Бұл сервис білікті заңгерлік көмекке мұқтаж адамдар үшін тиімді құралға айналмақ.
Онлайн кеңес беру арқылы азаматтар үйден немесе кеңседен шықпай-ақ нотариаттық қызметке байланысты құқықтық сұрақтарға жауап ала алады.
Нотариустар нотариат саласы бойынша кез келген сұрақтарға жауап береді. Бұл уақытты үнемдеуге және уақытылы сенімді ақпарат алуға мүмкіндік береді- деді Жамбыл облысы Әділет департаментінің басшысы Нұрғали Андасов.
Қызметті алу үшін:
1. «eGov Mobile» қосымшасына кіру керек;
2. Е-нотариат бөлімінде «Онлайн кеңес алу» қызмет түрін таңдап, өтінімді толтыруыңыз қажет;
3. Кеңес алу үшін бейне қоңырау арқылы қажетті сұрағыңызды қоясыз;
4. Банктердің мобильді қосымшалары арқылы 1 АЕК мөлшерінде нотариустың қызметін төлеу керексіз.
Жобаның мақсаты – нотариаттық қызмет көрсетудің ыңғайлылығын, жеделдігі мен тиімділігін арттыру.