2026–2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
1. Жолдар мен көлік
2028 жылы Қордай ауылындағы Домалақ ана көшесін және Цемзавод шағын ауданындағы Терешкова көшесін жөндеуге, сондай-ақ жолдарды сапалы күтіп ұстауға ықпал етемін.
2. Электрмен жабдықтау және коммуналдық инфрақұрылым
Ауылдық елді мекендерді электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз етуге, көшелерді жарықтандыру аясын кеңейтуге және коммуналдық инфрақұрылымды жақсартуға күш саламын.
3. Қолжетімді несие және ауыл кәсіпкерлігін дамыту
Жамбыл ауылдық округінде «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жеңілдетілген несие беру мүмкіндігін кеңейтуге ықпал етемін. Жеке қосалқы шаруашылықтарды, отбасылық кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамытуға қолдау көрсетемін.
4. Ауыл шаруашылығын қолдау
Жайылым жерлеріне қолжетімділік, ветеринариялық инфрақұрылымды дамыту және ауыл шаруашылығы қызметтерінің сапасын арттыру мәселелерінде ауыл тұрғындарының мүддесін қорғаймын.
5. Жаңа жұмыс орындары және табысты арттыру
Шағын бизнесті дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және инвестиция тарту арқылы тұрақты жұмыс орындарының ашылуына ықпал етемін. Кәсіптік оқытуға, халықты жұмыспен қамтуға және жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған мемлекеттік шараларды іске асыруға жәрдемдесемін.
6. Қолжетімді әрі сапалы медицина
«Дипломмен ауылға» жобасы аясында мемлекеттік қолдау тетіктерін пайдалана отырып, ауылдық жерлерге медицина қызметкерлерін тарту мәселесін қолдаймын.
7. Заманауи мектептер және балаларға қолайлы жағдай
Қаныш Сәтбаев атындағы №5 орта мектеп үшін STEM кабинетін жабдықтауға ықпал етемін. Цемзавод шағын ауданында стритворкаут алаңы бар балалар ойын алаңын және балаларға арналған жазғы сауықтыру лагерін салу мәселесін көтеремін.
8. Әлеуметтік қорғау және отбасыларды қолдау
Қарт адамдарға, көпбалалы отбасыларға және мүгедектігі бар азаматтарға мемлекеттік әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға күш саламын. Әлеуметтік осал топтардың тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған бастамаларды қолдаймын.
9. Сапалы байланыс пен интернет
Ұялы байланыс пен интернет сапасын жақсартуға, ауылдық мекемелерді цифрландыруға және электрондық мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға ықпал етемін.
10. Таза әрі абаттандырылған ауылдар
«Таза Қазақстан» бастамасы аясында жасыл желек отырғызуға, қалдықтарды жинау және шығару жүйесін жақсартуға, Цемзавод шағын ауданындағы қоғамдық кеңістіктерді абаттандырып, көгалдандыруға күш саламын.
Дайындаған: «ID Corp» ЖШС.
Тапсырыс беруші: С.Сидоренко.
№8 бірмандаттық аудандық сайлау округі бойынша Қордай аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттың сайлауалды үгіт материалы республикалық бюджет қаражаты есебінен төленді.







