• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 01:36
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Негізгі кезеңнің жеңімпаздары

turan_admin turan_admin
16.08.2018, 14:32
Облыс жаңалықтары
Негізгі кезеңнің жеңімпаздары
202
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

2000 жылы туған жасөспірімдер арасындағы футбол орталықтары мен академиялары біріншілігінің бесінші кезеңі күтпеген нәтижемен аяқталды. Оның қорытындысы бойынша, негізгі жүйелі біріншілікте бірінші орынды «Қайрат» Академиясындағы қарсыластарын соңғы сәтте дерлік басып озған «Тараз» иемденді.
Мұндайды, шынында да, ешкім күтпеген еді. Өйткені, біріншіліктің көшбасшысы — құрамына еліміздің қаймақтары мен таланттарын жинаған алматылық «Қайрат» өзінің барлық қарсыласын басынан-ақ жолда қалдырып кеткен. Соңғы бесінші тур алдында (командалар әр турда үш-төрт матчтан өткізеді) алматылықтардың активінде 13 жеңіс, бір ғана тең ойын мен жалғыз ғана жеңіліс болған болса, не деуге болады. Ал, көшбасшыға ол жеңілісті жақында ғана өткен кездесуде дәл осы тараздықтар қарсыластарының өз алаңында сыйлаған болатын!
Турнир кестесінде екі ұпай ғана кейін қалған «Тараз» алматылықтардың басты қарсыласы болып келді. Жүйелі кезеңді бірінші орынмен аяқтау чемпионаттың жеңімпазы болу деген сөз емес. Өйткені, одан әрі жартылай финал мен финалдық кезең бар. Дегенмен, бұл – клубтың беделі! Міне, сондықтан да бірінші орын үшін сырттай тартыстың айрықша мәні бар!
Айта кету керек, соңғы турды «Тараз» үйде, «Жастар» стадионында өткізді. Әрі біздің команда қарсыластарының күштілігіне қарамастан оны сенімді түрде өткізді. Бірінші матчта біз Петропавловскінің «Қызылжарын» қиындықсыз еңсердік – 6:0. Одан кейін павлодарлық «Ертіспен» ауыр да күрделі кездесу болды. Біздің жасөспірімдер қайсарлық танытып, қарсыластарын 2:1 есебімен тізе бүктірді.
Сонымен қатар «Қайрат» өз ойындарын Қарағандыда өткізіп, екі кездесуде де жеңіске жетті.
Сөйтіп, соңғы ойындар қарсаңында қайраттықтар тараздықтардан екі ұпай алда тұрды. Олар біріншілікті де бірінші орынмен аяқтайтындай көрінген – соңғы турдағы матч қожайындары қарағандылық «Шахтермен» ойында ешқандай қиындық болмауы тиіс еді. Бірінші таймда солай болды да – алматылықтар оны 2:0 есебімен аяқтады.
Ал, бұл кезде қостанайлық «Тобылмен» ойнап жатқан «Тараз» да қарсыласын бірінші таймнан кейін 2:0 есебімен жеңіп жатқан.
Бірақ, екінші таймда қонақтар кенеттен қанаттанып, күтпеген жерден екі гол салды — 2:2.
Тараздықтар шабуылға ұмтылды, мұндай матчта ұпай жоғалтуға болмайтын еді. Жанталасқан шабуыл матчтың аяқталуына бес минут қалғанда ғана нәтижесін берді. Алаң қожайындары аса қажет голды соқты, ал, қосымша уақытта қарсыластарының қақпасына екінші допты кіргізіп, 4:2 есебімен жеңісті тартып алды.
Қатарлас ойнап жатқан «Қайраттың» ойын тізгінін қолдан шығарып алып, «Шахтердің» есепті теңестіруіне жол беріп қойғаны кейін белгілі болды! Алматылықтар да қарсыластарының қақпасына жанталаса шабуыл жасағандарымен, соңғы минутта өз қақпаларына доп жіберіп алып, жеңіліп қалды — 2:3!
Жүйелі біріншілікте, міне, осындай «соңғы сәт» сенсациясы болды! «Қайраттан» бір ұпай асып түскен «Тараз» күтпеген жерден біріншілік жеңімпазы атанды. Командамызды осы жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!
Турдың шабуылшылары Наурызбек Сарбаймешев, Диас Жақсымбетов, Ағаділ Құлташ, Бахтияр Төленовтердің жеңіске үлкен үлес қосқанын атап айту керек.
– Ешкімді бөліп-жарғым келмейді, – дейді команданың бас бапкері Сүйін Молдашбаев. – Егер біз алдыңғы кезеңде жеңіске жетсек, ол – тұтас команданың еңбегі. Көптеген күрделі кездесулер болды, бірақ, біз командалық рухты таныта алдық. Жеңіс үшін жігіттерге рахмет. Дегенмен, өзіңіз түсініп отырғандай, бұл әлі түпкілікті жеңіс емес. Алда бізді жартылай финалдық ойындар күтіп тұр. Бірінші сегіздік бесінші турдың қорытындысы бойынша екі төрттікке бөлінеді. Еліміздің екі қаласында айналма турнирлер өтіп, үздік екеуі финалдық кезеңге шығады. Жақын күндері күнтізбе мен жартылай финалдық кезең өтетін қалалар бекітілуі тиіс. Ендеше, ең бастысы – еркінсімеу!
Алда турнирдің түйіндеу кезеңіндегі қиын ойындар күтіп тұрған жігіттерімізге табыс тілейміз!
«Тараз» клубының баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.