• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:42
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Нұржан Нұржігітов: Ауылдағы барлық мәселелер кешенді түрде шешілуі тиіс

turan_admin turan_admin
03.08.2022, 09:38
Облыс жаңалықтары
Нұржан Нұржігітов: Ауылдағы барлық мәселелер кешенді түрде шешілуі тиіс
172
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Республикалық және жергілікті жобалардың мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, ауылдардағы мәселелерді кешенді түрде шешуге күш салу керек. Тараз қаласы және аудан әкімдері мен басқарма басшылары қатысқан кеңесте Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов осылай деді.

Басқосуда экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова алдағы жылға арналған бюджет, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы, «Асарлатып үй салу», тұрғындардың тұрмыстық табысын арттыру пилоттық жобаларының орындалу барысы туралы баяндады.

Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру бойынша пилоттық жобасы қазіргі таңда 14 ауылдық окрукте іске асуда десек, ағымдағы жылы тағы 10 ауылдық округке қаржы бөлу қарастырылуда.

Облыс әкімі «Ауыл-Ел бесігі» жобасының талаптарына сәйкес ағымдағы жылы пилоттық жоба негізінде жүзеге асқалы отырған
10 ауылдық округтегі елді мекендерді кешенді дамыту мақсатында 2023 жылдың бюджетіне берілген өтінімдерді қайта қарап, қаржыны сол ауылдарға бағыттау керектігіне назар аудартты.

— Біз бұл жобалардың мүмкіндігін әр ауылда тиімді пайдалануға тиіспіз. Жергілікті тұрғындардың тұрмысын жақсартуға, ауылдағы әлеуметтік мәселелерді де қатар шешу барынша көңіл бөлу керек. Барлық жұмыстардың кешенді түрде орындалуы маңызды. Ол үшін пилоттық жобаға енген округтердегі өзекті мәселелерді талдап, шешу бойынша ұсыныстар әзірлеңіздер. Ауыз су, газ тарту, әлеуметтік нысандармен қамту бойынша жобалық сметалық құжаттарды тезірек дайындауға көңіл бөліңіздер, — деген Нұржан Нұржігітов аудандар мен басқармаларға бірлесіп жұмыс жүргізуді тапсырды.

Айта кетейік, ағымдағы жылға тапсырылған өтінімдерге сәйкес, барлық 24 ауылдық округтегі 37 ауылдық елді мекенде жалпы
9 565,1 млн. теңгеге 63 жоба іске асырылуда.

Аймақ басшысы жобалар бойынша ЖСҚ әзірлеп, бюджетке өтінім берудегі белсенділігі төмен аудандардан жауаптар алды.

— Біз жұмысқа деген мұндай көзқараспен тұрғындардың жағдайын жақсартып, мәселелерді шешуде қандайда бір нәтиже жете алмаймыз,-деді облыс әкімі.

Жиында «Асарлатып үй салу» жобасының орындалу жайы да талқыланды.

Биыл бұл жоба бойынша баспанаға мұқтаждарға 121 үй салып беру жоспарланған десек, оның бүгінге дейін 18-і пайдалануға берілген.

Аудан әкімдері жыл соңына дейін қалған барлық үйлер толығымен тапсырылады деп сендірді.

— «Асарлатып үй салу жобасының» түпкі мақсатын ұмытпаңыздар! Ол – жергілікті тұрғындарды ауылдастары үшін жаңа үйдің құрылысына жұмылдырып, бірлікке, қайырымдылыққа, мейірімділікке үндеуге негізделген.

Кейбір аудандарда ескі, бос үйлерді сатып алып, жөндеуден өткізіп жатқандар бар. Оны да игі іс ретінде атап өтуге болады. Демеушілер есебінен атқарылатын бұл жұмыстарды да құптаймыз. Дегенмен, ата-бабаларымыздың ізгі дәстүрін жаңғыртқан жобаның басты тәрбиелік мәні – кейінгі ұрпаққа үлгі болуы тиіс,-деді Нұржан Нұржігітов.

Жиын қорытындысымен аудан әкімдері мен басқарма басшыларына нақты міндеттер жүктелді.

Дереккөз-Жамбыл облысының әкімдігінің баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.