Жамбыл облысы, Тараз қаласында «Айналайын» балалар-жасөспірімдер орталығы» жастар клубы» қоғамдық бірлестігі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Отбасы құндылықтары: берік неке, жарқын болашақ» жобасын іске асыруда.
Гранттың басым бағыты – отбасы институтын нығайтуға бағытталған кешенді іс-шаралар өткізу. Жобаның негізгі мақсаты – Тараз қаласында отбасылық құндылықтарды нығайту арқылы берік некені сақтау, жастардың саналы түрде отбасы құруына ықпал ету, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және ата-ана жауапкершілігін арттыру.
Жобаның күтілетін нәтижелері:
1. кемінде 600 қала тұрғыны ақпараттық іс-шаралармен қамтылады;
2. қатысушылардың 70%-ы оң пікірін білдіреді деп күтіледі;
3. отбасылық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған 11 семинар (350 студентті қамти отырып) өткізіледі;
4. 120 жас отбасы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу тақырыбындағы дәрістерге қатысады;
5. қала тұрғындарына 600 парақша таратылып, «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» акциясы ұйымдастырылады;
6. жоғары оқу орындарының 150 студенті қатысатын «Жас отбасы мектебі» ақпараттық курсы өтеді;
7. кемінде 20 отбасы психологиялық және заңгерлік кеңес алады;
8. салауатты отбасылық қарым-қатынасты насихаттайтын 4 бейнеролик әлеуметтік желілерде жарияланады;
9. жоба туралы ақпарат телеарна, баспасөз және интернет БАҚ-та жарияланып, кемінде 20 000 адамды қамтиды.
Орындалған шаралар:
Жоба аясында алғашқы іс-шаралар сәтті жүзеге асты. «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» акциясы барысында қала тұрғындары көп шоғырланған орындарда (Қайрат Рысқұлбеков саябағы, “Mart” ойын-сауық орталығы, Бауыржан Момышұлы атындағы Жеңіс саябағы, Ұшбұлақ жағалауы, “Көне Тараз” этномәдени кешені) 600 парақша таратылды.
Сонымен қатар, Тараз қалалық «Отбасын қолдау орталығы» КММ бірлесе «Отбасылық кеңес: жан тыныштығы үшін» атты психологиялық-консультациялық шара аясында 5 отбасыға психологтар мен заңгерлер тегін кеңес берді.
Жобаның әлеуметтік желідегі ауқымын арттыру мақсатында салауатты отбасылық қарым-қатынастарды насихаттайтын 2 бейнеролик жасанды интеллект арқылы дайындалып, Instagram және TikTok желілерінде жарияланды. Қазіргі таңда бұл материалдарды 10 000-нан астам адам көрді.
«Отбасы құндылықтары: берік неке, жарқын болашақ» жобасы Тараз қаласында отбасылық құндылықтарды дәріптеу, жастарға дұрыс бағдар беру және қоғамда берік отбасы мәдениетін қалыптастыру бағытында маңызды бастама болып отыр.
Ақпарат Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік ақпарат тапсырыс негізінде жарияланды






