріне қарсы емеспіз. Туризмді де дамыту керек. Жақын арада Ташкенттен Түркістанға жүрдек пойыз қатынайтын болады. Мен бұл пойыздың бағытын Таразға дейін ұзартуды ұсынамын, — деді Бердібек Сапарбаев.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kz
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.