• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Nomad Bazaar Алматыда ашылды өңірлік дамудың жаңа қадамы

Алматыда NOMAD Bazaar атты "Бір ауыл - бір өнім" (БАБӨ) жобасының Орталық Азиядағы алғашқы тұрақты сауда алаңы ашылды. Жаңа дүкен Көк базардың орталық павильонында орналасқан

15.10.2025
0
Nomad Bazaar Алматыда ашылды өңірлік дамудың жаңа қадамы
19
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Nomad Bazaar жай ғана дүкен емес, ол ауылдағы өндірушіні мегаполис тұтынушысымен байланыстыратын платформа. Мұнда БАБӨ жобасына қатысатын қазақстандық қолөнер және гастрономиялық брендтер жергілікті бастамаларды тұрақты бизнеске айналдыра отырып, өнім ұсына алады. 50 м2 сауда нүктесі «барлығы бір шатыр астында» ұстанымымен орналасқан: логистика, орау, сату және бухгалтерлік есеп орталықтандырылған. Бұл кәсіпкерлердің өнім сапасына мұқият болуына мүмкіндік бермек. Жаңа алаңның артықшылығы көп. Алматы тұрғындары мен туристердің кең аудиториясы оған қол жеткізе алады, кәсіби маркетингпен сүйемелденеді. Тұтынушылық сұранысты талдап, өнімді өткізу ауқымын арттыратын онлайн — сатылым бар.

«Бір ауыл — бір өнім» жобасы Жапонияның Халықаралық ынтымақтастық агенттігінің (JICA) қолдауымен, Ұлттық экономика министрлігінің бастамасымен, «Атамекен» палатасымен бірлесіп іске асырылуда. Оның мақсаты — ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту, Қазақстан өңірлерінің мәдени ерекшелігін көрсететін бірегей өнімдерді ілгерілету. 2025 жылы жобаның бренд-комитеттері 60 жеңімпазды таңдап алған болатын. Енді олардың өнімі аймақтың ерекше өнімі ретінде озық кәсіпкерлік символына айналып отыр. Nomad Bazaar-дің ашылуы осы брендтердің орнықты маркетингі мен сату жүйесін қалыптастырудағы қисынды қадам болды.

Жоба қазірдің өзінде халықаралық деңгейде танылып отыр. FOODEX Japan көрмесінде қазақстандық өндірушілердің өнімі жоғары бағаланған. Ал «Жантақ» балы Honey of the Year байқауында үздік үштікке енді. Қазақстандық ірімшік жасаушылар — өткен жылдардағы жеңімпаз. Франциядағы беделді Mondial du Fromage 2025 байқауында алты медаль жеңіп алған.

Алдағы айларда БАБӨ қатысушылары үшін экспорттық қуатты арттыруға арналған тамақ өнеркәсібі, стандарттау, буып-түю және маркетингтік оқыту семинарлары ұйымдастырылады.
Алматыда Nomad Bazaar-дың ашылуы «Бір ауыл — бір өнім» жобасының жергілікті бастамадан өңірлердің тұрақты дамуына алып келген Made in Kazakhstan мықты брендін қалыптастырудағы жаңа деңгейге өтуді білдіреді.

Тегтер: Алматы

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты