2026–2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
1. Жолдар мен көлік
Елді мекендер арасындағы көлік қатынасын жақсартуға, қоғамдық көліктің тұрақты жүруіне және жолдарды сапалы күтіп ұстауға ықпал етемін.
2. Су, электр және коммуналдық инфрақұрылым
2031 жылға дейін Қордай ауданы Қызылсай ауылындағы 14,6 шақырым су құбыры желісінің құрылысын жүргізу мәселесін шешуге, тозған инженерлік желілерді жөндеуге ықпал етемін. Ауылдарды үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз етуге және көшелерді жарықтандыру аясын кеңейтуге басымдық беремін.
3. Қолжетімді несие және ауыл кәсіпкерлігі
Ауқатты ауылдық округінде «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жеңілдетілген несие беру мүмкіндіктерін кеңейтуге жәрдемдесемін. Жеке қосалқы шаруашылықтарды, отбасылық кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамытуға қолдау көрсетемін.
4. Ауыл шаруашылығын қолдау
Жайылым жерлеріне қолжетімділік, ветеринариялық инфрақұрылымды дамыту және ауыл шаруашылығы қызметтерінің сапасын арттыру мәселелерінде тұрғындардың мүддесін қорғаймын. Фермерлер мен жеке қосалқы шаруашылықтар өнімін сатуға арналған жабдықталған алаң құруға ықпал етемін.
2030 жылы Қызылсай су қоймасының құрылысын бастауға, ал 2031 жылға дейін тамшылатып және жаңбырлатып суару секілді су үнемдеу технологияларын кеңейтуге жәрдемдесемін.
5. Жаңа жұмыс орындары және табысты арттыру
Шағын бизнесті, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді және инвестициялық жобаларды қолдау арқылы тұрақты жұмыс орындарын ашуға ықпал етемін. Кәсіптік оқыту, жастар кәсіпкерлігі және жұмыспен қамтуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуын қолдаймын.
2031 жылға дейін «Жасыл ел» еңбек жасақтары арқылы жастарды жұмысқа орналастыру мүмкіндігін кеңейтуге күш саламын.
6. Қолжетімді әрі сапалы медицина
«Дипломмен ауылға» жобасы арқылы медицина мамандарын тарту және ауыл тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мәселесін көтеремін.
7. Заманауи мектептер және балаларға қолайлы орта
2029 жылы Ауқатты ауылында 200 оқушыға арналған жаңа орта мектеп салу, №9 орта мектептің орнына жаңа білім нысанын іске қосу мәселесіне ықпал етемін.
8. Әлеуметтік қорғау және отбасыларды қолдау
Қарт адамдарға, көпбалалы отбасыларға және мүгедектігі бар азаматтарға мемлекеттік әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға күш саламын. Әлеуметтік осал топтардың тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған бастамаларды қолдаймын.
9. Сапалы байланыс пен интернет
Ауқатты ауылдық округінде талшықты-оптикалық байланыс желілерін тартуға, ұялы байланыс пен интернет сапасын арттыруға ықпал етемін. Ауылдық мекемелерді цифрландыруды және электрондық мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін кеңейтуді қолдаймын.
10. Таза әрі абаттандырылған ауылдар
«Таза Қазақстан» бастамасы аясында Ауқатты ауылдық округіндегі абаттандыру, көгалдандыру, қалдықтарды жинау және шығару жүйесін жақсартуға ықпал етемін. Тұрғындарға жайлы қоғамдық кеңістіктер құруға, сондай-ақ полигонның экологиялық және санитариялық талаптарға толық сай болуына қол жеткізуге күш саламын.
Сіздердің пікірлеріңіз — менің бағытымның негізі!
Сенімдеріңізді адал еңбекпен ақтаймын!
Әр шешімім — туған жердің игілігі үшін!
Дайындаған: «ID Corp» ЖШС.
Тапсырыс беруші: Р..Жатқанбай
№4 бірмандаттық аудандық сайлау округі бойынша Қордай аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттың сайлауалды үгіт материалы республикалық бюджет қаражаты есебінен төленді.







