• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ташкентке барды

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Өзбекстан Республикасына барды.

15.03.2024
0
Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ташкентке барды
44
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Ташкентте Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстан Үкіметінің басшысын қабылдады.

Қазақ-өзбек қарым-қатынастары жоғары деңгейдегі сенім мен өзара түсіністікке негізделген стратегиялық әріптестіктің жарқын үлгісі.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы екіжақты тауар айналымы $4,5 млрд-ты құрады.🤝

Екі ел үкіметтері тауар айналымын одан әрі арттыру үшін инвестициялық және өнеркәсіптік жобаларды іске асыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.

Өз кезегінде Өзбекстан Премьер-Министрі Абдулла Ариповпен жүргізілген үкіметтік деңгейдегі келіссөздер сауда-экономикалық, инвестициялық, су-энергетикалық, транзиттік көлік және мәдени ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ жеткізілетін тауарлар номенклатурасын кеңейту арқылы ауыл шаруашылығы саласындағы өзара іс-қимылды нығайту бойынша қабылданып жатқан шараларға арналды.

«Екі елдің президенттері қазақ-өзбек ынтымақтастығын сапалы жаңа деңгейге шығару міндетін қойды. Тауар айналымын арттыру үшін зор әлеует бар екенін көріп отырмыз, сондай-ақ екіжақты және көпжақты форматтардағы өзара іс-қимылдың жоғары нәтижелеріне жету үшін барлық қажетті күш-жігерді жұмылдырамыз», — деді Олжас Бектенов.

Өз тарапынан Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Арипов екі мемлекет басшылары деңгейіндегі сенімді және достық қатынастар стратегиялық әріптестік пен одақтастықты нығайтудың маңызды факторы екенін айтты.

«Екі елдің көшбасшылары Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы көпжоспарлы қатынастарды одан әрі кеңейту бойынша нақты міндеттерді айқындады. Осы міндеттерді орындау үшін барлық қажетті шараны қабылдауға дайын екенімді білдіремін», — деді Абдулла Арипов.

Тараптар өнеркәсіптік кооперация саласындағы елеулі прогресті атап өтті және оны әрі қарай дамытуға зор әлеует бар екенін атап өтті.

Қазіргі уақытта өнеркәсіптік кооперация аясында 13,3 мыңнан астам жұмыс орнын құра отырып, жалпы сомасы $2,6 млрд болатын 60 жоба іске асырылып жатыр. Қосымша 43 жобаның перспективасы да жоғары болып отыр.

Екіжақты сауда әлеуетін одан әрі кеңейтуде «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығына маңызды рөл беріледі.

Сонымен қатар екі ел арасында ауыл шаруашылығы саласында толық өзара түсіністік жолға қойылған.

Келіссөздер барысында Қазақстан Үкіметінің басшысы өңірдегі транзиттік көлік әлеуетін одан әрі арттыру қажеттігін айтты.

Сондай-ақ су пайдалану саласындағы өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды.

Оған қоса Олжас Бектенов қазақстандық тараптың Өзбекстанға 255 позиция бойынша $500 млн сомасына экспорттық жеткізілімдерді кеңейтуге дайын екенін атап өтті.🇺🇿

Келіссөздер қорытындысы бойынша Олжас Бектенов пен Абдулла Арипов Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтерінің екіжақты өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша арадағы ынтымақтастықты кезең-кезеңмен дамыту үшін бар күш-жігерді салуға дайын екенін растады.

Үкіметтің баспасөз қызметі

Тегтер: ҚР Премьер-МинистріОлжас БектеновӨзбекстанТашкент

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты