• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
18.08.2026, 04:24
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

ҚҰЛАНДЫҚТАР ӘЛЕУЕТІН ӨЗ ДЕҢГЕЙІНДЕ ПАЙДАҒА ЖАРАТУДА

turan_admin turan_admin
26.07.2018, 12:26
Облыс жаңалықтары
ҚҰЛАНДЫҚТАР ӘЛЕУЕТІН ӨЗ ДЕҢГЕЙІНДЕ ПАЙДАҒА ЖАРАТУДА
232
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Т.Рысқұлов ауданында жұмыс сапарымен болған облыс әкімі Асқар Мырзахметов өңір активімен кездесіп, жыл басында бекітілген индикаторлық көрсеткіштердің орындалу жай-күйін жан-жақты талқылады. Өз кезегінде салалық басқарма басшылары өңір дамуында оң динамика сақталғанын сәйкесінше ауданның потенциалының жоғары екендігін атап өтті. Ауданның экономикалық-әлеуметтік әлеуетіне 3 бағытта жүргізілген талдау нәтижелері осыны айғақтайды. Алайда аудан әкімдігі басқармалармен жасалған 131 индикатордан тұратын келісімнің 8-іне қол жеткізе алмады. Мәселен құрылыс саласында ұсынылған 7 жоба әлі күнге дейін қолға алынбаған. Себебі олардың жобалық-сметалық құжаттары талапқа сай түзілмеген. Есесіне ауданның агро саладағы жетістіктеріне көз сүйсінеді. Ауыл шаруашылық мақсаттағы 143 мың гектар жер толығымен кәдеге жаратылған. Тыңайтқышпен қамту ісінде де өзге өңірлерге үлгі болатын жұмыс бар. Мал, егін шаруашылығы бойынша да межелі міндеттер өз мерзімінде орындалған. Алайда Құландық шаруалардың субсидия арқылы алынған тыңайтқышты үстеме бағамен Қырғызстанға өткізетіні белгілі болды. Облыс әкімі әлгіндей әрекетке барғандарды «қара тізімге» алып, мемлекеттік қолдаудың барлық түрінен қалыс қалдыру туралы ұсыныс білдірді. Алдағы уақытта мұндай заңсыздыққа жол берген шаруалар мемлекеттен берілетін барлық жеңілдіктен айрылуы мүмкін. Сондай-ақ жерді игеру саласындағы жұмыстың сылбырлығы да өңір басшысының назарына ерекше ілікті. Есесіне шаруалардың жерге деген сұранысы жоғары. Тек жайылымдық мақсатта пайдалануға 219 мың гектар жер қажет етіледі. Шаруалардың қажеттілігін уақытылы өтеу уәде етілгенімен жерді мақсатты игеру бағытындағы жұмысты жүйелеуде жергілікті билік әлі де жайбасарылық танытуда. Ауыз сумен қамту жұмыстары да талапқа сай емес. 42 елді мекеннің 17-сі тіршілік нәріне зәру. Сондай-ақ 25 елді мекендегі 30 мың тұрғын орталықтандырылған суландыру жүйесіне қосыла алмай келеді. Салалық басқарма басшылығы ауданды газ бен ауыз сумен қамтудағы жұмыстың жоқтығын айтып, қателікке жол берген жауаптыларды жазалауды ұсынды.
Облыс әкімі Құландағы қарбалас тірлікке қанағаттанарлық деген баға беріп, кей саланың дамуына тежеу болған мәселелерді жан-жақты талдап, уақыт оздырмай шешу қажеттігін баса назарда ұстауды тапсырды. Түс ауа аймақ басшысы Меркі ауданында дәл осындай форматта жиын өткізіп, өңірде есепті кезеңде атқарылған жұмысты сараламақ.
Ақпарат Біржан Сартбек фейсбук аккаунтынан алынды

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Таразда балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша семинар өтті

Таразда балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша семинар өтті

15.08.2026, 17:33
Партиялардың ақпараттық жұмыстары: апталық шолу (7–13 тамыз 2026)

Партиялардың ақпараттық жұмыстары: апталық шолу (7–13 тамыз 2026)

14.08.2026, 20:55
68 млн теңге кімге бұйырды? Жамбылда білім саласының үздіктері марапатталды

68 млн теңге кімге бұйырды? Жамбылда білім саласының үздіктері марапатталды

14.08.2026, 13:49
Мырзабосынов мереке қарсаңында спорттық менеджерлерге құрмет көрсетті

Мырзабосынов мереке қарсаңында спорттық менеджерлерге құрмет көрсетті

13.08.2026, 20:20

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қорғаныс министрінің орынбасары оңтүстіктегі әскери нысандарды тексерді

17.08.2026, 14:54

Сөз бостандығы мен жауапкершілік қатар жүруге тиіс

17.08.2026, 11:40

Ferrari-дің алғашқы электромобилі 40 миллион долларға сатылды

17.08.2026, 09:59

Мультимиллионер қазақтың журналист қызымен отбасы құрды

16.08.2026, 18:54

Таразда балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша семинар өтті

15.08.2026, 17:33

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбылда білім саласында байқау мен конкурстарға жауапты мекеме басшысы тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл прокуратурасында кадрлық ауыс-түйіс орын алды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстандықтардың басым бөлігі Қ.К.Тоқаевқа сенім білдіреді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қаласында «Taraz-Insight 2026» әлеуметтік жобасы іске асырылады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.