• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 14:04
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Шу қаласының тұрғындарына пәтер кілттері табысталды

Конституция күні қарсаңында Шу қаласында бірқатар отбасы баспаналы болды.

Turan Redaktor Turan Redaktor
28.08.2024, 17:49
Облыс жаңалықтары
Шу қаласының тұрғындарына пәтер кілттері табысталды
77
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев үйлі болған қоныс той иелерін құттықтап, салтанатты түрде пәтер кілттерін табыстады.

Шу қаласында 1 745 азамат тұрғын үй кезегінде тұр.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес өткен жылы қала тұрғындарын баспанамен қамту мақсатында «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы бойынша 60 баспана табысталған. Төле би ауылында 14 пәтерлі жатақхана пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 100 тұрғын үйдің кілтін тапсыру жоспарланған.

Жаңа көпқабатты тұрғын үй 2 қабаттан тұрады. Мұнда 2-3 бөлмелі 8 пәтер қарастырылған.

Мемлекеттің басым бағыттарының бірі – баспана мәселесін шешу. Халықты тұрғын үймен қамту саясаты Мемлекет басшысының басты назарында. «Баспана – бақыт кілті» демекші мемлекеттік бағдарламалар аясында облыста тұрғын үй салу бағытында ауқымды  жобалар жүзеге асуда. Халықты баспанамен қамту өңірдің экономикалық жағдайын жақсартуға, халықтың тұрмыс мәселесін шешуге септігін тигізері анық, — деген Ербол Қарашөкеев қоныс той иелеріне пәтер кілттерін табыстап, әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тіледі.

Мерекелік жиында ақсақалдар ақ батасын беріп, ақ жаулықты әжелер шашуын шашты.

Бүгін Шу қаласының тұрғыны Гүлзинат Аманжоловаға да баспаналы болу бақыты бұйырды. Ербол Қарашөкеев көпбалалы ананың жаңа шаңырағына құтты болсын айтып, теледидар тарту етті.

Қуанышымызда шек жоқ. Ұл-қызым шат-шадыман күйде жүр. Мемлекет қолдауын сезініп, 3 бөлмелі пәтерге ие болдық. Алғысымыз шексіз, — деді 7 ұл-қыз тәрбиелеп отырған ана.

Айта кетейік, Жамбыл облысында тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамту мақсатында жыл сайын құрылыс көлемі ұлғайып келеді.

2023 жылы 19 тұрғын үй (1 100 пәтерлі) пайдалануға берілсе, ағымдағы жылы 51 көпқабатты тұрғын үйді (2 569 пәтерлі) тапсыру жоспарланған.

Сонымен қатар тұрғын үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтар үшін өткен жылы 864 пәтер сатып алынса, ағымдағы жылы 23,2 млрд.т теңгеге 1 575 пәтер сатып алу көзделуде.

 Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тегтер: баспанаЕрбол ҚарашөкеевЖамбыл облысықоныс тойшу
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.