• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 05:32
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Сын айтылды, нәтижесі уақыт еншісінде

turan_admin turan_admin
08.07.2018, 11:09
Облыс жаңалықтары
950
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Өткен аптада Т.Рысқұлов аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Өзекті мәселелер талқыға түскен жиынға аудан басшысы, қоғамдық кеңестің төралқа мүшесі А.Қырықбаев, прокурор А.Дастан, қоғамдық кеңес мүшелелері, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері мен түрлі сала қызметкерлері қатысты. Қоғамдық кеңес жиналысын Ш.Атабаев жүргізіп, төрағалық етіп отырды.
Қоғамдағы түйткілі тереңде жатқан мәселелерді көтере білген қоғамдық кеңес мүшелері ауыз толтырып айтарлықтай жұмыстар атқаруда. Әрбір бас қосуда халықты толғандыратын күрмеуі қиын сұрақтарды бүге-шүгесіне дейін қарайтын кеңес мүшелері өткен аптада өткізілген жиын барысында да бірнеше мәселелерді ортаға салды. Ең алдымен, солардың ішіндегі ең маңыздысы, әрі өзектісі ретінде ауылдық округ әкімдіктеріндегі жергілікті учаскелік полиция инспекторларының әдеп нормасын сақтауы және мал ұрлығының алдын алуда тиісті мекемелермен бірлесе атқарып жатқан жұмыстары туралы сөз қозғалды. Жергілікті полиция қызметінің басшысы Қ.Асанбаевтың есебін тыңдаған кеңес мүшелері баяндамашыға бірнеше сұрақтар қойып, өз ой-пікірлерін жеткізді.
– Ауылдық жердегі учаскелік инспекторлардың жұмысын тексеру арқылы ондағы олқылықтардың көп екендігіне көзіміз жетті. Солардың қатарында учаскелік инспекторлардың елмен біте қайнасып жұмыс істемеуі салдарынан бұзақылыққа жол берілуі, ұрлық-қарлықтың орын алуы секілді көптеген кемшіліктерді анықтадық, -дейді қоғамдық кеңес мүшелері. Ауылдық жердегі қылмыстардың орын алуы инспектордың елмен бірге тұрмауы салдарынан екендігі де тілге тиек етілді. Алайда, мінбеге шыққан учаскелік инспекторлар күнделікті жұмыс барысын көпшілікке түсіндіріп бергеннен соң, олардың жұмыстарына «қанағаттанарлық» деген баға берілді.
Кеңес отырысында басқа да өзекті тақырыптар қозғалып, іске асырылған жұмыстар да талқыға түсті. Атап айтқанда, аудан әкімдігінің тұрғын үй, коммуналдық-шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мақсат Дауытбеков атқарған жұмыстары жөнінде баяндама жасады. Оған қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан бірнеше сын-ескертпелер айтылды. Атап айтқанда жол бойындағы аялдамалардың орындықтары жоқтығы, тіпті аялдама белгісінің жоқ екендігі де назардан тыс қалмады. Ал, Луговой ауылдық округінің әкімі Мұратбек Сванов Луговой ауылындағы жол бойында көлік жүргізушілеріне арналған белгілердің жоқтығын алдыға тартты. Соның салдарының жол көлік апаты орын алып, адам шығыны болғанын атап өтті. Жиын барысында кеңес мүшелері М.Дауытбековке аталған мәселелерді жедел түрде шешуді тапсырды.
Келесі сөз кезегі аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Мырзаян Тасыбаевқа берілді. Ол қоғамдық кеңестің өткен отырыстарында берілген ұсынымдары туралы баяндай отырып, өзінің мінсіз жұмыс атқарғандығын айтып өтті. Дегенмен, жиналыс барысында бөлім басшысының жұмысына қатысты сұрақтар аз болған жоқ. Нәтижесінде бөлім басшысы кеңес мүшелерінің сынына ілікті.
Жиын соңында қоғамдық кеңес мүшелері қаралған мәселелер бойынша нақты ұсынымдарды әзірлеп, ұсынылған жұмыстардың алдағы уақытта нәтижелі атқарылатындығына сенім білдірді.
Қоғамдық кеңес жиналысынан

Тегтер: жиналысҚоғамдық кеңесТ.Рысқұловшешім
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.