• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:48
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

“Отбасы бақыт мекені” атты танымал психолог әрі теолог, дінтанушы Нұржан Байжігітұлымен аудан тұрғындарының кездесуі

«Жамбыл облысы әкімдігі» КММ-нің әлеуметтік тапсырысы аясында «Ақ Сұңқар» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 28 қазан күні Шу ауданынынығ - Шу қаласы мен Төле би ауылында елімізге танымал Дінтанушы, психолог – Нұрлан Байжігітұлымен кездесу өтті.

turan_admin turan_admin
26.12.2024, 11:39
Жаңалықтар, Қала жаңалықтары
“Отбасы бақыт мекені” атты танымал психолог әрі теолог, дінтанушы Нұржан Байжігітұлымен аудан тұрғындарының кездесуі
119
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Кездесудің басты мақсаты – тұрғындардың жалпы діни сауаттылығын арттыру, діни ағымдардың арбауынан сақтандыру, діни ағымдарды дәстүрлі діндерден қалай ажыратуға болатындығын жан-жақты түсіндіру. Сонымен қатар жас ұрпақты діни экстремизмнің алдын алу барысында атқарылып жатқан жұмыстардан хабардар ету, салт-дәстүрді сақтауға, ұлттық құндылықтарды насихаттауға, отансүйгіштікке, рухани-адамгершілік пен азаматтық-құқықтық ұстанымын қалыптастыруға, бірлік пен бірегейлікке тәрбиелеу.

Дінтанушы, психолог – Нұрлан Байжігітұлы — қоғамдағы теріс ағымдар және қандай жолдармен адамдардың қателесетіні жөнінде ақпараттармен бөлісті. Қазіргі кезде ұялы телефонға, әлеуметтік желіге, яғни ғаламторға шырмалған халықтың, әсіресе жастардың діни сауатсыздығы мен білместігінен заңға қайшы келетін іс әрекеттер белең алатындығы, оның соңы қылмыстық жауапкершілікке апаратындығы туралы да айтып өтті. Сонымен қатар «өнегелі отбасы», «ерінің разылығын алу», «бала тәрбиесі» «шаңырақ берекесін арттыру» жайлы насихат айтып, еркін сұхбат жүргізді. «Алла Тағала Құран Кәрімнің Тахрим сүресінің 6-шы аятында: «Ей иман келтіргендер! Өздеріңді және отбасыларыңды отыны адам мен тастан болған тозақ отынан сақтаңдар. Оның жанындағы періштелер қатал әрі зор. Олар Алланың әміріне бой ұсынғандар, Раббысына қарсы келмейді», — делінген. Осы аяттан түсінгеніміз отбасы құндылығына немқұрайлы қарау, өзіңді және ұрпағыңды отқа тастағаның. Әрбір отбасының егесі әйеліне, бала-шағасына жауапты және жанұясы үшін ертең Алла Тағала алдында амалдары таразыға түсетінін естен шығармағанымыз абзал. Халқымыз үйлену оңай, үй болу қиын деп текке айтпаса керек. Отбасылық өмірдің мәнді де, сәнді болуы ең алдымен тәрбиеге байланысты» — деп отбасыдағы тәрбиені де айтты. Отбасының қадірін білу керектігі және сол сияқты көптеген ақпараттармен бөлісті.

Аллаһ Тағала қасиетті Құранның Бақара сүресінің 187-аятында: «Олар сендер үшін киім, сендер олар үшін киімсіңдер»-деген. Киім адамды сырт көзден, суық пен желден қорғап, адамның кемшілігін жасырып тұратыны белгілі. Ер мен әйелді Аллаһ Тағала бірін-бірі қорғап, кемшіліктерін жасыратын киімге теңеп отыр. Сондай-ақ, Рум сүресінің 21-аятында: «Сендерге олардан тыныштық табуларың үшін өздеріңнен жұбайлар жаратып, араларыңда махаббат пен мейірімділік пайда қылғандығы да Оның белгілерінен. Сөз жоқ, осыларда ойланған ел үшін белгілер бар» — дейді. Аяттан байқағанымыздай ер мен әйел бір-бірі үшін жаратылғандықтан, өз теңін тауып, отбасын құрғанда жандары тыныштық тауып, бақытты ғұмырдың алғы шарттарына қол жеткізеді.

Отбасылық құндылықтар дегеніміз бір-бірін сүйіп қосылған жанұялардың отбасын сақтау үшін қолданатын ежелден келе жатқан салт-дәстүрі. Әрбір отбасының өз құндылықтары болады. Ол құндылықтар ежелден бері келе жатқан немесе жаңадан шығарылған құндылықтар болуы мүмкін. Қазақ халқының ұлттық тәрбиесі әлемде теңдесі жоқ тәрбие. Жалпы «ұлттық» деген сөздің астарында елге-жерге, тілімізге, дінімізге деген құрмет жатыр. Ал осы ұлттық тәрбиені бала бойына сіңіруде бастауыш сыныпта атқарылатын жұмыстың орны ерекше. Яғни тәрбие алуды сәби ана құрсағынан бастаса, оны білім теңізінің мектеп атты кемесінде ұлттық құндылықтарымызбен жетілдіру өте маңызды. Отбасы, балабақша, мектептерге ұлттық тәрбие енгізу арқылы біз ұлтжанды, парасатты ұрпақ өсіретініміз айдан анық. Рухы асқақ, іргесі берік ел боламыз десек, ең бастысы, ұрпақ тәрбиесі мен біліміне сергек қарауымыз қажет. Бұл жөнінде Абай атамыз: «Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады: бірінші-ата-анасынан, екіншісі-ұстазынан, үшіншісі-құрбысынан»,-деген екен.

Кездесудің соңында қала мен ауыл тұрғындары өздерінің көкейінде жүрген әртүрлі сұрақтарын қойып, өздеріне керекті мағлұматтарын, рухани әсер алды.

Тегтер: Нұрлан БайжігітұлыОтбасы бақыт мекенішу ауданы
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Әке, олар мені ұмытқан жоқ»: Жамбылда қаза тапқан полицейлердің балалары алғаш рет мектеп табалдырығын аттады

«Әке, олар мені ұмытқан жоқ»: Жамбылда қаза тапқан полицейлердің балалары алғаш рет мектеп табалдырығын аттады

02.09.2026, 13:15
Тоқаев ШЫҰ туралы: Ең бастысы – «Шанхай рухын» сақтап қалдық

Тоқаев ШЫҰ туралы: Ең бастысы – «Шанхай рухын» сақтап қалдық

02.09.2026, 13:00
Таразда Қойгелді көшесін қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда

Таразда Қойгелді көшесін қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда

25.08.2026, 17:00
Биыл Таразда 115 мектеп оқушыларды қабылдауға дайын

Биыл Таразда 115 мектеп оқушыларды қабылдауға дайын

25.08.2026, 16:51

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.