• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
16.10.2026, 04:43
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

«Нью-Йоркте концертімді өткізгім келеді»: АҚШ-тағы домбырашы қазақ баласы жайлы не білеміз

turan_admin turan_admin
23.08.2021, 18:29
Азаматтық қоғам институттары, Мәдениет
«Нью-Йоркте концертімді өткізгім келеді»: АҚШ-тағы домбырашы қазақ баласы жайлы не білеміз
112
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter
Саят Ешматов АҚШ-та білім алып жатқан талантты қазақ жастарының бірі. Бала күнінен домбыраны серік еткен Саят 2017 жылы Америкадағы алғашқы концертін өткізіп үлгерді. Енді қазақ баласы келесі концертін Нью-Йоркте өткізуді жоспарлап отыр.
Саят Бауыржанұлы Алматы қаласының тумасы. Ол Алматыда Құрманғазы атындағы консерваторияны тәмамдап, кейін Қытайда білім алды. Бүгінде мұхиттың арғы жағында еліміздің ұлттық өнерін насихаттап жүр. «Алматы қаласының тұрғынымын. Жасым 27-де, әлі отбасын құрған жоқпын. Жанұямызда әкем-шешем және екі ағам бар. Жарты жылдан бері Америкада тұрып жатырмын. Мұнда келгендегі басты мақсатым – ағылшын тілін жетік меңгеріп, ұлттық аспабымыз домбыраны одан әрі таныта түсу. Алматыдағы консерваторияны 2017 жылы аяқтадым. Кейін менеджмент мамандығы бойынша Қытайдың Бейжің қаласында магистратура оқыған жайым бар. Өмірдегі ең үлкен мақсаттарымның бірі – шетелде алған білімімді ел игілігіне пайдалану», — дейді ол.
Саят жеті жасынан бастап домбыраға қызығушылық танытқан. Баласының қабілетін байқалаған ата-анасы оны Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатта оқытады. «Өнерге, музыкаға талпынысым бала кезден басталса керек. Домбыра мен фортепианоға икемім барын білген ата-анам арнайы мектеп-интернатта оқытты. Бүгінге дейін қанша күйді жатқа білетінімді санамаппын. Өзім қазақтың барлық күйші композиторларының туындыларын жақсы көремін. Әсіресе, Қазанғаптың күйлері жаныма ерекше жақын», — дейді домбырашы.
Саят Ешматов Саят Ешматов: Жеке мұрағат 2017 жылы Саят Бауыржанұлы Америкада жеке концертін өткізген. Енді ол ұлттық аспабымыз домбыраны кеңінен насихаттау мақсатында тағы да шығармашылық кеш өткізуді жоспарлап отыр. Қазақстан халқының ұрпақтар сабақтастығы арқылы мәдениетін, ана тілін, ұлттық дәстүрлерін сақтау және дамыту. Дәстүрлерді жаңғырту және дамыту проблемасына, ұлттық және мәдени бірегейлікті сақтауға, сондай-ақ жастарды өз халқының мәдениетіне, халық шығармашылығын қайта жаңғырту, оқушылар мен оқытушылардың арасында ұлттық идеялогияны арттыру. «Әр адамда «жетістіктің тарихы» әр түрлі келеді.
«Саят менің ең жақсы шәкірттерімнің бірі! Өте талантты, іздемпаз, өте сауатты домбырашы! А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған музыка мектеп интернатында менің класымда оқыды. Мектеп қабырғасында жүріп халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты атанды! Қазақтың күйшілік өнеріндегі барлық өңірдің күйлерін нақышына келтіріп орындайды! Репертуары өте кең, болашағынан үлкен үміт күттіретін күйші», — дейді Саят Ешмановтың жетекшісі Динара Нұрбаева.
«Төрт жыл бұрын фестиваль аясында Америкаға келіп, жеке концертімді берген едім. Мұны жергілікті халық өте керемет, өте жылы қарсы алды. Олар екі шектен осындай әуен қалай шығатынына қатты таң қалды. Бәрінің де сұрағы сол болды. Сондай-ақ, Америкадағы қазақтар да ұлттық өнерді сағынып қалған екен. Концертімде соны байқадым. Енді ұлттық өнерімізді дәріптеу үшін Нью-Йорк қаласында концерт өткізу ойымда бар. Осы күзге жоспарлап отырмын. Нақты уақыты әлі белгісіз. АҚШ-тағы қазақстар көп шоғырланған аймақтарды аралап, домбыра өнерін насихаттау да жоспарымда бар», — дейді Саят Ешматов.
Дереккөз: https://kaz.nur.kz/society/1928456-nyu-iorkte-zeke-koncertimdi-otkizgim-keledi-aqs-tagy-dombyrasy-zigit-zaily-ne-bilemiz/
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

14.10.2026, 09:16
Жамбыл облысында Ұлы Жеңіске арналған 244 ескерткішке мониторинг жүргізілді

Жамбыл облысында Ұлы Жеңіске арналған 244 ескерткішке мониторинг жүргізілді

12.10.2026, 11:56
«Ауыл» партиясына жаңа төраға сайланды

«Ауыл» партиясына жаңа төраға сайланды

11.10.2026, 12:55
Жамбыл облысында кітапхана жұмысына жасанды интеллект енгізілуде

Жамбыл облысында кітапхана жұмысына жасанды интеллект енгізілуде

11.10.2026, 00:11
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Берекелі отбасы – берік қоғам» іс-шарасы өтті

15.10.2026, 19:45

Шу ауданындағы жасыл энергетика: Өңірдің қуат көздері жаңа сатыға көтерілуде

14.10.2026, 23:51

Таразда тазалық талаптары қатаң бақылауда

14.10.2026, 23:41

Navai лақап атымен белгілі шетелдік азамат Жамбыл облысының аумағында ұсталды

14.10.2026, 20:37

Астанада Astana Media Week медиа апталығы басталды

14.10.2026, 14:13

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ой шебері» зияткерлік ойынында оқылуға міндеттелген 5 кітап

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Кінәмді мойындамаймын»: Тараздың бұрынғы бас сәулетшілері сотта соңғы уәждерін айтты

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжіне жаңа директор тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.