• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 19:40
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Прокурор Сайрагүл Сауытбайды Қытайға бермеуді және шартты жаза кесуді сұрады

turan_admin turan_admin
01.08.2018, 13:41
Қазақстан жаңалықтары
Прокурор Сайрагүл Сауытбайды Қытайға бермеуді және шартты жаза кесуді сұрады
206
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Сайрагүл Сауытбайдың ісі бойынша сот үкімі бүгін түстен кейін шығады

АСТАНА, 1 тамыз — Sputnik, Айгерім Таубай. Бүгін Алматы облысының Панфилов аудандық сотында Қытай азаматы, шекарадан заңсыз өтті деп айыпталған этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбайды Қытайға қайтару мәселесі бойынша сот отырысы жалғасты, деп жазады Sputnik тілшісі.

Сайрагүл Сауытбайдың ісі бойынша сот отырысы таңғы 10.00-де басталды.

Сот отырысына Сайрагүл Сауытбайға қолдау көрсетуге азаматтық белсенділер, шетелдік және қазақстандық журналистерді есептегенде алпысқа жуық адам келді.

Отырыстың басында Сайрагүл Сауытбайдың адвокаты Абзал Құспан сот төрағасына Сайрагүлге көші-қон полициясы берген пана іздеуші куәлігін тапсырды.

Отырыс барысында прокурор Арзыгүл Имярова Сайрагүл Сауытбайдың 392-баптың 1-ші бөлігі («шекараны заңсыз кесіп өту») бойынша айыпталып отырғанын және ҚР Конституциясы бойынша Қазақстан Республикасы құқықтық мемлекет деп бекітілгенін атап өтті.
Сайрагүлдің қылмысқа балаларымен қауышу үшін барғанын ескеру керек

«Сайрагүл Сауытбайдың әрекеті ҚР конституциясының 11-бабы 2-ші бөлігіне сәйкес, онша ауыр емес қылмыстар қатарына жатады», — деді прокурор жарыссөз барысында.

Қиырдағы қазақтар фильмінің кейіпкерлері
Қытайдағы қазақ мәселесі: жанашыр азаматтар қандай қиындыққа тап болғанын айтты
Прокурордың айтуынша, мыңдаған адам Сайрагүл Сауытбайды ҚР аумағынан шығармауды өтініп отыр, сонымен қатар қылмыстық істі өндірістен қысқартуды сұраған.
Алайда қылмыстық істі тоқтатуға айыптаушы жақ ешқандай негіз жоқ деп санайды.
Айыпталушының кәмелетке толмаған екі баласының бар екенін ескере келіп, прокурор Имярова қылмыстық кодекстің 53-бабы 1-бөлігі 7,11-тармағына сәйкес, жеке басындағы, отбасылық немесе өзге де ауыр мән-жайлардың тоғысуы салдарынан қылмыстық құқық бұзушылық жасау және жасаған әрекетіне шын ниетпен өкінудің жазасын жеңілдететін жағдайлар екенін айтты.

«ҚР Қылмыстық кодексінің 54-бабына сәйкес, Сауытбай қылмыстық құқық бұзушылық жасаған ҚХР азаматы, екінші жағынан екі кәмелетке толмаған баланың анасы. Сайрагүл Сауытбайдың қылмыстық әрекетке балаларымен қауышу үшін барғанын ескеру керек деп санаймын», — деді прокурор.

Прокурор Сайрагүл Сауытбайдың онша ауыр емес қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын ескеріп, жазаның жартысынан асырылмайтын қағиданы қолдану керек екенін айтты. Сонымен қатар, ҚХР азаматы Сайрагүл Сауытбайдың қылмысын Қазақстанда өмір сүріп жатқан заңды некедегі күйеуі мен екі баласымен қауышу үшін жасағанын ескере келе, қылмыстық кодекстің 55-бабы 4-бөлігі негізінде қосымша жаза — Қазақстан шегінен шығаруды қолдамауды сұрады.
Сонымен қатар, прокурор жарыссөз барысында Сауытбайды алты ай көлемінде пробациялық бақылауға алуды ұсынды.
Қытай түрмесінде отырған Ақжарқын Тұрлыбайдың жағдайы не болды?
Прокурор Сайрагүлді Қытайға бермеуді сұрады

«Жоғарыда айтылғандардың негізінде айыптаушы жақ ҚХР азаматы Сайрагүл Сауытбайды ҚР Қылмыстық кодексінің 393-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танып, оған аталған баппен алты ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды; Сайрагүл Сауытбайдың 2018 жылдың мамыр айының 23-інен күзетте болуын бас бостандығынан айыру түріндегі жаза мерзіміне қоса есептеуді; ҚР Қылмыстық кодексінің 60-бабын қолданып, тағайындалған жазаны шартты түрде ҚР Қылмыстық кодексінің 44-бабы негізінде Сайрагүл Сауытбайды 6 ай мерзімде пробациялық бақылауға алуды; пробациялық бақылауды Сайрагүл Сауытбайдың күйеуінің тұрғылықты мекен-жайы бойынша орнатуды; Сауытбайдың тәртібін бақылауды Еңбекшіқазақ аудандық пробация қызмет бөліміне жүктеуді; қосымша жаза Қазақстан Республикасы шегінен шығаруды қолданбауды; сот залында қамаудан босатуды сұрайды», — деді прокурор.

Прокурордың ұсынысын Сайрагүл Сауытбайдың адвокаты Абзал Құспан да қолдайтынын жеткізді.

Сайрагүл Сауытбайдың ісі бойынша сот үкімі сағат 15.30-да шығады.
23 шілдеде өткен сот процесінде прокурор Сайрагүл Сауытбайдың процессуалдық келісім жасасу туралы өтінішінен бас тартқан. Сот отырысында прокурор Арзыгүл Имярова жарыссөзге дайын емес екенін айтып, сот отырысы тамыздың 1-іне шегерілген болатын.

Босқын мәртебесін алғысы келеді
Адвокат Абзал Құспан Сайрагүлдің барлық тағылған кінәні мойындайтынын айтқан болатын. Сайрагүлдің бар мақсаты босқын мәртебесін алу екенін де жеткізген. Сайрагүл Сауытбай Қазақстанда кез келген жазаға келісетінін айтып отыр.

Заңсыз өтуден басқа жол қалмаған
Сайрагүл Сауытбай алдыңғы өткен сот отырысында Қытайда «саяси қысым жасалғандықтан, шекарадан заңсыз өтуден басқа жол қалмағанын» айтқан. Сауытбайдың сөзінше, ол Қытайда құпия саналатын саяси үйрену орталықтарында жұмыс істеген, «мемлекет құпиясын әшкерелемеу» туралы қолхат берген. Сайрагүл Сауытбай Қытайға қайтарылса, ол елде өзіне өлім жазасы кесілуі мүмкін екенін айтады.

Саяси тәрбие лагерінде мұғалімдер дайындаған
Мамырдың ортасында Алматы облысының тұрғыны Уәли Ісләм әйелі Сайрагүл Сауытбайды Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері «Қорғас кеден бекетін заңсыз бұзып өтті» деген айыппен ұстап алып кеткенін хабарлаған. Кейінірек Сайрагүл Сауытбайдың Талдықорғандағы тергеу изоляторында отырғаны анықталды.

Ерлі-зайыпты Уәли Ісләм мен Сайрагүл Сауытбай екі баласымен бірге Қазақстанға 2016 жылы көшіп келгісі келген. Туыстарының айтуынша, Сайрагүл Сауытбайдың Қытайда мемлекеттік қызметте істеуіне байланысты жергілікті билік паспортын алып қойған. Сондықтан ол «Қазақстан азаматтығына тапсыра алмаған».

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50
Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.