• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:20
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жыл сайын 20 пайызға төмендеуде

turan_admin turan_admin
16.06.2021, 23:42
Облыс жаңалықтары, Саясат
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жыл сайын 20 пайызға төмендеуде
174
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ ұйымдастырған «ҮЕҰ, сарапшылар қауымдастығының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қатысуын кеңейту» тақырыбындағы онлайн-семинарға қатысты.

Семинарды «Жаңару» РҚБ төрағасы, еліміздің қоғам және саяси қайраткері Оралбай Әбдікәрімов жүргізіп отырды.

Өз кезегінде аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев шараның маңыздылығына тоқталды.

— Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – еліміздің стратегиялық даму басымдықтарының бірі екенін баса  айтқан болатын. Бұл тұрғыда бірқатар маңызды міндеттер жүзеге асырылды. «Жамбыл — адалдық алаңы» жобалық кеңсесі сыбайлас жемқорлықпен күресу бойынша күнделікті жүйелі жұмыстар жүргізуде.

Мемлекеттік саясат сыбайлас жемқорлық көріністерінің салдарымен емес, олардың алғышарттарымен қарсы күреске бағытталған.

Халық арасында әлеуметтік сауалнамалар мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдаулар жүргізіледі. Ашық бюджеттердің интерактивті картасынан әрбір адам мемлекеттік органдардың қаражатты қалай игеріп жатқанын көре алады. Мұның бәрі азаматтарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске тарту үшін жасалуда. Олардың санасында сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне деген төзбеушілік қасиетін күшейту маңызды, — деді Бердібек Сапарбаев.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыс бойынша департаментінің басшысы Әділхан Әшірбаев ведомство қоғамдық институттармен ынтымақтастықта жұмыс жүргізіп отырғанын атап өтті. «Nur Otan» партиясы жанындағы қоғамдық кеңестердің отырыстары барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер көтеріліп, бизнес пен инвестицияларды қорғау мақсатында «Protecting Business and Investments» жобасы қолға алынып, «Сатып алудың бірыңғай терезесі» порталы іске қосылған, ол арқылы барлық адамдарға мемлекеттік органдардың сатып алу жоспарларынан хабардар болуға мүмкіндік бар.

Әділхан Әшірбаев облыста сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының саны жыл сайын 20 пайызға төмендеп отырғанын баса айтты.

«Жаңару» РҚБ филиалының басшысы Қасымхан Төлендиев өз сөзінде қоғамда парасаттылық идеологиясын ілгерілетуге бағытталған «Парасат жолы» жобасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Жобаны жүзеге ақаннан бері облыс бойынша 190 іс-шара өткізілген. М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті мен Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің базасындағы 274 кітапханада «Парасат жолы» орталықтары ашылған.

Сондай-ақ, басқосуда мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департамент басшысы Сұлтанхан Шәкір де өз ойын ортаға салды.

 

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.