Қазақстан футбол федерациясы төрешілер Санжар Ысқақов пен Татьяна Сорокопудованың ұлттық жарыстар аясындағы матчтарға қызмет көрсетуден уақытша шеттетілгенін хабарлады.
Бұл шешім Қазақстан Премьер-лигасының соңғы турында жіберілген бірқатар өрескел әрі маңызды қателіктерге байланысты қабылданған. Аталған қателіктер матч нәтижесіне әсер етті.
Олардың алдағы мәртебесіне қатысты түпкілікті шешім ҚФФ-ның құзыретті органдары тарапынан жан-жақты тексеріс жүргізілгеннен кейін қабылданады.







