2020 жылдың 3 желтоқсанында Тараз қаласында Қордай оқиғасына қатысы бар айыпталушыларға қатысты сот отырысы басталған болатын.
Оқиғаға қатысты жеке кепілгерлік түріндегі бұлтартпау шарасымен жүрген 18 азаматтың 2-уінен ПТР-анықтама алу барысында сынама оң нәтиже көрсетті. Осыған байланысты процеске басқа қатысушыларының науқастану мүмкіндігін болдырмау мақсатында 2021 жылдың 5 қаңтарына жоспарланған негізгі сот отырысы кейінгі мерзімге — 2021 жылдың 18 қаңтарына қалдырылды.
Бүгінгі таңда ПТР-сынамасы оң нәтиже көрсеткен азаматтар карантиндік стационарға орналастырылып, тиісті медициналық көмектер көрсетілуде.
Айта кетейік, сотталушылардың туыстары үшін жеке залдар, ал БАҚ өкілдері үшін №2 қалалық сот ғимаратында процесс тікелей трансляцияланатын зал жабдықталған.