• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Т.Қамбатыров: Шетелдік көздерден ақша және мүлік алғаны жөнінде келісім жасалғаннан кейін 10 күн ішінде бекітілген формада хабарлама жібереді

26.05.2017
0
Т.Қамбатыров: Шетелдік көздерден ақша және мүлік алғаны жөнінде келісім жасалғаннан кейін 10 күн ішінде бекітілген формада хабарлама жібереді
297
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Т.Қамбатыров: Шетелдік көздерден ақша және мүлік алғаны жөнінде келісім жасалғаннан кейін 10 күн ішінде бекітілген формада хабарлама жібереді

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті брифинг өткізді. Брифингке Профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасының басшысы Пак Олег Моисеевич, Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл басқармасы басшысының міндетін атқарушы Шманов Төлеби Советбекұлы және Мемлекеттік қызмет көрсетулер басқармасының басшысы Қамбатыров Талғат Сағадатұлы қатысып Қазақстанда шетелдік қаржыландыру мониторингі туралы ақпарат берді.
Талғат Сағадатұлының айтуынша, шетелдік көздерден ақша және мүлік алғаны жөнінде келісім жасалғаннан кейін, 10 күн ішінде азаматтар мен заңды тұлғалар кірістер органдарына бекітілген формада хабарлама жібереді. Есептік тоқсаннан кейінгі айдың 15-іне дейін салық органына алынған ақша мен оның жұмсалғаны туралы есеп жіберіледі.
Есептілікті қағаз жүзінде, сонымен қатар үйден шықпай-ақ электронды түрде ұсынуға болады.
Жаңалықтар шетелдік көздерден ақша немесе мүлік алушыларға қатысты, бұл өзгерістер бизнес жүргізіп және есептілік тапсырып отырғандарға қатысты емес, бұрын реттелмеген үш атқаратын қызмет түрлері бойынша жүзеге асырылады. Олар: заң бойынша көмек көрсету, қоғамдық пікірді зерттеу (коммерциялық мақсатта жүргізілгеннен басқасы), ақпаратты жинау, талдау және тарату.
Көрсетілген Заң шеңберінде 0.17.00, 0.18.00 нысандар бойынша салық есептіліктерін тапсыру Салық кодексінің 14 бабының 1-1 және 1-2 тармақтарымен қарастырылған.
Салық кодексінің 14 бабының 1-1 тармғына сәйкес 0.17.00 және 0.18.00 нысандарын тапсырудан келесілеге қолданылмайды:
1) мемлекеттік мекемелер;
2) лауазымдық міндеттерін атқару кезінде жауапты мемлекеттік лауазымдарды атқаратын адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға, Қазақстан Республикасының Парламенті және мәслихаттар депутаттарына (өз қызметін босатылмаған негізде жүзеге асыратын мәслихаттар депутаттарын қоспағанда), әскери қызметшілерге, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері;
3) екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, сақтандыру ұйымдары;
4) тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, мониторингке жататын ірі салық төлеушілер;
5) мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарына, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдары мен халықаралық мектептер;
6) адвокаттық, нотариаттық қызметті, жеке сот орындаушыларының, медиаторлардың, төрешілердің, бағалаушылардың, аудиторлардың қызметін жүзеге асыруға байланысты алынған ақшаға және (немесе) өзге де мүлік;
7) квазимемлекеттік сектор субъектілері;
8) Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдіктеріне, шет мемлекеттің консулдық мекемелеріне, сондай-ақ олардың қызметкерлері;
9) спорттың ұлттық, техникалық және қолданбалы түрлерін дамытуға, дене шынықтыру мен спортты қолдауға және ынталандыруға бағытталған, сондай-ақ спорттық іс-шараларды, оның ішінде халықаралық спорттық жарыстарды, спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған ақшаға және (немесе) өзге де мүлік;
10) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде алынатын ақшаға және (немесе) өзге де мүлік;
11) емделудің ақысын төлеу немесе сауықтыру, профилактикалық рәсімдерден өту мақсатында алынатын ақшаға және (немесе) өзге де мүлік;
12) сыртқы сауда келісімшарттары бойынша пайда түрінде алынатын ақшаға және (немесе) өзге де мүлік;
13) халықаралық тасымалдарды ұйымдастырғаны және жүзеге асырғаны үшін, халықаралық пошта байланысы қызметтерін көрсеткені үшін алынатын ақшаға және (немесе) өзге де мүлік;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған инвестициялық келісімшарттар шеңберінде алынатын ақшаға және (немесе) өзге де мүлік;
15) төлем көзінен жеке табыс салығын ұстап қалғанын растайтын құжаттар болған кезде, төлем көзінен бұрын осындай салық салынған дивиденттердің, сыйақылардың, ұтыстардың сомалары;
16) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген өзге де жағдайларға қолданылмайды.
Салық есептіліктерін тапсырмаған немесе жалған ақпарат, қаржы алғандығы туралы хабарлау жөнінде талаптарды қасақана ескермеген жағдайда, Қазақстан республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 460-1 және 460-2 бабына сәйкес заң шеңберінде жауапкершілік қарастырылған, — деп сөзін қорытындылады Талғат Қамбатыров.

Тегтер: дгдналог
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Саясат Нұрбек эксклюзивті сұхбат берді

Саясат Нұрбек эксклюзивті сұхбат берді

06.06.2025
ӘМСҚ Басқарма төрағасының орынбасары қамауға алынды

ӘМСҚ Басқарма төрағасының орынбасары қамауға алынды

05.06.2025
Шерзат ісі: сот үкімі шықты

Шерзат ісі: сот үкімі шықты

05.06.2025
Жамбылда натрий цианиді зауытының ІІ кезеңі салынып жатыр

Жамбылда натрий цианиді зауытының ІІ кезеңі салынып жатыр

05.06.2025
Өңірде оқушылардың психологиялық қауіпсіздігін қамту үшін жаңа технология қолданылады

Өңірде оқушылардың психологиялық қауіпсіздігін қамту үшін жаңа технология қолданылады

05.06.2025
Олжас Бектенов ТМД үкіметтері басшылары кеңесі отырысына қатысты

Олжас Бектенов ТМД үкіметтері басшылары кеңесі отырысына қатысты

05.06.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылық құрамымен жиын өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылық құрамымен жиын өткізді

05.06.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский