«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Басқарма төрағасының орынбасары лауазымына Есекеева Мансия Мұхтарқызы тағайындалды.
Бұл туралы ҮЕҰ-ға арналған гранттардың бірыңғай операторы хабарлады.
Мансия Есекеева – «гуманитарлық ғылымдар» магистрі. Азаматтық қоғам, жастар саясаты және мемлекеттік басқару саласында мол тәжірибесі бар.
Еңбек жолын экология, жаңа технологиялар, жастар, балалар мен жасөспірімдерді қолдау бағытындағы қоғамдық қорда басшылық қызметтен бастаған. Ақмола облысының жастар ресурстық орталығының басшысы, 2023 жылдан бері Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің Жастар саясаты мәселелері жөніндегі өңірлерді үйлестіру басқармасының басшысы қызметін атқарған.
Фото: egemen.kz







