Тәуелсіздік күні аясында Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Сарыөзек ауылында медициналық тірек халық игілігіне берілді. Медициналық тіректе профилактикалық, акушерлік және мануалдық терапия жасауға арналған кабинеттер бар және қажетті заманауи құрылғылармен қамтылған.
Салтанатты ашылу рәсімінде аудан әкімі Карентаев Ермек Амангелдіұлы құттықтау сөз сөйлеп, тұрғындарға мықты денсаулық тіледі. Сондай-ақ, аудандық маслихат төрағасы Саурықов Нұртас Ұзақұлы жаңа мекеменің ашылуы тұрғындардың дер кезінде емшара алуына айтарлықтай септігін тигізетінін атап өтті. Сарыөзек ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Адашев Рысқұл осы ғимараттың құрылысына атсалысқан азаматтарға алғысын білдіріп, бата берді. Ары қарай ресми лента қию рәсімі өткізіліп, символикалық кілтін табыстау рәсімі өтті.
Айта кетейік, Мойынқұм ауданында 23 денсаулық сақтау нысандары бар. Тәуелсіздік жылдарында салынған осы нысандардың халық игілігін көріп келеді.










