• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:06
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбыл облысы әкімі ветеринария саласындағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды

turan_admin turan_admin
13.09.2022, 18:27
Облыс жаңалықтары
Жамбыл облысы әкімі ветеринария саласындағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды
193
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте ветеринария саласында атқарылып жатқан шаралар сараланды.

Аймақ басшысы саланың маңыздылғына, облысымызда жануарлар дүниесі мен төрт түлік малды түрлі аурулардан сақтап, алдын алу шаралары мақсатты және жоспарлы жүргізілуі тиіс екендігін атап өтті.

Ветеринария басқармасының басшысы Нұржас Құрмантаев баяндама жасап, бекітілген жоспар мен бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалу көрсеткішіне тоқталды.

— Жыл басынан бруцеллезге тексеру үшін қан сынамасын алу бойынша 2 миллион 525 мың манипуляция орындалып, диагностикалық тексерулер нәтижесімен бруцеллез ауруы анықталған 323 бас ауыл шаруашылығы жануарлары қолданыстағы Заң аясында санитариялық талаптармен сойылып, қайта өңдеуге жіберілді. Ауруға шалдығу былтырғы жылмен салыстырғанда 33 пайызға төмендеген.

Сондай-ақ, атқарылған кешенді ветеринариялық іс-шаралар нәтижесінде облыс аумағында 5 ауру түрінен 9 ошақ анықталып, оларда ветеринариялық талаптарға сай карантин және шектеу шаралары қабылданып, бүгінгі күнге сауықтыру жұмыстары аяқталды.

Облыс аумағында сібір жарасы ошақтарының кадастрі бойынша тіркелген 189 сібір жарасы ошақтарының көмінділерінің барлығы талаптарға сай бетондалып қоршалды.  «Қауіпті аймақ» тақтасы ілініп, топографиялық картаға және «Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне» енгізілген.

Ошақтар аумағынан бекітілген жоспарға сәйкес жылына бір рет топырақ сынамалары алынып, ветеринариялық зертханада тексеріледі. Бүгінгі таңға зерттеу қорытындыларының нәтижелері теріс,-деді Н. Құрмантаев.

Облыс әкімі қаңғыбас иттерді аулау және олардың көбейіп кетпеуін алдын алу мәселесі қалай шешіліп жатқанын сұрап, бұл мәселе әлеуметтік желіде жиі көтерілетініне назар аудартты. Сонымен қатар, оларды аулау алдында қандай да бір хабарландыру немесе ескертулер жүргізілуі керектігін ескертті. Бұдан бөлек, ветеринариялық нысанмен қамтылу көрсеткішін сұрады.

— Ағымдағы жылға ғимаратпен қамтылуы қажет 32 ветпункттің ішінен Байзақта 1, Таласта 3 ветпункт ғимаратын теңгерімге алу жүргізілу үстінде. Қалған 28 ветпункт бойынша түрлі себептермен аталған меже орындалмай отыр.

Сондай-ақ, аудандар қаңғыбас иттер мен мысықтарды уақытша  ұстау орнының (питомник) жерін анықтап, ЖСҚ әзірлеу, құрылысын жүргізуге де айрықша назар аудару тиіс. Бұл бағыттағы жұмыстар Мойынқұм, Сарысу, Талас аудандарында орындалып, нысандарды теңгеруге алу шаралары аяқталуда. Қалалық ветстанция тарапынан уақытша «питомник» жалға алынып, жұмыс істеуде. Қалған аудандар аталған жұмысты орындамаған,-деді басқарма басшысы.

Нұржан Нұржігітов көрсеткіші төмен және тапсырманы орындамаған аудандар бойынша шара қолдану керектігін баса айтты. Айыппұл салу ісін де күшейтуді тапсырды.

— Жылдың қорытындысымен бұл мәселені тағы жан-жақты қараймыз. Ол кезде жұмысқа немқұрайлы қараған тұлғалар үшін қабылданатын шара тіпті қатал болады. Саланың маңыздылығы мен тапсырмаларды орындауға бей-жай қарауға болмайды. Себебі оның тек малдың ғана емес, адам өмірі мен денсаулығына да әсері бар.

Дегенмен, тұрғындар тарапынан жауапкершілік керек. Тек ортақ түсінік, екі жақты жауапкершілік болғанда ғана бұл бағытта белігілі бір жетістікке жетуге болады. Ол үшін халық арасында түсіндіру, хабарландыру шараларын барынша жүргізу керек,-деп түйіндеді облыс әкімі.

Жиын қорытындысымен жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктелді.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.