• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
28.11.2026, 18:21
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ ШЕҢБЕРІНДЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫСТАР

turan_admin turan_admin
04.10.2018, 16:24
Облыс жаңалықтары
МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ ШЕҢБЕРІНДЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫСТАР
280
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

 

Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында  облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұловтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Марат Сейітбекұлы «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде жүргізілген жұмыстар туралы» баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

«100 нақты қадам: Баршаға бірдей қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспарының 80 қадамын іске асыру мақсатында облыс әкімдігінің қаулысымен «100 нақты қадам «Ұлт жоспарын» денсаулық сақтау саласы және әлеуметтік даму саласында түсіндіру жөніндегі Штаб құрылып, облыстық мәслихат шешімімен штаб құрамы бекітілді. Штаб құрамы мерзімінде жаңартылып тұрады.

Жыл басынан облыстық штабтың 20 отырысы өткізіліп, Тараз қаласының, Шу, Қордай, Жуалы аудандарының есептері тыңдалды.

Облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы мен аудан және Тараз қаласының әкімдері арасында келісімге қол қойылды. 8 айдың қорытындысы бойынша 330834 мың адамға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен қаладағы санаты анықталмаған азаматтар бойынша үй-үйді аралап, МӘМС жүйесін түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биылғы жылдың басынан қала бойынша жалпы 10430 үй араланды.

Тараз қаласы мен аудан әкімдері, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ҚЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы  тарапынан төмендегі іс-шаралар атқарылды:

1) қоғамдық орындарындағы, халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы және денсаулық сақтау ұйымдарындағы 184 дисплейлерде бейнероликтер көрсетіледі.

2) 14 қоғамдық сауда орындарында аудиороликтер қойылуда.

3) тұрғындарға 70362 дана ақпараттық-жарнамалық материалдар таратылды.

4) БАҚ-тарда 198 мақала жарияланды.

5) Облыстық «Jambyl», «77 ТВ» телеарналарында 20 сюжет берілді.

6) Әлеуметтік желілерде, ресми сайттарда, мобильдік қосымшаларда — 256 ақпарат орналастырылды.

Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысымен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің жаңа моделін түсіндіру бойынша 2018 жылдың маусым-тамыз айлары аралығындағы медиа-жоспарына сәйкес аудандық баспасөз ақпарат құралдары «Жамбыл Тараз», «Талас Тынысы», «Знамя труда», «Жаңа өмір» және «Шұғыла» атты газеттерде мақалалар басылып шықты.

Сонымен қатар, қаланың ірі және орта кәсіпорындарының ұжымдарына МӘМС жүйесін түсіндіру жұмыстары жүргізілді («Арайстроймаркет», «Керамик-Инвест», «Жамбылхимстрой», «ЖЗМК-Имсталькон» ЖШС және т.б.). Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда, — деді Марат Жұманқұлов.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Тараз бен Шымкенттің шенеуніктері сотталды

Тараз бен Шымкенттің шенеуніктері сотталды

26.11.2026, 14:41
Таразда ASPARA FASHION DAY 2026 Халықаралық сән фестивалі өтті

Таразда ASPARA FASHION DAY 2026 Халықаралық сән фестивалі өтті

21.11.2026, 20:35
Аппарат басшысының орынбасарлары тағайындалды

Туризм және инвестиция басқармасына жаңа басшысы тағайындалды

17.11.2026, 11:43
Жамбылдағы жаңа басқарма басшысы неге төрт айдан кейін Алматыға ауысты?

Жамбылдағы жаңа басқарма басшысы неге төрт айдан кейін Алматыға ауысты?

17.11.2026, 10:26
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Судың әр текше метрін есептеу ауылға не береді?

28.11.2026, 11:31

«Әділет» партиясы Жамбыл өңіріндегі 27 күндік үгіт-насихат науқанын қорытындылады

27.11.2026, 17:04

Мирас Жамалбек — “Қола домбыра” республикалық айтысының жүлдегері атанды

27.11.2026, 17:02

Филармония әртістері Бішкекте өнер көрсетті

27.11.2026, 16:59

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин AI Journey 2026 көрмесін аралады

27.11.2026, 14:28

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Марат Ирменов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараздағы тергеу изоляторына жаңа бастық тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Рысбеков Ескендір Нұрдәулетұлы: «Халық сенімі – менің басты жауапкершілігім!»

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.