30 қазанда, Тараз қаласы күніне орай «Руханият» орталығында облыс орталығының белсенді азаматтарын марапаттау рәсімі өтті. Марапаттау рәсіміне Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің Тараз қаласы №1 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы, азаматтық қорғау сержанты Шухрат Мұртаев та қатысты. Шухрат «Төтенше жағдайлар саласындағы үздік» номинациясында ұсынылды. Тараз қаласының әкімі Айтқазы Дәулетқұлұлы Қарабалаев атап өткендей, қала жастары түрлі қызмет салаларында қаланың дамуына зор үлес қосуда. Осылайша, жиналғандарды Алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапаттап, қала күнімен жиналған қауымды құттықтап, барлығына табыс және үлкен биіктерге жетуді тіледі.
Шухрат Муртаев өзінің жасына қарамастан, ең үлгілі қызметкердің
бірі, өз ісінің нағыз маманы екенін атап өткен жөн. 2015 жылдан бастап
азаматтық қорғау органдары қызметкерлері қатарындағы өрт сөндіруші. Осы жылдар ішінде ол бірнеше рет өзінің батылдығын көрсетті, адам өмірі мен азаматтардың мүлкін құтқарды. Мысалы, 2019 жылы Тараз қаласы Әйтиев көшесіндегі тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінде өрт сөндіру барысында Шухрат қатты түтіндеуді байқап, жарамсыз ортада дем алуға мүмкіндік беретін масканы шешіп алып, оны осы үйдің пәтерлерінің бірінде тұрған әйелге берді. Содан кейін ол оған таза ауаға шығуға көмектесті. Бірнеше рет ол балаларды құтқаруға мәжбүр болды. Бірақ өрт сөндірушінің өзі айтқандай, ол мұны ерлік немесе батылдық деп санамайды, тек өзінің сүйікті жұмысын орындайды.
Сонымен қатар, ол көптеген резонанстық төтенше жағдайларды жоюға
қатысады. Олардың ішінде: 2016 жылдыңсәір айында Солтүстік Қазақстан облысының аумағында су басу, 2016 жылғы қыркүйектегі Қаратау қаласындағы үйдің шатырындағы өрт, 2017 жылғы қаңтардағы «Мыңбұлақ» сауда орталығының өрті, 2019 жылғы ақпандағы «Мыңбұлақ» шағын ауданындағы тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінде жарылыс, 2019 жылғы желтоқсанда «Эврика» дүкенінің өрті. Сондай-ақ 2020 жылдың мамыр айында Түркістан облысы аумағындағы төтенше жағдайдың салдарын жоюға қатысты. Нәтижесінде ҚР ІІМ ТЖК төрағасы В. Беккердің алғыс хатымен марапатталды. Бұл Шухрат Муртаев өзін өз ісінің нағыз маманы ретінде көрсеткен жағдайлардың аз ғана бөлігі. Өйткені, кезекшілікке түсе отырып, ол өз ісіне толықтай беріліп, азаматтарды құтқару үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысады. Айта кету керек, жұмыстан тыс уақытын ол сүйікті өрт ісіне арнайды. Шухрат бірнеше жыл бұрын «Instagram» әлеуметтік желісінде парақшасын ашып, қала тұрғындарына оқиға орнынан бейнероликтерді көрсетіп, оларды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырып, сонымен қатар өрт ісін халық арасында насихаттауға ықпал етеді.






