• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Мүгедектігі бар адамдарды алып жүретіндер пойыз билеттерін жеңілдікпен алады

Ерекше қажеттілігі бар жандарды алып жүретін адамдар теміржол билеттерін 50% жеңілдікпен сатып ала алады

19.03.2025
0
Мүгедектігі бар адамдарды алып жүретіндер пойыз билеттерін жеңілдікпен алады
75
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Еліміздің көлік ведомствосы жолаушыларды теміржол көлігімен тасымалдау ережелеріне бірқатар өзгеріс енгізуді ұсынды. Жаңартылған нормалар ерекше қажеттілігі бар азаматтар мен оларды алып жүретін тұлғаларға арналған жеңілдіктерді кеңейтуді көздейді. Атап айтқанда, I және II  топтағы мүгедектігі бар азаматтарды, сондай-ақ ерекше қажеттілігі бар балаларды алып жүретін жандардың жол жүру құнына 50% жеңілдік беру ұсынылып отыр (теміржол билеті).

Сонымен қатар, енді ерекше қажеттілігі бар азаматтардан пойызға міну кезінде медициналық мекемелерден алынатын анықтамалар мен құжаттарды көрсету талап етілмейді. Көлік ведомствасы бұл рәсімді Жолаушыларды тасымалдау ережелерінің 44-тармағынан құжат тапсыру талабын алып тастау арқылы жеңілдетуді көздеп отыр. Енді қажетті ақпарат автоматты түрде арнайы деректер базасы арқылы тексеріледі. Бұл шаралар ерекше қажеттілігі бар азаматтардың құқығын қорғауға бағытталып отыр.

Аталған жаңашылдықтарды ҚР Көлік министрлігіне қарасты Теміржол және су көлігі комитетінің мамандары дайындады. Қазіргі уақытта бұл өзгерістер мақұлдау сатысында тұр. Ережелерді 2025 жылдың екінші жартысында күшіне енгізу жоспарда бар. 

Айта кетейік, қазіргі таңда барлық топтағы мүгедектігі бар азаматтар үшін әлеуметтік маңызы бар бағыттарда жүретін пойыздарға 50% жеңілдік қарастырылған.

Жолаушылардың ыңғайлы жүруін қамтамасыз ету мақсатында отандық «ЗИКСТО» зауытымен 157 жаңа жолаушылар вагонын жеткізу туралы келісім жасалды. Оның ішінде 14 вагон мүмкіндігі шектеулі азаматтарға бейімделген. Биыл 4 вагон пайдалануға берілді, тағы 10 вагон жыл соңына дейін іске қосылады деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, 2025-2030 жылдар аралығында «Штадлер – Қазақстан» зауытымен жасалған келісім аясында елімізге тағы 557 жолаушылар вагоны жеткізіледі. Оның 35-і ерекше қажеттілігі бар жолаушыларға арналған арнайы купелермен жабдықталады.

Уәкілетті орган мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет көрсету сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Теміржол құрамынан бөлек, вокзал инфрақұрылымын да бейімдеу жұмыстары қолға алынған. Биылғы теміржол вокзалдарын ауқымды жаңғырту аясында вокзалдар мен перрондарға пандустар орнатылады, арнайы көтергіш құрылғылар енгізіледі және тактильді бағыттаушы жолақтар салынады.

Көлік министрлігі

Тегтер: жеңілдіккөлік министрлігімүгедектігі бар адампойыз

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты