• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
13.11.2026, 03:49
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

«Өлеңді өмірмен ұштастыра беру қателік» – Бектас Жұман

turan_admin turan_admin
03.09.2021, 13:12
Азаматтық қоғам институттары, Мәдениет
«Өлеңді өмірмен ұштастыра беру қателік» – Бектас Жұман
84
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Ұрпақтар сабақтастығын және Қазақстан халқының дәстүрлерін танымал етуді қамтамасыз ету, өнерді насихаттау мен ту ету – бүгінгі бір парызымыз. Тәуелсіздік алғаннан бергі кезеңде қазақ поэзиясы мен көркемсөз оқу өнері жаңа буынмен толығып келеді. Сол қатардағы талантты ұлдың бірі – Бектас Жұман.

Ақындығы өз алдына, көркемсөз оқығанда тыңдарманын оқиға ішіне кейіпкер қылатын Қарағанды облысының тумасы. Талай республикалық жарыстарда жүлде алған. Бүгінде Бектас Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің 4 курс студенті. Республикалық Үздік ғылыми жобалар байқауында «Дарын» номинациясы бойынша «Жас ғалым» төсбелгісімен марапатталған. Қай салада да қатарының алды боп жүрген Бектас Жұман өлең де жазады. Тіпті көркемсөз оқығанда алдына жан салмайды.

Жалпы жүректен шыққан сөз, жүрекке жетеді дейді ғой. Кез келген өлеңді мәнерлеп оқымас бұрын ол өлеңді жан тәніңмен түсініп алған жөн. Содан соң барып кейіпкердің хәлін түсініп, актер болып сол кейіпкердің образына кіре отырып мимика арқылы жеткізе білу қажет. Қандай да бір жаңа өлеңді бір оқығаннан ақ нақышына келтіре оқу үлкен дайындық, қажырлы еңбектің жемісі — дейді.

Өмірзая жұлдызындай артына із тастап кеткен таланттар жетерлік. Сол ұлылардан қалған туындылардың шырағын өшірмей ел есіне салып тұратын Бектас сынды өнерлі азаматтарға қолдау білдіру, жігерін жанып, қанаттандыра түседі емес пе?! Кез келген шығарманы мәнерлеп оқып қана қоймай өзі де өлең жазатын Бектас «үлкен сахна мен қалың көрерменді көз алдыма елестетіп, шабыттана түсемін» — дейді.

Өлең жазу барысында ақ, сол өлеңді дауыстап оқып, оқырманға қалай жетер екен, қалай естіліп, қалай қабылдар екен деген оймен оқып отырамын. Сол сәтте үлкен сахна мен қалың көрерменді көз алдыма елестетіп, шабыттана түсемін – деп толғанды.

Нұрғали Ораздың «Қайыршының жұлдызы» атты шығармасы бар. Сол шығармадағы басты кейіпкер спектакльде қайыршының рөлін ойнауы керек болады. Ол сол образын шыңдау үшін күн сайын базарға барып, қайыршыларды бақылайды. Аяғында өз рөлін жоғарғы деңгейде сомдап шыққан ол қайыршыға айналып кетеді. Яғни, өнер шын берілсең тағдырыңа айналады дейтін түсінік бар. Бірақ, Бектас олай ойламайды.

Тағдырды өлеңге сыйғыза алатын шығармыз, бірақ, өлеңді тағдырға айналдыру, мен үшін жат нәрсе. Өлеңнің барлығын өміріңмен ұштастыра беру өте үлкен қателік… Туа бітті таланттар көп жағдайда мақсатына жетеді. Десе де, талант пен қоса еңбек, ізденіс болмаса, құр талантпен ұзаққа шаппасы анық. Кез келген жетістіктің 99 пайызы еңбектен тұрады ғой.

Қазіргі кезең өнердің емес, еңбектің кезеңі. Тіршілік алдыға шыққан уақытта руханият әлсірей бермек. Алайда, адамның жаны аза бастағанда рухани құндылықты қаза бастайды. Бұл жайлы Бектастың да өзіндік пікірі бар.

Бұл өмірде ештеңе де мәңгі емес. Бизнес те, блогерлік те бір күні болмаса, бір күні қалары анық. Ал, өлең өлмейді. Өлең дейтін құдірет адамзат өмір сүргенше бізбен бірге өмір сүре береді.

Мектепте оқып жүргенде-ақ өнерімен көзге түсіп, талай оқушылар арасындағы байқауларда топ жарған Бектастың алғашқы бапкері, яғни ұстазы Эльвира Нүркенқызы «атағын жеке бастың қамы үшін алға тартпайтын азаматтардың бірі» — деп бағасын берді.

Бектас Бақытұлы — қайсарлығы мен өрлігін қару еткен, ақындығын тамам елге аян еткен, тәрбиесі мен білімі біте қайнасып өсіп келе жатқан жас шынар. Халық үшін тер төгуде аянбайтын, жау алдында бойын бұғып қалмайтын, атағын жеке бастың қамы үшін алға тартпайтын азаматтардың бірі. Алланың қалауымен әлі де өнер үшін, ел үшін жан мен тер аямай еңбек етері даусыз!

Жас болса да бас болып, шығармашылық жолда шыңдалып келе жатқан Бектас Бақытұлының алға қойған межесіне кедергісіз жетуіне тілектеспіз.

Мақала Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Ұрпақтар сабақтастығын және Қазақстан халқының дәстүрлерін танымал етуді қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін іске асыру» мемлекеттік гранты аясында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің қолдауымен «Жетістіктің тарихы» жобасы аясында әзірленді.

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/debiet/poeziya/66136/

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Жазушымен бір күн» жобасы Берік Шаханұлының шығармашылығына арналды

«Жазушымен бір күн» жобасы Берік Шаханұлының шығармашылығына арналды

12.11.2026, 10:51
«Цифрлық инклюзия: тең мүмкіндік» облыстық байқауы өтті

«Цифрлық инклюзия: тең мүмкіндік» облыстық байқауы өтті

12.11.2026, 10:42
Филармония өнерпаздары студент жастарға мерекелік концерт тарту етті

Филармония өнерпаздары студент жастарға мерекелік концерт тарту етті

11.11.2026, 01:12
«Кітап оқитын ұлт» марафоны аясында кітап талқылау кездесуі өтті

«Кітап оқитын ұлт» марафоны аясында кітап талқылау кездесуі өтті

10.11.2026, 12:35
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

138 stem-кабинеті және 10 IT-хаб: «Әділет» партиясының білім беру бағытындағы жоспарлары таныстырылды

12.11.2026, 20:07

Рысбеков Ескендір Нұрдәулетұлы: «Халық сенімі – менің басты жауапкершілігім!»

12.11.2026, 16:28

Вице-министр жолаушыға медициналық көмек көрсетті

12.11.2026, 14:58

Қазақстандағы екі ірі компанияның басшылары ұсталды

12.11.2026, 12:21

«Жазушымен бір күн» жобасы Берік Шаханұлының шығармашылығына арналды

12.11.2026, 10:51

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына «Әділет» партиясы» тізіміне кімдер енді?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.