• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 18:27
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Мәселеміз шешілсе дейді қоғамдық қабылдауға келгендер

turan_admin turan_admin
28.08.2018, 16:46
Облыс жаңалықтары
Мәселеміз шешілсе дейді қоғамдық қабылдауға келгендер
503
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter


Партияның аудандық филиалы жанындағы қоғамдық қабылдауда аудан тұрғындары жиі болып тұрады. Уақыт үдерісінде қандай қиындықтар болмасын, халықтың қиналмауы үшін барын салып, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын ескеріп, өзекті мәселелерді атқарушы билікті қатыстыру арқылы дер кезінде шешіп келеді. Бір ғана мысал, сейсенбі күні «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ғимаратында партия аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Асқар Қырықбаевтың қатысуымен қоғамдық қабылдау өтті.

Қабылдауға келгендер көкейде жүрген сауалдарын жолдап, Асқар Санатұлынан мәселелерін шешіп беруін өтінді. Атап айтқанда Құлан ауылының тұрғыны Сауаткүл Жидебаева тарих пәнінің мұғалімі мамандығын алған қызының жұмыссыз жүргенін, Луговой ауылының тұрғыны Дария Тулендибаева басында баспанасы жоқтығын сөз етті. Құлан ауылының тағы бір тұрғыны Оразкүл Несіпбекова болса Тұрар Рысқұлов көшесіне асфальт төсеуге ықпал етуін сұранды. Зәуімен бір келгенде меселін қайтармай, тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлерді заматында орындауды жөн көретін аудан әкімі жұмыс пен баспана мәселесін шешіп беретінін айтып, қамкөңіл жандарды жұбатты. Ал, Тұрар Рысқұлов көшесіне жуық арада асфальт төселетінін жеткізді.
Қоғамдық қабылдауға келген әр тұрғынның өтініш-шағымдары жауапсыз қалмай, шешімін тауып жатқандықтан болар, қабылдауға жазылған азаматтардың қарасы көп бүгінде. Соның бірқатарын партия аудандық филиалының ғимаратында Президенттің бес әлеуметтік бастамасын бақылау жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі, облыстық мәслихаттың депутаты, Жамбыл облыстық онкологиялық диспансерінің бас дәрігері Абай Нұржанов қабылдады. Сәрсенбі күні өткен қоғамдық қабылдау кезінде онымен бірге Президенттің бес әлеуметтік бастамасын бақылау жөніндегі қоғамдық кеңестің хатшысы, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы саяси жұмыс бөлімінің меңгерушісі Айнұр Келімбетова да болып, қабылдауға келгендердің сан түрлі сауалдарына құлақ түрді. Сонымен қатар, аудан әкімдігінің бірқатар бөлім басшылары келіп қатысты. Қабылдауда қойылған сұрақтардың дені үй алу, үй салу немесе жеке бизнес ашу жолдары болды. Мәселен, Құлан ауылының тұрғыны Айгүл Қанаева «7-20-25» бағдарламасы аясында үй алуға мүмкіндігім бар ма, деген сұрақпен қайырылса, Тегін алған жер теліміне үй салуға қаражаты жоқ Каменка ауылының тұрғыны Бақтияр Асқар мемлекет жерді қайтарып алып қоя ма деп алаңдайды. Сол секілді құландық Индира Алимбаева аудан орталығынан дүкен ашқысы келеді екен. Өз кезегінде ол бизнес жоба арқылы несие алу жолдарын сұрады. Осы және өзге де көптеген сауалдарға жауап берген Абай Құралбекұлы мен Айнұр Шайызханқызы қабылдауға келгендерге Елбасының бес әлеуметтік бастамасы, сондай-ақ міндетті медициналық сақтандыру туралы қысқаша түсінік беріп отырды.

Мереке СЕЙДАШЫМ.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12
«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.