• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 07:17
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕР САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫНА БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗЕДІ

turan_admin turan_admin
16.04.2021, 17:41
Облыс жаңалықтары
ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕР САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫНА БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗЕДІ
646
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысындағы «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асырудың Жол картасының орындалуын партия облыстық филиалы жанынан жаңадан құрылған 10 қоғамдық кеңес бақылайтын болады. Бұл туралы облыс әкімі, «Nur Otan»  партиясы облыстық филиалының төрағасы Бердібек Сапарбаевтың қатысумен өткен Саяси кеңесі Бюросының отырысында белгілі болды. Жиында барлық қоғамдық кеңестің құрамы, төрағалары және ережелері бекітілді.

Саяси кеңесі Бюросын алғы сөзімен ашқан аймақ басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы партияның сайлауалды бағдарламасының маңыздылығына тоқталды.

–      Сайлауалды бағдарламаны іске асырудың Жол картасын орындау әрқашан облыс әкімдігінің басты назарында. Бағдарлама жүктеген маңызды міндеттерді жүзеге асыруға менің орынбасарым Талғат Мамаев жетекшілік ететін жұмысшы топ жауапты. Бұл топқа жергілікті атқарушы органдардың басшылары, аудан және Тараз қаласының әкімдері мүшелікке өткен. Партияны сайлауалды бағдарламасын іске асыру барысы апта сайын арнайы кеңесте қаралып, ондағы өзекті мәселелерге назар аударылады. Ендігі кезекте осы жұмыстарға қоғамдық бақылау жүргізу үшін партия облыстық филиалы жанынан қоғамдық кеңестер өз жұмысын бастағалы тұр, – деді Бердібек Машбекұлы.

Бюро мүшелеріне жаңадан құрылған қоғамдық кеңестердің төрағаларын, сапалық-сандық құрамын «Nur Otan»  партиясы облыстық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Дауыл Бейсенқұлов таныстырды.

– Бұл қоғамдық кеңестер өңірдегі партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» деп аталатын сайлауалды бағдарламасының басымдықтарының өз деңгейінде жүзеге асырылуына қоғамдық бақылау жүргізеді. Жекелеген салалар бойынша қолданыстағы заңнамаларды жетілдіру, оларға өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар береді.

Аталған кеңестердің 127   мүшесі бар. Кеңес мүшелерінің сандық-сапалық құрамына тоқталатын болсақ, олардың 39 пайызы әйелдер болса, 21 пайызы 35 жасқа дейінгі жастардан тұрады.

Кеңестерді жасақтауда олардың мүшелігіне үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілерін және азаматтық қоғам өкілдерін көптеп тартуға мән берілді. Бұл санаттағы тұлғалардың үлесі 26 пайызға тең. Қоғамдық кеңестердің мүшелігіне азаматтық қоғам өкілдерін көптеп тарту принципін қоғамдық кеңестердің, партияның жұмысындағы жариялылықты қамтамасыз етудің алғышарты деп тануымыз қажет. Мұнан бөлек кеңестердің құрамында ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, өндіріс саласы өкілдерінің де үлесі басым.

Сонымен қатар кеңеске партияішілік праймериздің 19 қатысушысы және партия резерінен 11 адам мүшелікке өтті. Кеңес құрамдарын партияның облыстық мәслихаттағы депуттық фракция мүшелері  де толықтырды, – деді партия облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д. Бейсенқұлов.  Өз кезегінде Бюро мүшелері кеңес төрағалары, олардың құрамы мен ережесін бекітуге бірауыздан дауыс берді.

Саяси кеңесі Бюросының отырысында партия облыстық филиалының XXVIII есеп беру-сайлау конференциясын шақыру мәселесі де қойылды. Бюро мүшелерінің ортақ шешімімен саяси маңызы зор шара  5 мамырда өтетін болып бекітілді.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі, «Nur Otan»  партиясы облыстық филиалының төрағасы Бердібек Сапарбаев жаңадан құрылған кеңестер зор жауапкершілік артылғанын тілге тиек етіп, олардың жұмысынан жоғары сапа мен оң нәтиже күтілетінін жеткізді.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

 

Тегтер: ЖамбылКЕҢЕССАЙЛАУ
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.