• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
08.10.2026, 03:24
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

МІН ТҮЗЕЛСЕ ТАЛАП ТА АРТА ТҮСЕР

turan_admin turan_admin
02.02.2021, 12:53
Облыс жаңалықтары
МІН ТҮЗЕЛСЕ ТАЛАП ТА АРТА ТҮСЕР
218
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Дүйсенбі күні аудан әкімі Сәкен Арубаевтың Жамбыл ауылдық округі тұрғындары алдындағы есептік кездесуі Шайқорық ауылдық клубында санитарлық-гигиеналық талаптардың қатаң сақталуымен өтті.

Округе қарасты Бесжылдық, Танты, Қоңыртөбе, Шайқорық, Қапал елді мекендеріндегі 1293 аулада қазір 7350 тұрғын тұрады. Мұнда 14 ұлт өкілі етене араласып, ғұмыр кешуде. Аталған ауылдарда жол мәселесі жүйелі түрде шешімін тауып келеді. Мәселен, жалпы саны 47 көшесінің 28-і өткен жылы толықтай асфальттанған. Таза ауызсу мәселесі де байламын тапқан деуге толық негіз бар. Таразбен іргелес жатқан округке 2019 жылы республикалық бюджеттен 1 млрд 400 млн теңге бөлініп, бүгінгі таңда тіршілік нәрі әр үйдің іргесінде сылдырлап ағып тұр. Бесжылдық ауылынан өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін тұрғын үйге 115 жер учаскесі белгіленіп, көлемі 32,2 гектар алқапқа инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүйелері толықтай тартылды. Оған мемлекет тарапынан 14 млн 200 мың теңге, оның ішінде аудандық бюджеттен газ, электр қуаты, көше жолдары жобасына 2 млн 200 мың теңге қаражат бөлініп, сәтті жүзеге асты.

Сығырайып жанған тоқ көздерін қалпына келтіру үшін ескі бағаналар жаңартылып, трансформаторлар орнатылуда. Қазір Қапал ауылында бастау алған жұмыстар округ төңіреген толық қамтыйтын болады. Егінсудан тапшылық көрмес үшін Шайқорық, Танты ауылындағы каналдарға мемлекеттік «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 36 млн 646 теңге бөлініп, механикалық тазартудан өтті.
Округ бойынша 215 шаруа қожалығына егістік жерлер – 3244,32 гектар, көпжылдық екпелер – 523,35 гектар, жайылымдық жерлер – 3560,86 гектар, шабындық 160 гектар тиесілі. Ал ала жаздай жерге еткен еңбектің еш кетпесі үшін астық жинайтын комбайн, 15 камаз, 20 ЗИЛ, 7 ГАЗ-53 жүк көлігі және 22 трактор қолғабыс етуге әзір тұр. Спорт саласында да серпін бар. Жастар шағын футбол, волейбол, баскетбол секілді спорт түрлерімен тұрақты айналысуына шектеу жоқ. Осы және өзгеде ақпараттар баяндама барысында айтылды. Дегенмен, мін түзелгенмен, талапта арта түсетінін анық аңғартқан

Кеңес Тойбаев:«Жиынға кештетіп келгенім үшін ғафу өтінемін. Ауылда өзгеріс бар екенін жақсы білеміз, көріп те жүрміз. Шаңы көкке көтерілген көшелер тақтайдай тегістелді. Енді көлікке мінген азаматтар жылдамдықты шамадан тыс асыратын болды. Іс насырға шаппай тұрып жылдамдық тежегіш жер бөгеттері мен бейнебақылау камераларды орнатуымыз керек», – деді.

Зейнеткердің сауалына аудан әкімі Сәкен Арубаев:

– Міне, қараңыздаршы, қарияның өтініші өте орынды. Бастапқыда асфальт қажеттілігі байқалса, енді сол тегіс тарапқа жол белгілері орнатылса деген тілек туындап отыр. Бұл сұраныстан жағдайымыздың жақсарып келе жатқанын байқаймыз. Сауалыңыз назарға алынды, – деп жауап қайтарды. Жайылымның жылдан жылға тарылып бара жатқанын қынжыла жеткізген Ақшалов Шәріпбай мәселенің оң шешілуіне ықпал етуін өтінді. Бұл тұрғыда сөз алған аудан басшысы Сәкен Қаланұлы: Сіздің көтеріп отырған сауалыңызды назарға алатын боламыз. Қазір төрт-түлікпен ісі жоқ шаруалардың еншісінде пәленбай гектар жер алқабы жатыр. Оған өзгенің малы жайылсын деп рұқсат беретіндері жоқтың қасы. Сол үшін игерілмей жатқан бос егістік алқабы округ еншісіне берілетін болады, – деді.

Бұдан бөлек газ, жарық, егінсу мәселесі төңірегінде қойылған сауалдар ескеріліп, хаттамаға енгізілді.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппарат басшысы тағайындалды

Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппарат басшысы тағайындалды

06.10.2026, 10:02
Қыркүйекте көп оқылғандар: Жамбыл өңіріндегі маңызды жаңалықтар мен кадрлық ауыс-түйістер

Қыркүйекте көп оқылғандар: Жамбыл өңіріндегі маңызды жаңалықтар мен кадрлық ауыс-түйістер

06.10.2026, 07:57
«Таза Қазақстан»: Жамбылда полиция 240 есірткі жарнамасын өшірді

«Таза Қазақстан»: Жамбылда полиция 240 есірткі жарнамасын өшірді

05.10.2026, 19:05
ЖИ көмекшіден авторлық әдістемеге дейін: Жамбыл облысының педагогтері өз әзірлемелерін таныстырды

ЖИ көмекшіден авторлық әдістемеге дейін: Жамбыл облысының педагогтері өз әзірлемелерін таныстырды

30.09.2026, 18:08
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада Тоқаев пен Оман Сұлтанының келіссөздері басталды

07.10.2026, 17:00

Қазақстанда 444,6 мың адам жұмыссыз: Қай өңірлерде көрсеткіш жоғары?

07.10.2026, 16:57

Жамбыл облысында жанжалдан кейін көз жұмған оқушы ісі бойынша тергеу басталды

07.10.2026, 16:54

Қазақстанда әскери қылмыс құрбандарының саны ең жоғары деңгейге жетті

07.10.2026, 14:41

Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппарат басшысы тағайындалды

06.10.2026, 10:02

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ой шебері» зияткерлік ойынында оқылуға міндеттелген 5 кітап

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Кінәмді мойындамаймын»: Тараздың бұрынғы бас сәулетшілері сотта соңғы уәждерін айтты

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжіне жаңа директор тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.