Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында Шу ауданы әкімі Қайрат Досаевтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Қайрат Әскербекұлы ауданның 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.
2018 жылы жалпы шығарылған өнім көлемі 88 млрд. 167,7 млн. теңгені құрап, 2017 жылмен салыстырғанда 101,2 пайыз болды (2017 жылы 87150,7 млн. 108,2 пайыз).
БЮДЖЕТ ТҮСІМІ: Мемлекеттік бюджетке түсетін салықтар мен міндетті төлемдер түсімінің жоспары 5281,7 млн. теңге, нақты түскені 5739,4 млн. теңге, 457,7 млн. теңгеге артып,108,7 пайыз орындалды. Оның ішінде, жергілікті аудан бюджеті кірістері бойынша жоспар 3 млрд 127,0 млн. теңге, нақты түскені 3 млрд. 381,8 млн. теңге, 108,1 пайызға орындалып, 254,8 млн. теңге артық түсті.
Шығыстар бойынша қаржылардың жылдық жоспары 17 млрд. 847 млн 27,0 мың теңге, орындалуы 17 млрд. 836 млн. 531,8 мың теңге немесе 99,9 пайызға орындалып, 10 млн. 495,2 мың теңге игерілмеді.
ӨНЕРКӘСІП: Ауданның өнеркәсіп саласындағы өнім мен көрсетілген қызмет көлемі 6581,2 млн. теңге, былтырғы жылмен салыстырғанда 129,7 пайызға артық орындалды, физикалық индекс көлемі 106,1 пайыз. Өнім көлемі 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1508,5 млн. теңгеге артты (2017 жылы 5072,7 млн.). Бөлшек сауда тауар айналымы 10559,2 млн. теңгені құрап, нақты индекс көлемі 108,3 пайызды құрады, 2017 жылмен салыстырғанда 1425,5 млн. теңгеге артып отыр (2017жылы 9133,7 млн.). Көтерме сауда айналымының көлемі 6198,6 млн. теңге, нақты индекс көлемі 54,0 пайыз, 2017 жылмен салыстырғанда 5272,8 млн. теңгеге кем орындалды (2017жылы 11471,4 млн.).
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ: Ауыл шаруашылығы саласында 2018 жылы жалпы құны 45886,7 млн. теңгенің өнімі өндірілді, физикалық индекс көлемі 107,1 пайыз, оның ішінде егін шаруашылығы 28719,0 млн. теңге, физикалық индекс көлемі 108,8 пайыз, мал шаруашылығы өнімі 17142,3 млн. теңге, физикалық индекс көлемі 104,4 пайыз (2017 жылы 43932,9 млн.). Өнім көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1953,8 млн. теңгеге артып, 104,4 пайызға орындалды (2017 жылы 43932,9 млн. теңге). Бүгінгі күнде ауданда 38951 ірі қара малы, 319626 бас қой-ешкі, 13985 бас жылқы, 69 бас түйе, 596 бас шошқа және 88545 бас үй құстары бар. Мал шаруашылығы бойынша 38322,9 тонна сүт сауылып (2017 жылы 37281,8), өткен жылмен салыстырғанда 101,3 пайызға орындалды, өндірілген ет 9606,3 тоннаға жетіп, 105,6 пайызға немесе 505,4 тоннаға көбейді (2017жылы 9100,9 тонна). Алынған жұмыртқа 9935,0 мың данаға жетіп, 100,4 пайызға орындалды. Меркі ет комбинатына 42,4 тонна қозы еті, «Тараз ПОШ» ЖШС-на 21 тонна жүн өткізілді. Жыл ішінде 415,4 млн. теңгеге 52 техника алынды, оның ішінде 38,98 млн. теңгеге 8 техника лизингке алынды.
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 36 млрд. 097,5 млн. теңгені құрады (2017 жылы 40053,9 млн.), 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3956,4 млн. теңгеге төмен, физикалық индекс көлемі 89,4 пайыз.
ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ: Жалпы алаңы 25253 шаршы метрді құрайтын 242 көппәтерлі және жекеменшік тұрғын үй қабылданды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 110,8 пайызды құрады (2017 жылы 22779 шаршы метр).
ҚҰРЫЛЫС: Құрылыс жұмыстарының көлемі есепті мерзімде 17848,8 млн. теңгені құрады, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1199,6 млн. теңгеге артты, орындалуы 107,2 пайыз (2017ж- 16649,2 млн.).
АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ: «Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша жалпы 537,1 млн. теңге, оның ішінде нысаналы трансферттен 366,5 млн. теңге бөлініп, 366,5 толық игерілді. Жергілікті бюджеттен 170,6 млн. теңге бөлінді, игерілгені 170564,0 мың теңге. Аудан көлемінде жол жөндеу жұмыстарына 537,1 млн. теңге игерілді.
Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру жұмысына 183673,0 мың теңге бөлініп, 183673 мың теңге игерілді. Көшелерді жарықтандыруға 63,1 млн. теңге бөлініп, қаңтар-желтоқсан айлары аралығында 63,0 млн теңге төленді.
ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚАМСЫЗДАНДЫРУ ШАРАЛАРЫ: Жұмыссыздық деңгейі 1,7 пайызды (808 адам жұмыссыз) құраса, кедейшілік деңгейі 11,2 пайызды құрайды. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы халықтың орта есеппен жан басына шаққанда 22703 теңгені құрады. Кешенді жоспар бойынша 3423 адамды жұмыспен қамту жоспарланған, бүгінгі күнге 3998 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды. Жұмысқа орналасу мәселесі бойынша жүгінген адамдардың саны 3441 адам, оның ішінен жұмысқа орналасқандары 3183 адам, үлесі 92,5 пайызды құрайды.