• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
07.08.2026, 15:43
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев жамбылдық шығармашыл жастармен кездесті

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы Отарбаев Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында өңір жастарымен кездесті. Кездесу басталмастан бұрын ұлы жырау, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Ғалия Абылай Ғалия Абылай
31.07.2026, 23:44
Мәдениет
Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев жамбылдық   шығармашыл жастармен кездесті
81
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Тұлға рухына тағзымнан кейін Жамбыл облыстық айтыскер ақындар, жыршы-термешілер орталығында Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы Отарбаевтың қатысуымен өңірдің шығармашыл жастарымен «Жамбылдың жастары жырлайды» атты тағылымды кездесуі өтті. Кездесуге Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы Лесбек Ілебаев, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай да қатысты. 

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына орай рухани мазмұнға құрылған басқосу қонақтардың орталық қызметімен танысуынан басталды. Фойеде Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған музей қорындағы құнды жәдігерлер көрмесі мен кітап инсталляциясы көпшілік назарына ұсынылып, LED экраннан ұлы ақын туралы деректі фильм көрсетілді. Сонымен қатар, орталық жанындағы үйірмелердің өнерпаздары ұлттық өнердің үздік үлгілерін паш етіп, жиынның рухани атмосферасын айшықтай түсті.

Кездесуде дәстүрлі әнші, халықаралық, республикалық конкурстардың лауреаты Бекарыс Көштаев модераторлық етті.  Жиынның негізгі бөлігінде сөз алған Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы Отарбаев Жамбыл Жабаевтың халқымыздың рухани тарихындағы айрықша орнына тоқталып, ақын мұрасын өскелең ұрпақтың бойына сіңірудің маңызын атап өтті. Сондай-ақ, Жамбыл облыстық айтыскер ақындар, жыршы-термешілер орталығының директоры Ахметжан Өзбеков, Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі Хамит Есаман мазмұнды ойларын ортаға салды. 

Кездесу барысында Жамбыл Жабаевтың әдеби мұрасы мен ұлттық өнердің сабақтастығы кеңінен дәріптелді. Қатысушылар қазақ киносының алтын қорына енген «Жамбыл» көркем фильмінен арнайы дайындалған үзіндіні тамашалап, ақынның өмір жолы мен шығармашылық болмысын көркем туынды арқылы тағы бір мәрте зерделеді. Тағылымды кештің көркемдік желісі дәстүрлі әнші, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Бекарыс Көштаевтың орындауындағы Жамбыл Жабаевтың «Жыр бастау» шығармасымен жалғасты. Күйші Дидар Басығараев ұлы ақынның «Ұлы Отанға» күйін орындап, көпшілік қазақтың күй өнерінің терең болмысын сезінді.

Жамбылдың ақындық мектебінің бүгінгі жалғасын танытып жүрген жас қаламгерлер де өз шығармаларын ортаға салды. Бауыржан Асқарұлы Жамбыл Жабаевқа арнаған өлеңін көпшілікке ұсынса, Арайлы Жақсылық авторлық «Ұлы дала монологы» туындысын оқыды. Сонымен қатар Ернұр Абухас ақынның «Жиырма бес» шығармасын нақышына келтіре орындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Жиын соңында ашық пікір алмасу ұйымдастырылып, жастар ұлттық әдебиет пен мәдениеттің бүгінгі даму үрдісі, шығармашылық ізденіс және рухани құндылықтарды дәріптеу мәселелері төңірегінде ой бөлісті. Еркін форматтағы кездесу жастардың азаматтық белсенділігі мен шығармашылық әлеуетін танытқан маңызды диалог алаңына айналды. Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған тағылымды кездесу ұлы ақынның әдеби мұрасын жаңа буын санасында жаңғыртып, ұлттық руханияттың сабақтастығын нығайтуға бағытталған мазмұнды іс-шара болды.

 

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет

және тілдерді дамыту басқармасының баспасөз қызметі

 

Тегтер: ақынӘдебиетЖамбыл ЖабаевЖамбыл облысыжамбылдық жастаржастаркездесуМәлік Отарбаев
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Қазақтың қасиетті жыры әлем сахнасында шырқалуы тиіс

Қазақтың қасиетті жыры әлем сахнасында шырқалуы тиіс

03.08.2026, 18:57
Қазіргі қазақ киносындағы «ғайып» философиясының көркемдік трансформациясы

Қазіргі қазақ киносындағы «ғайып» философиясының көркемдік трансформациясы

30.07.2026, 19:04
Бақыт Шағырбаев 114 әнмен рекорд жаңартты

Бақыт Шағырбаев 114 әнмен рекорд жаңартты

23.07.2026, 15:40
Жамбылдық өнерпаз Саха төрінде қазақ өнерін дәріптеді

Жамбылдық өнерпаз Саха төрінде қазақ өнерін дәріптеді

09.07.2026, 23:34

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Халық үні»: басты міндет – сайлаудың ашықтығын бақылау

07.08.2026, 13:12

Жамбыл облысында есірткі қылмысына қарсы ауқымды кешенді іс-шаралар жүзеге асырылуда

07.08.2026, 11:15

Жамбылда II тоқсанда қанша мемлекеттік қызмет көрсетілді?

07.08.2026, 11:07

Интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында қабылдау өтті

07.08.2026, 10:21

«Әділет» партиясы Таразда еңбек адамын қолдау және әлеуметтік қорғау бастамаларын таныстырды

07.08.2026, 08:46

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

    Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қаласында «Taraz-Insight 2026» әлеуметтік жобасы іске асырылады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.