Жамбыл облысының әкімдігінің ақпараттық және қоғамдық даму басқармасының«Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және медиациялық қызметтер орталығының жұмысын ұйымдастыру» тапсырысы аясында, “Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы” заңды тұлғалар бірлестігі мен 2025 жылы 13 қараша күні Жамбыл ауданындағы, №7 орта мектебінде “Медиация институтының қоғамдағы рөлі” тақырыбындамұғалімдер арасында кездесу ұйымдастырылды.
Мақсаты:
Медиация институтының қоғамдағы рөлін көрсету, дауларды бейбіт жолмен шешу мәдениетін дамыту және адамдар арасындағы түсіністік пен сенімді нығайту.
Міндеттері:
1.Медиацияның мәні мен маңызын таныстыру;
2.Қоғамда дау-дамайларды шешудің бейбіт жолдарын насихаттау;
3.Қатысушыларға келіссөз жүргізу және қарым-қатынас мәдениетін үйрету;
Кездесу барысында «Жамбыл облысы Азаматтық Альянсы» ЗТБ басшысы, заң ғылымдарының магистрі — Дастан Исламбек Дастанұлы сөз сөйледі
Кездесу барысында медиацияның маңыздылығын атап өтіп, мұғалімдерге дауларды сабырлылықпен, өзара құрметпен шешудің әдістерін түсіндірді. Ол медиацияның тек оқушылар арасындағы қақтығыстарды реттеуге емес, сонымен бірге мектептегі түсіністік пен ынтымақтастық мәдениетін қалыптастыруға бағытталғанын айтты.
Сондай –ақ педагогтарды әр жағдайға әділ қарап, оқушыларды тыңдап, ортақ шешімге жетуге үйретуге шақырды. 
Кездесу барысында қатысушылар практикалық кеңестер алып, медиацияны күнделікті жұмыс тәжірибесінде қолданудың маңыздылығын түсінді Қорытындылай келе , кездесу мұғалімдерге медиацияның маңыздылығын көрсетіп, мектептегі түсіністік пен келісімді арттыруға сеп болды.





















