• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
08.09.2026, 14:18
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Ұлттық өнермен қолдау тапқан аналар: «Шебер Шаңырақ» бірлестігінің әлеуметтік серпіні

Қоғамда әрбір адам өз орнын табуға, әлеуетін ашуға лайық. Ал осы жолда қолдауға, бағыт-бағдарға зәру әлеуметтік осал топтағы аналар үшін «Шебер Шаңырақ» мүгедектер қоғамдық бірлестігі шын мәнінде жаңа өмірге жол ашатын мүмкіндік алаңына айналып отыр.

turan_admin turan_admin
03.07.2025, 16:25
Азаматтық қоғам институттары
Ұлттық өнермен қолдау тапқан аналар: «Шебер Шаңырақ» бірлестігінің әлеуметтік серпіні
37
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Бірлестік қазақтың дәстүрлі қолөнерін жаңғырта отырып, нәзік жандылардың кәсібін ашуға, табыс табуға, қоғамда өз орнын табуға бағыт-бағдар беруде.

«Шебер Шаңырақ» өз жұмысын мүмкіндігі шектеулі аналар мен әлеуметтік осал топтағы әйелдерді қолөнерге, кәсіпке баулу арқылы жүзеге асырып келеді. Олар жасаған ұлттық нақыштағы бұйымдар — тұрмыстық қолдануға лайықталып, заманауи үлгіде өңделіп, отандық нарыққа шығарылуда. Бұл – әрі табыс көзі, әрі қазақтың ұмыт бола бастаған өнерін қайта тірілтудің нақты жолы.

Ұйым қолөнер шеберлерінің көрмелеріне белсене қатысып, жергілікті және халықаралық деңгейдегі шараларға аналардың қатысуына жағдай жасап келеді. Соның ішінде ерекше атап өтуге болатыны – «Тараз – қолөнершілер қаласы» халықаралық көрмесіне екі жыл қатарынан жүзге жуық ананың қатысуына мүмкіндік тудырғаны. Бұл – көпбалалы, жалғызбасты, мүмкіндігі шектеулі аналар үшін үлкен мотивация, қоғаммен қайта қауышу мүмкіндігі болды.

Ұйым ұйымдастырған «Ұмыт болған оюлар» фестивалі — ұлттық құндылықтарды жаңғыртып, жас буынның рухани тәрбиесіне де үлес қосты. Сонымен қатар, мемлекет басшысының назарына ұсынылған қолөнер көрмесін ұйымдастыру мәртебесіне ие болғаны — ұйымның кәсібилігі мен беделінің дәлелі.

Бүгінде «Шебер Шаңырақ» мүмкіндігі шектеулі аналарға тегін тігін курстарын ұйымдастыруда. Бұл бастама көптеген ананың өміріне жаңа серпін беріп, олардың кәсіби әлеуетін арттыруда. Тек тігін емес, бірлестік орта және шағын кәсіппен айналысқысы келетін әйелдерге бизнес жүргізудің қыр-сырын үйретіп, тәжірибе алмасу мен қолдау алаңына айналған.

Қайырымдылық – ұйым қызметінің ажырамас бөлігі. Түрлі әлеуметтік шараларға қатысып, көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп келеді. Бұл арқылы ұйым қоғамдағы әйел мәртебесін көтеріп, дәстүрлі қазақ қоғамындағы ананың, әйелдің орнын қайта жаңғыртуда.

«Шебер Шаңырақ» — бұл қолөнер мен қайырымдылықты ұштастыра отырып, әйелдердің жаңа өмірге, жаңа табыс көзіне қадам басуына себепші болған нағыз әлеуметтік бастама. Ең бастысы – бұл ұйым нәзік жандыларға сенім сыйлап, олардың қоғамдағы өз орнын табуына көмектесіп келеді.

Ақпарат Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасы мемлекеттік ақпараттық тапсырыс негізінде жарияланды.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Жамбыл облысында грант иегерлеріне менторлық қолдау көрсетілуде

Жамбыл облысында грант иегерлеріне менторлық қолдау көрсетілуде

08.09.2026, 12:05
Таразда ҚХА медиация институтын дамытуға арналған семинар-тренинг өтті

Таразда ҚХА медиация институтын дамытуға арналған семинар-тренинг өтті

31.08.2026, 16:36
Таразда «Үміт шуағы» жобасы аясында «Зорлық-зомбылықсыз отбасы – бақытты қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Таразда «Үміт шуағы» жобасы аясында «Зорлық-зомбылықсыз отбасы – бақытты қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

31.08.2026, 16:30
«Әділет» партиясы Жамбыл облысындағы үгіт-насихат науқанын қорытындылады

«Әділет» партиясы Жамбыл облысындағы үгіт-насихат науқанын қорытындылады

25.08.2026, 17:25

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында грант иегерлеріне менторлық қолдау көрсетілуде

08.09.2026, 12:05

Тұрар Рысқұлов ауданында жаңа үйлер беріліп, 2 млрд теңгеге тарихи Түрксіб вокзалы жаңғыртылды

08.09.2026, 09:31

Жамбыл облысында бұрынғы аға прокурор екі айға қамауға алынды

07.09.2026, 17:23

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.