• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
09.11.2026, 07:53
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Маңғыстаулықтар азық-түлік бағасын реттеудегі Жамбыл облысының тәжірибесімен танысты

turan_admin turan_admin
24.11.2021, 18:40
Облыс жаңалықтары
Маңғыстаулықтар азық-түлік бағасын реттеудегі Жамбыл облысының тәжірибесімен танысты
157
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жуырда ғана Премьер-Министр Асқар Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын реттеу мәселелері жөніндегі кеңесте Жамбыл облысындағы бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету шараларын оң бағалап, өзгелерге үлгі ретінде ұсынған болатын. Осыған орай Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Бекбол Орынбасаров бастаған делегация Жамбыл облысының оң тәжірибесімен танысуға арнайы келді. Қонақтармен кездескен аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев топ мүшелеріне әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру бойынша облыста атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты.

Облыс әкімі «Алқаптан сөреге дейін» жобасы аясында, тұрақтандыру қоры арқылы, сондай-ақ, азық-түлік тауарларын шекті мәннен төмен бағада өткеретін әлеуметтік дүкендердің жұмысы жайлы түсіндіріп өтті.

Өз кезегінде Бекбол Орынбасаров жамбылдықтардың оң тәжірибесін Маңғыстауда тиімді жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізуге ниетті екендіктерін жеткізді. Айта кетейік, облыс 19 әлеуметтік азық-түлік тауарларының 9 түрімен артығымен, 8 тауармен 50 пайызға қамтылған.

Облыста «Алқаптан сөреге дейін» жобасы аясында тауар өндірушілер өнімдерін делдалсыз тікелей дүкендерге жеткізуде. Жоба аясында жалпы жергілікті бюджеттен 1582,8 млн. теңге бөлінген. Тұрақтандыру қоры арқылы 574,7 млн. теңгеге 4468 тонна өнім өткеріліп, өткен жылмен салыстырғанда 2,5 есеге артты.

Облыста азық-түлік тауарларын төмендетілген бағада өткеретін 32 әлеуметтік павильон жұмыс істейді. Оның он бесі Тараз қаласында орналасса, он жетісі аудандардан ашылған.

Жалпы дүкендердегі тауарларға деген сұраныс күннен күнге артып, апта сайын олар арқылы 85,3 млн. теңгеге 115,5 тонна өнім және 86 мың дана жұмыртқа сатылуда.

Жыл басынан бері тұрақты түрде 53 жәрмеңке өтіп, онда 1392 тонна (423 млн. тг) ауыл шаруашылығы өнімдері нарықтағыдан 8-20 пайыз төмен бағада өткерілген.

Қазіргі таңда өңірде жалпы көлемі 3,5 мың тонна тұрақтандырылған көкөніс қоры жинақталған. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары және инфляцияға қарсы ден қою шараларының кешені тұрақты бақылауда.

Кездесуден соң маңғыстаулық топ Тараз қаласындағы әлеуметтік дүкендер мен Байзақ ауданындағы көтерме-тарату орталығының жұмысымен танысты.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Меркіде табиғи парктің жаңа ғимараты ашылды

Меркіде табиғи парктің жаңа ғимараты ашылды

06.11.2026, 17:57
Жамбыл Сматов: «Сіздің сеніміңіз – менің жауапкершілігім!»

Жамбыл Сматов: «Сіздің сеніміңіз – менің жауапкершілігім!»

05.11.2026, 13:06
Қағаздағы профилактика баланы құтқармады: Жамбылда шенеуніктер жазаланады

Қағаздағы профилактика баланы құтқармады: Жамбылда шенеуніктер жазаланады

05.11.2026, 07:33
Ербол Қарашөкеев ұлттық құрама бапкерлерімен жүздесті

Ербол Қарашөкеев ұлттық құрама бапкерлерімен жүздесті

04.11.2026, 15:47
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЮНЕСКО тізімдері қазақстандық жаңа рухани құндылықтармен толығуда

08.11.2026, 12:36

Алина Мейірбекқызы: жастарға жаңа мүмкіндіктер

07.11.2026, 05:24

Самал Байкеева: үш ауылдың дамуы – басты назарда

07.11.2026, 04:34

Индира Тоғанбаева: ауыл дамуы – басты міндет

07.11.2026, 04:24

Эльвира Көшкінбаева: ауыл дамуы мен халық игілігі

07.11.2026, 04:19

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.