• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:20
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға түлектерді конкурссыз тағайындау мүмкіндігі бар

turan_admin turan_admin
20.02.2026, 08:30
Қоғам
Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға түлектерді конкурссыз тағайындау мүмкіндігі бар
186
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Мемлекет басшысының мемлекеттік қызметке кірудегі артық кедергілерді жою және жұмысқа орналасу тәртібін жеңілдету жөніндегі тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі бастамасымен «ҚР Мемлекеттік қызметі туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Нәтижесінде 2023 жылдан бастап жас мамандар үшін мемлекеттік қызметке орналасу тетігі жеңілдетілді.

Атап айтқанда, мемлекеттік білім беру гранты негізінде жоғары білім алып, оқуын GPA көрсеткіші 3,33-тен төмен емес нәтижемен аяқтаған түлектер диплом алған күннен бастап бір жыл ішінде бірқатар мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға конкурссыз орналасу мүмкіндігіне ие болды.

Конкурссыз тағайындалатын лауазымдар:

  • облыс ауданы әкімінің және мәслихат аппаратының төменгі лауазымдары;

  • жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыс ауданы атқарушы органының басшылық емес лауазымдары;

  • аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының басшылық емес лауазымдары;

  • орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының аудандық бөлімшелеріндегі басшылық емес лауазымдар.

Конкурссыз тағайындалу шарттары:

  • Білім негізі — мемлекеттік грант бойынша оқу;

  • Үлгерім — GPA 3,33-тен төмен болмауы;

  • Уақыт шектеуі — оқу бітіргеннен кейін 1 жыл ішінде;

  • Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі аумақтық департаментінің келісімі.

Аталған норма білікті жастарды мемлекеттік қызметке тарту, өңірлердегі кадр тапшылығын азайту және жас мамандарды жұмыспен қамту мақсатында енгізілген.

Қазақстанда жастар үшін мемлекеттік қызмет — кәсіби өсуге, тұрақтылыққа және ел дамуына үлес қосуға мүмкіндік беретін маңызды мансаптық бағыт.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, 2023 жылдан бастап Жамбыл облысы аумағындағы мемлекеттік органдарға 55 жас маман аудандық деңгейдегі басшылық емес лауазымдарға конкурссыз қабылданды.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті тарапынан:

  • 2023 жылы – 5 түлекке;

  • 2024 жылы – 28 түлекке;

  • 2025 жылы – 22 түлекке мемлекеттік қызметке қабылдануға келісім берілді.

Бұл бастама жастардың әлеуетін тиімді пайдалануға және мемлекеттік аппараттың сапасын арттыруға бағытталған.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Айдархан Қалиев, дизайнер, «Aspara» брендінің негізін қалаушы:   «Бір көйлекті сапалы етіп шығару үшін мың рет толғанамын»

Айдархан Қалиев, дизайнер, «Aspara» брендінің негізін қалаушы: «Бір көйлекті сапалы етіп шығару үшін мың рет толғанамын»

03.09.2026, 12:23
Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

«Сайлау қорытындыларына күмән келтіруге негіз жоқ» – Азаматхан Әміртаев

24.08.2026, 15:50
«ХАЛЫҚ ҮНІ» САҚАДАЙ САЙ: ТАРАЗДА ТӘУЕЛСІЗ БАЙҚАУШЫЛАР ДАЯРЛЫҚТЫ АЯҚТАДЫ

«ХАЛЫҚ ҮНІ» САҚАДАЙ САЙ: ТАРАЗДА ТӘУЕЛСІЗ БАЙҚАУШЫЛАР ДАЯРЛЫҚТЫ АЯҚТАДЫ

21.08.2026, 20:05
Партиялардың ақпараттық жұмыстары: апталық шолу (7–13 тамыз 2026)

Партиялардың ақпараттық жұмыстары: апталық шолу (7–13 тамыз 2026)

14.08.2026, 20:55

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.