• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
10.09.2026, 11:29
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Тұрар Рысқұлов ауданында жаңа үйлер беріліп, 2 млрд теңгеге тарихи Түрксіб вокзалы жаңғыртылды

Тұрар Рысқұлов ауданында баспана беріліп, тарихи Түрксіб вокзалы жаңғыртылды

turan_admin turan_admin
08.09.2026, 09:31
Облыс жаңалықтары
Тұрар Рысқұлов ауданында жаңа үйлер беріліп, 2 млрд теңгеге тарихи Түрксіб вокзалы жаңғыртылды
38
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданында тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға және көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылуда. Ұзақ жылдар бойы тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға баспана кілттері табысталып, Луговой ауылындағы тарихи Түрксіб теміржол вокзалы күрделі жөндеуден кейін қайта ашылды.

Ауданда соңғы жылдары 406 тұрғын үй салынып, пайдалануға берілген. Олардың қатарында Арай алқабындағы 80 пәтерлі екі тұрғын үй, Луговой ауылындағы 20 қызметтік пәтер, 210 жеке тұрғын үй және «Асарлатып үй салу» жобасы аясында салынған 15 баспана бар.

Тұрғын үй мәселесін шешу мақсатында аудан әкімдігі «Отбасы банк» АҚ-мен бірлескен жұмысты жалғастыруда. Биыл осы бағытта 145 отбасын баспанамен қамту жоспарланған. Жыл басынан бері ауданда 80 отбасы жаңа баспанаға ие болды.

Ғасырлық тарихы бар Түрксіб вокзалы жаңарды

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Луговой ауылындағы қайта жаңғыртылған тарихи Түрксіб теміржол вокзалының ашылу рәсіміне қатысты.

Жөндеу жұмыстары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың теміржол вокзалдары мен олардың инфрақұрылымын жаңарту және абаттандыру жөніндегі тапсырмасы аясында жүргізілді.

Жобаның жалпы құны – 2 млрд теңге. Бұдан бөлек, вокзал маңындағы аумақты абаттандыруға 221 млн теңге бағытталған.

Жоба аясында вокзал ғимараты күрделі жөндеуден өткізіліп, инженерлік желілері жаңартылды. Ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізіліп, күту залдары мен жолаушыларға қызмет көрсету аймақтары жаңа жабдықтармен қамтамасыз етілді. Ерекше қажеттілігі бар азаматтар мен балалы жолаушылар үшін де тиісті жағдай жасалып, кедергісіз орта қалыптастырылды.

Түрксіб станциясының тарихы Қазақстан теміржолының қалыптасу кезеңімен тікелей байланысты. 1927 жылы Луговой станциясында Түркістан–Сібір теміржол магистралінің алғашқы рельстері төселіп, көрнекті мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұловтың қатысуымен «ғасыр құрылысының» басталғаны жарияланған. 2027 жылы Түрксіб құрылысының басталғанына 100 жыл толады.

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев ғасырлық мерейтой қарсаңында тарихи вокзалдың жаңғыртылуының символдық мәні зор екенін атап өтті. Оның айтуынша, Түрксіб Қазақстанды Сібір және Орталық Азиямен байланыстырып, елдегі өндіріс пен сауданың дамуына, жаңа елді мекендердің қалыптасуына ықпал еткен маңызды магистраль.

Бүгінде Түрксіб станциясы арқылы 20-дан астам қалааралық және халықаралық жолаушылар пойызықатынайды. Олар Алматы, Астана, Тараз, Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Семей, Павлодар, Петропавл, Көкшетау, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау бағыттарын қамтиды. Сондай-ақ Алматы–Саратов, Бішкек–Мәскеу және Шу–Бішкек халықаралық бағыттарындағы пойыздар да осы станция арқылы өтеді.

Теміржол саласында 50 жыл еңбек еткен ардагер Әлібек Биназаров жаңартылған вокзалдың аудан келбетіне көрік қосып қана қоймай, тұрғындар мен жолаушылар үшін қолайлы жағдай қалыптастыратынын атап өтті.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Жамбыл облысында теміржол вокзалдарын жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта Боранды, Түрксіб, Тараз, Шу және Отар станцияларындағы нысандар жаңартылуда. Жобалардың жалпы құны – 14,1 млрд теңге.

Тегтер: Ернар ЕсіркеповТұрар Рысқұлов ауданы
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

№17 Жамбыл колледжінің басшысы ауысты

№17 Жамбыл колледжінің басшысы ауысты

09.09.2026, 21:36
«Білім-инновация» лицейлеріне жаңа директорлар тағайындалды

«Білім-инновация» лицейлеріне жаңа директорлар тағайындалды

09.09.2026, 20:32
Жамбыл облысында грант иегерлеріне менторлық қолдау көрсетілуде

Жамбыл облысында грант иегерлеріне менторлық қолдау көрсетілуде

08.09.2026, 12:05
Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Хиджабқа рұқсат берген жекеменшік мектеп лицензиясынан айырылуы мүмкін – министр

10.09.2026, 09:00

№17 Жамбыл колледжінің басшысы ауысты

09.09.2026, 21:36

«Білім-инновация» лицейлеріне жаңа директорлар тағайындалды

09.09.2026, 20:32

Арыста мас күйде жүкті әйел мен 2 баласын қағып өлтірген мұғалімге қатысты үкім шықты

09.09.2026, 18:00

«Ясауи кесенесінің күмбезін шұғыл қорғау қажет: Реставрацияға қанша қаржы бөлінді?

09.09.2026, 15:59

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.