• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 18:30
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Пилоттық жоба аясында жамбылдықтардың табысы артты

turan_admin turan_admin
11.03.2022, 00:31
Қоғам, Облыс жаңалықтары
Пилоттық жоба аясында жамбылдықтардың табысы артты
465
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысында екі жыл бұрын қолға алынған тұрғындардың тұрмыстық табысын арттыру пилоттық жобасы бүгінде қай деңгейде орындалуда? Алғашқы нәтижесі қандай? Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте жан-жақты айтылды.

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес халықтың табысын арттыру бойынша шаралар қабылдануда. Осы орайда 2019 жылы қабылданған пилоттық жобаның негізігі мақсаты – жамбылдықтардың тұрмысын жақсартуға негізделгенін атап өткен жөн. Жобаны ары қарай жалғастыру үшін, біз оның бірінші кезеңінің нәтижесін көрсетіп, дәлелдеу керекпіз,-деді аймақ басшысы.

Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ербол Жиенқұлов пилоттық жобаны одан әрі жалғастыра отырып, өңірдегі жұмыссыздар санын 73-82 пайызға дейін азайтуға мүмкіндік бар екенін жеткізді.

Оған дәлел ретінде ол пилоттық жобаның бірінші кезеңіндегі нәтижелерге тоқталды.

— 10 ауданнан 11 пилоттық ауылдық округінің 25 елді мекенінде 2478 тұрғындары несиелендіріліп, жалпы 7 856 аула қамтылды. Жеке кәсіпкерлер саны 2282 артса, жұмыссыздар саны 194 адамға кеміді. 589 жаңа жұмыс орындары ашылып, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 1058 отбасыға немесе 65 пайызға кеміді. Қатысушылардың орташа айлық табысы 44 мың теңгеден 73 мың теңгеге артты,-деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар, жоба аясында берілген несиелердің кері қайтарылған қаражаты есебінен жобаны ары қарай жалғастыру мақсатында облыс бойынша 3 ауылдық округтегі 1446 (8 мыңға жуық тұрғын) отбасыны несиелендіру жұмыстары жүргізілуде.

Аталған жобаның екінші кезеңін іске асыру үшін 75,5 млрд. теңге қажет екен.

— Пилоттық жоба ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін табыс көзімен ғана қамтып қоймай, жалпы өңірдің агроөнеркәсіп кешенін дамытуға да оң нәтиже береді.

Майда шаруашылықтарды біріктіру керек. Сонда, жерді игеру, техника тапшылығы, сапалы тұқым, тыңайтқыштарды пайдалану, өнімді өткеру мәселесін шешуге жол ашылады.

Ауыл маңындағы, үй іргесіндегі жерлерді тиімді пайдалансақ, әр отбасы керекті өніммен  өз-өзін қамти алатын еді. Мұның бәрі жобада  көрсетілген.

Жоба аясында қанша техника сатып алынды, қанша цех, жылыжай салынды? Оның нәтижесінде өнім көлемі қаншаға артты? Міне, осы сұрақтар бойынша нақты талдау жүргізу керек,-деген Б. Сапарбаев жобаның нәтижелі жүзеге асуы тұрақты бақылауда болу керектігін баса айтты.

Өз кезегінде жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жорабек Баубеков жұмыссыздықпен күрес, халықтың табысын арттыру шаралары туралы баяндады. Ол бүгінгі таңда өңірдегі жұмыссыздардың 25,9 мың адамды құрайтынын айтты.

— Жастардың жұмыспен қамтылуына ерекше назар аударылатын болады. Ағымдағы жылдан бастап NEET санатындағы жастар үшін «Алғашқы жұмыс орны» жобасыныңсубсидиялардың ұзақтығы мен мөлшерін ұлғайта отырып, түлектер үшін «Жастар практикасын» жүргізу, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасын жүзеге асыру көзделіп отыр. Осындай іс-шараларға қатысушылардың 70 пайызы тұрақты жұмыстарға орналасады, -дейді басқарма басшысы.

Облыс әкімі әрбір жұмыссыздардың әлеуметтік картасын жасауды тапсырды.

— Жұмысшы топтарын құрып, жан-жақты зерделеу жүргізу керек. Кәсіпорындардызерделеп, олардағы жұмысшылардың жалақыларын талдаңыздар. Жұмысшылардың жалақыларын арттыру жайы назарда болуы тиіс.

Тұрақты жұмыс орындарын құру бойынша шаралар қабылдаңыздар.Жастар өз кәсібін бастаймын десе, барлық жағдай жасалған. Бұл тұрғыда мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндігін тиімді пайдалану қажет.

Еңбек мигранттарына рұқсат беру жүйесін де қайта қарау керек. Олардың орындарын қажет болған жағдайда мемлекеттік қолдау есебінен білім мен дағды бере отырып, қазақстандық қызметкерлермен толтыру керек,-деді аймақ басшысы.

Жиын қорытындысы бойынша әр басқарма басшыларынан атқарылып жатқан жұмыстар бойынша жауаптар алынып, нақты тапсырмалар жүктелді.

Тегтер: пилоттық жоба
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12
«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Айдархан Қалиев, дизайнер, «Aspara» брендінің негізін қалаушы:   «Бір көйлекті сапалы етіп шығару үшін мың рет толғанамын»

Айдархан Қалиев, дизайнер, «Aspara» брендінің негізін қалаушы: «Бір көйлекті сапалы етіп шығару үшін мың рет толғанамын»

03.09.2026, 12:23
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.