• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
18.08.2026, 19:30
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Рухани жаңғырудың кезі келді

turan_admin turan_admin
14.04.2017, 15:28
Облыс жаңалықтары
Рухани жаңғырудың кезі келді
1.4k
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дің мәжіліс залында ҚР Президенті Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың күні кеше жарық көрген бағдарламалық мақаласын талқылауға арналған «Рухани жаңғыру – мемлекеттің тірегі, халықтың жігері» атты облыстық форумы өтті.
Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Мейрамбек Төлепбергеннің төрағалығымен өткен шараға облыс әкімі Кәрім Көкрекбаев пен орынбасарлары, аудан әкімдері, басқарма басшылары, зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, педагог мамандар, үкіметтік емес ұйым өкілдері мен белсенді жастар қатысты. Жиынның алғы сөзін сөйлеген Мейрамбек Мылтықбайұлы Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы халқымыздың рухани даму жолы деген бағаға ие әрі саяси құжат болып табылатындығын атап өтті. Ондағы басты идея болашақ пен өткенді үйлесімді сабақтастыра білуінде жатқандығын тілге тиек етті.
– Қазақстан қоғамының идеологиялық жұмысының өзегі қоғамдық сананы өзгерту. Үлкен мәдениет кодты сақтау баса айтылды. Мәдени код дегеніміз – ол діл, жады және діни болмыс. Сондай-ақ Елбасының мақаласында рухани жаңғыру мәселесі мен көпшілік күткен бет бұрысты байқаймыз. Ата-бабамыздан ғасырлар бойы мирас болып келе жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлету тәуелсіздіктің күн тәртібінде тұр, – деген Мейрамбек Төлепберген форумның мақсаты – рухани жаңғырудың басты бағыт-бағдары туралы ой қосу және ортақ міндеттердің қоғамдық талқылау екендігін жеткізді.
Бұдан кейін хабарлама жасаған аймақ басшысы Кәрім Көкрекбаев Еліміздің бас газетінде жарияланған Елбасының мақаласы – мемлекеттік және ұлттық идеологиямыздың сапалы дамуына тың серпін беріп отырғанын атап өтті. Рухани өрлеу біздің қоғамға аса қажет және біздің дамуымыздың ең басты тұғырларының бірі екенін айтқан ол барлық дүние сана-сезімнен бастау алатынын сөз етті. Ал рухани жаңару – түптеп келгенде, «Мәңгілік ел» идеясының өмірде өшпес отынның бірі, «Мәдени мұра», «Халық – тарих толқынында» бағдарламалары пісіліп-жетіліп, түйсігімізді түбегейлі түлетіп, қазақстандық қадір-қасиетті жойқын болашаққа ұлт ретінде ұлықтап жеткізетін ұстаным екенін жиналғандардың қаперін салды. Елбасының бұл мақаласында аталған бағдарламалар аясында мақсатты жұмыстарды күшейту қажет деп атап өткенін жеткізді.
– «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында облысымызда жүздеген клубтар мен мәдениет үйлері, кітапханалар мен мұражайлар күрделі жөндеуден өткізіліп, халық игілігіне берілді.Ал «Халық – тарих толқынында» бағдарламасы шеңберінде өткен тарихымыздың ұлы жолдары мен Алаш арыстарының елі мен ұлтына сіңірген еңбектері паш еткен кітаптар мен ғылыми еңбектер, деректі және көркем фильмдер түсірілді. Осы жоба аясында елімізде Қазақ хандығының 550 жылдық торқалы тойы ұйымдастырылды. Оның ішінде Елбасының қатысуымен бұл тарихи және ұлттық маңызы зор Қазақ хандығының салатанатты шарасы 2000 жылдан астам тарихы бар Тараз топырағында өтіп, Керей мен Жәнібекке тұлғасы биік ескерткіш киелі Әулиеата жерінен бой көтерді. Нұрсұлтан Әбішұлы Рухани жаңғырудың ең басты шарты – ұлттық кодыңды сақтай білуді баса айтты. Арыдағы тіршілік тегімізді былай қойғанда, Қазақ хандығының 550 жылдығы тарихымызда ұлттық код. Ұлттық санамыздың қанат жайып отыруына оның тікелей ықпалы аз болған жоқ. Алайда оның жаңа дәуірдің сұранымдарына сай келе қоймайтын тұстары да бар. Соларды мүлде ысырып тастап, сананың түрлі полюстерімен үйлесімге лайық жаңа құндылықтармен жарыстыра алу кезегі келіп жетті. Әрине, дүниеде бәрі өзгереді. Ал халықтың атадан балаға қанмен тараған ұлттық салт-дәстүрдің келер күндерде де негізгі діңі сақталып қала береді. Елбасымыз осыны айтты, – деді Кәрім Нәсбекұлы. Елбасы аталған бағдарламалық мақсаласында ел ішінде ұлттық салт-дәстүрлеріміз бен тілімізді, өнеріміз бен әдебиетіміз сынды ұлттық рухтарымыздың бойымызда мәңгі сақталуына ерекше басымдықтар беріп, ағылшын тілін үйренудің маңыздылығын ерекше атап өткенін алға тартты. Сонымен қатар латын әліпбиіне көшу, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдарды жетілдіру, туған елге – Қазақстанға деген патриоттық сезімді қалыптастыру бағытында атқарылатын іс-шараларды мемлекеттің міндеті ретінде ұсыну Елбасының ұлт көсемі екендігін тағы бір мәрте байқатқанын жеткізді.



– Мақаладағы ең үлкен мәселе — қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру. Елбасы 2012 жылғы жариялаған «Қазақстан-2050» Стратегиясында 2025 жыл¬дан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісетінімізді айтқан болатын. Бұл бүкіл қазақ зиялыларының көңілінен шыққан еді. Міне, енді бұл мақаласында сол армандарға жету жолдарын айқын көрсетіп берді. Жалпы, латын әліпбиіне өтуден сескенудің еш қажеттігі жоқ. Бүгінгі жастарымыз ағылшын және неміс тілдерін иегеруде осы латын әріптермен тығыз жұмыс жасап жүр. Және оларға бұл ерекшеліктердің латын әріптерін тез арада игерулеріне толық мүмкіндіктердің бар екенін лингвист ғалымдар да ашық айтып отыр. Әрине бұл үшін өтпелі кезең қажет болады және тиісті қиындықтар туындайды. Бұл мақсатта Елбасы 2017 жылдың аяғына дейін ғалымдардың көмегімен, барша қоғам өкілдерімен ақылдаса отырып, қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдауды, көші¬ру¬дің нақты кестесін жасауды тапсырды, – деді аймақ басшысы. Осылай деген облыс әкімі Кәрім Көкрекбаев қоғамдық сананы жаңғырту – заман талабы және өркениетті елдер қатарына қосылу үшін де маңызды екенін тілге тиек етіп, мақаланың мақсаты – қоғамға рухани серпіліс беріп, оны заман көшіне ілестіру болып отырғанын қадап айтты.
Мұнан соң М.Х.Дулати атындағы ТарМУ ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Махметғали Сарыбеков сөз тізгіндеп, рухани жаңғырудың ғылыми негіздеріне тоқталды. Ол сөзінде, соңғы жылдары елімізде «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында тарихи-мәдени ескерткіштер мен нысандар жан-жақты зерттелгенін және «Халық тарих толқынында» бағдарламасы бойынша әлемнің архивтерінен төл тарихымызға қатысты ақпараттар бір жүйеге келтірілгенін мәлім етті. Сондай-ақ осы жұмыстар бір арнада тоғысып, «Мәңгілік ел гуманитарлық платформа» атты жаңа ғылыми бағдарлама іске асатындығын жеткізді. Бұл бағдарлама жақында ғана қаралып, 2017-2019 жылдарға жоспарланып отыр екен. Ал оның іске асырылуына мемлекеттік бюджеттен 3 мдрд. теңге бөліну де жоспарланыпты. Бағдарлама ҚХА жанындағы ғылыми-сараптамалық топтардың, гуманитарлық бағыттағы ғылыми-зерттеу институттарының, жоғары оқу орындарының жетекші қазақстандық сараптамалық орталықтардың қатысуымен әзірленгенін айтқан университет ректоры оның мақсаттарына кеңінен түсіндірді. Елбасының мақаласында ұсынылып отырған жобалар аталған бағдарламаның ішінен шығып отырғанын жеткізді.
Форумда ТарМПИ ректоры Дария Қожамжарова, жазушы-драматург Елен Әлімжан, ҚР халық артисі Мәкен Рақымжановалар Елбасының мақалада қазіргі Қазақстанның басты рухани құндылықтары көрініс тапқанын тілге тиек етіп, ондағы мақсат міндеттерді бірлесіп орындауға шақырды. Өз кезегін жастардың атынан сөз алған М.Х.Дулати атындағы ТарМУ студенті Сағи Алтынкөп бағдарламалық мақаланы қолдайтындығын білдірді.

Шынболат Сейдуалиев

Тегтер: Жамбыл облысыкәрім нәсбекұлыКөкрекбаевмақалаоблыс әкімірухани жаңғыру
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Таразда балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша семинар өтті

Таразда балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша семинар өтті

15.08.2026, 17:33
Партиялардың ақпараттық жұмыстары: апталық шолу (7–13 тамыз 2026)

Партиялардың ақпараттық жұмыстары: апталық шолу (7–13 тамыз 2026)

14.08.2026, 20:55
68 млн теңге кімге бұйырды? Жамбылда білім саласының үздіктері марапатталды

68 млн теңге кімге бұйырды? Жамбылда білім саласының үздіктері марапатталды

14.08.2026, 13:49
Мырзабосынов мереке қарсаңында спорттық менеджерлерге құрмет көрсетті

Мырзабосынов мереке қарсаңында спорттық менеджерлерге құрмет көрсетті

13.08.2026, 20:20

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Басты дебатқа қатысатын партиялардың реттік нөмірлері анықталды!

18.08.2026, 11:50

«Сізге банктен қоңырау шалып жатыр»: телефон алаяқтарын қалай тануға болады

18.08.2026, 11:41

Сөз – ұлттың визиттік карточкасы

18.08.2026, 11:33

Президенттің АӨК өнімділігін арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындау

18.08.2026, 11:30

Тек ресми мәліметтерге сеніңіз: JAQ.OrtCom фейктердің таралуы туралы ескертеді.

18.08.2026, 11:25

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбылда білім саласында байқау мен конкурстарға жауапты мекеме басшысы тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл прокуратурасында кадрлық ауыс-түйіс орын алды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстандықтардың басым бөлігі Қ.К.Тоқаевқа сенім білдіреді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қаласында «Taraz-Insight 2026» әлеуметтік жобасы іске асырылады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.