• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
16.10.2026, 05:13
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

МЕКТЕП АСХАНАЛАРЫНЫҢ МОНОПОЛИСТТЕРІ КІМДЕР?

turan_admin turan_admin
22.05.2022, 12:55
Жаңалықтар, Қоғам, Облыс жаңалықтары, Саясат
МЕКТЕП АСХАНАЛАРЫНЫҢ МОНОПОЛИСТТЕРІ КІМДЕР?
605
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Тараз қаласы мектептеріндегі асханаларды кімдер жалға  алып, қызмет көрсетіп жүр? Мемлекеттен бөлінген қаражат қалай жұмсалуда? 

Монополия болып кеткен бе?

Тараз қаласындағы мектептерді ыстық тамақпен қамтамасыз етуге үш компания қызмет көрсетіп жүрген. Олар: «Комбинат школьно-студенческого питания» ЖШС, «АЛЛАНА және Д» ЖШС, «Дәмді тамақтар» ЖШС.  Қаладағы 60 мектеп осы үшеуіне тиесілі. Тараз қаласында бір балаға тамақ құны  450 теңге болып бекітілген. Есептейтін болсақ, бір жылда 170 оқу күні деп санап, 19 237 балаға жергілікті бюджеттен  тегін ыстық тамаққа  1,3 млрд теңге  бөлінеді.  Оның қаншасы кімге тиесілі екенін мемлекеттік сатып алу порталынан таба алмадық.

 

Осы жылы Тараз қаласындағы орта мектептер мен гимназиялардың аз қамтылған отбасылардан шыққан мұқтаж оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз етуге  конкурс жарияланып, комиссия шешімі шықты.

Комиссия шешімі бойынша 49 мектептің 22 мектебі «Дәмді тамақтар» ЖШС, 10 мектебі «АЛЛАНА және Д» ЖШС, 6 мектебі  «А.Т.Тоқсейітов» жеке кәсіпкерлігіне берілген.  8 мектепте конкурс өтпей  қалып, қалған үш мектепті екі компания жеңіп алған. Барлық бөлінген  қаражат  355 млн теңге. Дегенмен қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу порталында комиссия шешімімен  келіспегендер шағым білдіріп, сол себепті конкурс уақытша тоқтатылған.

Қоғамдық кеңес нені анықтады?

Тараз қалалық Қоғамдық кеңесі тарапынан жүргізілген мониторингтік зерделеу жұмыстарынның нәтижесі бойынша бір балаға берілетін  450 теңгелік астың құнарлығы аз болатыны, бағасын көтеру туралы ұсыныс болды.

Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңес мүшесі, Жамбыл облыстық мәслихат депутаты, кәсіпкер Сауле Рысбаева қаладағы мектеп асханасын көріп, ашуға булықты. Себебі ол кісінің айтуынша, дәл осылай жұмыс істеу балаларға жасалып жатқан қылмыс болып саналады. Депутат өзі көрген  келеңсіздіктермен бөлісті: тауық еті лас ваннада, шәй қайнататын ыдыс  ешқашан жуылмаған, тоңазқышта дайын өнімдер мен шикізаттар бірге тұрған.

Тараздағы мектеп асханалары жұмысына депутаттардың  көңілі толмайды

Тараз қалалық ата-аналар кеңесінің төрайымы Ғалия Орынбайқызының айтуынша, мектептегі балаларға берілетін астың бағасын 450 теңгеден 750 теңгеге көтерген дұрыс. Бірақ, мұның екінші жағы бар. Асханадан тегін тамақтанатындардан бөлек ақылы түрде ас ішетіндер де бар емес?! Сол үшін де ата-анаға әр баласына  күніне тамаққа 750 теңге  беру  ауыр тиетін болады.

Ал, көпбалалы ана Хамида Сауранбекқызы «мектептегі  тегін  ас берілетін нормадан  аз, антисанитария, тамақтың ішінде  шаш жүреді»  деп ұлым айтады. «Шынымен де астың  дәмі жоқ, сылдыр су»  деген ойымен бөлісті.

Жергілікті бюджет қарастыратын балаларды тамақтандыру жүйесі «олигополияға»  айналып кеткені туралы бәрі айтады. Бір адам күніне жиырмадан астам мектепті бақылай алмайды. Сол үшін де балалар мен ата-аналар жағынан наразылықтар жиі орын алып тұратындығы заңдылық. Сапасыз қызмет көрсетушілерді тек қоғамдық бақылау арқылы ғана жөнге келтіруге болатын шығар.

Тегтер: асханаҚоғамдық кеңесолигополиятаразғ мектеп
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Қарақыстақ» – жасыл энергетиканың алғашқы қарлығашы

Шу ауданындағы жасыл энергетика: Өңірдің қуат көздері жаңа сатыға көтерілуде

14.10.2026, 23:51
Таразда тазалық талаптары қатаң бақылауда

Таразда тазалық талаптары қатаң бақылауда

14.10.2026, 23:41
Navai лақап атымен белгілі шетелдік азамат Жамбыл облысының аумағында ұсталды

Navai лақап атымен белгілі шетелдік азамат Жамбыл облысының аумағында ұсталды

14.10.2026, 20:37
8 ЖЫЛДАН БЕРІ ТОҚТАП ТҰРҒАН ХАНТАУ ЦЕМЕНТ ЗАУЫТЫ 3,2 МЛРД ТЕҢГЕГЕ САТЫЛАДЫ

8 ЖЫЛДАН БЕРІ ТОҚТАП ТҰРҒАН ХАНТАУ ЦЕМЕНТ ЗАУЫТЫ 3,2 МЛРД ТЕҢГЕГЕ САТЫЛАДЫ

14.10.2026, 13:41
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Берекелі отбасы – берік қоғам» іс-шарасы өтті

15.10.2026, 19:45

Шу ауданындағы жасыл энергетика: Өңірдің қуат көздері жаңа сатыға көтерілуде

14.10.2026, 23:51

Таразда тазалық талаптары қатаң бақылауда

14.10.2026, 23:41

Navai лақап атымен белгілі шетелдік азамат Жамбыл облысының аумағында ұсталды

14.10.2026, 20:37

Астанада Astana Media Week медиа апталығы басталды

14.10.2026, 14:13

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ой шебері» зияткерлік ойынында оқылуға міндеттелген 5 кітап

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Кінәмді мойындамаймын»: Тараздың бұрынғы бас сәулетшілері сотта соңғы уәждерін айтты

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжіне жаңа директор тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.