• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 01:31
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

ҚИЫН КЕЗДЕ ҚОЛДАҒАН, ӨЗ ІСІНЕ АДАЛ АДАМ

Қазіргі таңда елімізде  5,5 мыңнан астам адвокат бар екен. Жыл сайын миллиондаған сот ісі жүргізілетінін ескерсек, бұл бір адвокаттың орташа есеппен бір айда 20-30 істі қатар алып жүретінін көрсетеді.

turan_admin turan_admin
07.08.2024, 10:40
Облыс жаңалықтары
Алия Арзымбетова

Алия Арзымбетова

743
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Адам құқығын қорғау. Адвокаттың басты мақсаты, міне – осы. Сол себепті заң үстемдік құратын елдерде бұл мамандық иелеріне деген сұраныс та, құрмет те жоғары. Ал құқық қорғаушылар туралы сөз қозғағанда, есімізге қазақтың біртуар ұлы, халқымыздың ең алғашқы адвокаты, Алаш қайраткері Райымжан Мәрсеков түседі.  Бүгінде дәл осындай азаматтың  жолын жалғап, қараша халықтың қамын ойлап, ағайынның алғысын арқалап жүрген адвокат аруларымыз да аз емес. Міне, солардың бірі – адвокат Алия Арзымбетова.

 Тарихқа сәл шегініс жасасақ, әлемдегі алғашқы адвокаттар Ежелгі Римде пайда болған деп есептеледі. Дүние жүзіндегі адвокатураның дамуының  бастау көзіне айналған Римде бұл мамандық халыққа қолжетімді және мемлекетте жоғары әрі  құрметті лауазымды атқарудың бірден-бір жолы болған. Сонымен қатар осы елді  әлемдегі адвокатура институты қалыптасқан екен.

 Ал тәуелсіз ел тарихында алғаш рет қазақстандық адвокатураны ұйымдастырудың және оның қызметінің демократиялық қағидаттары, сондай-ақ адвокаттық қызметтің кепілдіктері 1997 жылғы 5 желтоқсанда қабылданған «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілген.

Еркіндік таңымен бірге түлеп, көк тулы мемлекет азаматтарының  құқығын қорғау қызметкерлері де күн санап артып келеді. Қазіргі таңда елімізде  5,5 мыңнан астам адвокат бар екен. Жыл сайын миллиондаған сот ісі жүргізілетінін ескерсек, бұл бір адвокаттың орташа есеппен бір айда 20-30 істі қатар алып жүретінін көрсетеді. Бұл қатарда кейіпкеріміз Алия Исмаділдақызы да бар.  Болашақ заңгер 1987 жылы желтоқсан айының 7 күні екі мың жылдан астам  тарихы бар Тараз шаһарында өмір есігін ашқан. Мектепті үздік бітірген талапты жас М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік  универиситетінің «Экололог» және «Заңгер» мамандығын тәмамдайды. Ол жоғары оқу орнында жүріп-ақ  студенттер Альясының көшбасшысы атанады. Сондай-ақ 2008-2011 жылдар аралығында «Тараз достары» жастар қоғамдық бірлестігінің төрайымы,  2008-2009 жылдар аралығында  «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры болса,  2009 жылдан 2014 жылға дейін осы бірлестіктің президенті лауазымына көтеріледі. Сөзіне берік,  ісіне адал Алия осылайша биікке қанат қағып  2014 жылы Тараз қалалық №2 сотының бас маманы әрі сот мәжілісінің хатшысы қызметін қатар атқарып, 2020 -2021 жылдар аралығында  облыстық заң консультациялар Палатасында заңгер болды. Ал  2021 жылдан бастап облыстық адвокаттар алқасының адвокаты болып табанды жұмыс істеп келеді.

Жоғарда атап өткеніміздей, жастардың бел ортасында, халықтың арасында жұмыс істеп жүрген жас маман, әрі қарай қызметін қылмыстық істер қаралатын сотта жалғастырды. Кейіпкеріміздің айтуынша, талайлы тағдырлар, жазықсыз аққан көз жас, екі жақтың міндетті түрде біреуі соттың үкіміне көңілінің толмағаны оны адвокат  болуға алып келіпті.

Қазақтың әйгілі әскери қолбасшысы, Кеңес Одағының Батыры, жерлесіміз Бауыржан Момышұлы бір сөзінде «Именіп жүріп көрген игіліктен, қарсыласып жүріп көрген бейнет артық» дейді. Осы сөз менің өмірлік ұстанымыма айналған. Заң оның ішінде қорғау саласында әділ күресіп, қарсыласып жұмыс істегенді жақсы көремін. Қорғауымдағы адам заң шеңберінде кінәлі болғанымен, қылмысын барынша жеңілдетуге, отбасымен тезірек қауышуына септігімді тигізуге тырысамын. Өзімнің жұмысым қатты ұнайды. «Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық» демекші, жұмысқа ерте келемін. Көбінесе қылмыстық істерге қатысып, қорғауымдағы адамдарға тергеу изоляторына барамын. Cот кезінде бір-бірімізге жақын бауырдай болып кетеміз. Осы кезге дейін талай көз жасты көрдім, барынша сабырлы болып жұбатуға тырысамын. Жалпы жұртым үшін адал жұмыс істеп, корғаушымның және жақындарымның көзінен қуаныш көргім келеді, – дейді Алия Исмаділдақызы.

     Әрине, адвокаттың басты парызы – әділдік үшін өз қорғауындағы азаматтың  құқығын қорғау. «Жамбыл облысы Азаматтық альянсы» ЗТБ президенті Исламбек Дастан кейіпкеріміздің бойынан осы асыл қасиетті сонау студент шақтан байқағанын айтады.

  – Біз бір универиситеттің қабырғасында бірге білім алып, студент шақтың оралмас шақтарын бірге өткіздік. Менің білуімше,  бауырмал Алияның бір бойында бірнеше қасиет бар. Біріншіден, ол өзінің қолға алған әр жұмысына жауапкершілікпен қарайтыны арқылы азаматтық тұлғасын қалыптастырып үлгерді деп санаймын.  Екіншіден,  жұмысы жүйелі, ісі тиянақты. Үшіншіден, өзіне, сөзіне тұрақты адам ретінде жақсы білемін.

 «Ер жігіттің басынан не өтпейді» дегендей, бір жылдары басыма қиын күн туып,  үстімнен қылмыстық іс қозғалған болатын. Сол кезде Алия менің адвокатым болып, тергеу амалдарына белсене араласып істің оң шешімін табуға көмектесті. Сондықтан да оның адамдық қасиетінің алдында басымды иемін. Бәрімізге мәлім, әр заманда әр түрлі мамандықтың қажетті кезеңі туындап отырады. Мәселен, бүгінгі дәуір адам құқы басты мәселе болып тұрған шақ.  Қазіргі таңда Алия Исмаділдақызы  адвокат ретінде құқық қорғау органдарының кейбір бұра тартқан әрекеттерін әшкерелеп, талай жастың құқығының тапталмауына баса мән беріп, өз үлесін қосып жүр, – дейді И.Дастан.

     Әрине тергеуші, прокурор, сот  статистика түзбей  әр қылмыстық іске әділ бағасын берсе, халықтың сенімі мол болары хақ.

Қасақана, әдейі жасалған қылмысты ешқашан ақтауға болмайды. Дегенмен, кейде қылмысы жоқ адамды, «қылмыскер деп» жалған жаламен жарға жығатындар да болады. Адамның тағдыры ойыншық емес.  Абайсызда  жасалған  немесе  көлік тізгіндеп адам қағу, жол-көлік оқиғаларда байбалам салып, қамаққа алудың қажеттілігі жоқ деп санаймын.

 Бірде қорғауымдағы азаматты «жолда жатқан адамды қағып кеткен» деп  қылмыстық іс қозғалған. Алайда тергеу амалдары жүргізіліп, сараптама тағайындалып, қорытындылары келген соң  қорғауымдағы адам емес, алдында басқа көліктен қайтыс болғаны дәлелденді. Аққа құдай жақ болып қорғалушымды сотқа жеткізбей  ақтап алдық. Сонымен қатар маған сенім білдіруші азамат жұмыс орнында тоққа түсіп, жұмыс берушілердің кінәсі 100 пайыз дәлелденіп, ем-домына, моральдық және материалдық шығын өндірттік, – дейді А.Арзымбетова.

Ұлы ақын Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін!» деген еді. Сол Мағжан сенген жастардың бірі – Алия Арзымбетова деуге толық негіз бар. Ол кешегі студент шақта жастар арасындағы белсенділігін бүгінде заң саласында жалғастырып келе жатқанын көзіміз көріп жүр. Бұл ойымызды «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы Баспасөз қызметінің меңгерушісі Шынболат Сейдуалиевтың пікірі нақтылай түседі.

Жалпы, Алия Исмаділдақызымен таныстығым 2012 жылдан басталады. Әлі есімде сол жылдары елімізде депутаттардың кезекті сайлауы қызу жүріп жатты. Саяси науқанда Алия әпкеміз Тараз қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат болды да, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-де 1 курс оқып жүрген мен ерікті ретінде үгіт-насихат жұмыстарына атсалыстым. Саяси дода барысында оның студент кезінде белсенділік танытып, жастар ұйымына жетекшілік еткенінен хабардар болдым.  «Ағаштан ағаш сәнін алады, адамнан адам тәлім алады» дегендей,  сонда оның ерлерге тән қайсар мінезі мен ешқандай еңбектен қашпайтын қасиеттерін бойыма сіңірдім. Жаны нәзік болса да сот саласында қызмет ете жүріп, айтулы істердің бел ортасынан табылды. Кейіннен адвокат ретінде де азаматтар мен заңды тұлғалардың мүдделерін  және құқықтарын қорғаушы ретінде абыройлы қызмет атқарып келеді. Бүгінде қазақ әйеліне жүктелген жауапкершілік зор. Себебі олар отбасы тәрбиесінен бөлек мамандығына да адалдық танытуға тиіс. Бұл орайда, Алия  Исмаділдақызы осы жауапкершілікті зор сеніммен атқарып келеді. Әрі біз секілді артынан ерген інілеріне де қамқорлық танытудан жалыққан емес, — дейді  Ш.Сейдуалиев.

Кейіпкеріміз осындай қат-қабат қарбаластың арасында жүрсе де, түрлі жобаларды жүзеге асырып, қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысады. Айталық,  «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің «Марс 2009-2010» халықаралық жобасын жүзеге асырған. Облыстық жастар бірлестіктері «Марс» операциясына қатысқан қандастарымыздың, соғыс даласында қаза тапқан жерлестеріміз бен олардың туған-туыстарын іздестіру  мен «Даңқ» залында соғыс даласынан алып келген жәдігерлерге арналған бұрыш ашу жұмыстарын жүргізуге де елеулі  еңбек сіңірді.

Атам қазақ «Еңбегің қатты болса, татқаның тәтті болады» демей ме?! Бүгінде сол тоқтаусыз төгілген тердің арқасында Алия талай марапатқа қол жеткізді. Айталық, әр жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты,  Жамбыл  облыстық Сотының Соттар әкімшілігінің және облыс әкімінің Құрмет грамотасы, Тараз қаласы әкімінің Алғыс хаты, Қазақстан студенттер Альясының 15 жылдық мерейтойлық  төсбелгісінің әрі «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне 20 жыл мерекелік медалінің иегері.

    Біз де ерлерге бергісіз еңбек етіп жүрген Алияның әр қолға алған жұмысына сәттілік тілей отырып,  алар асуы әлі алда деп сенеміз.

Жұматай КӨКСУБАЙ

Тегтер: АЛИЯ АРЗЫМБЕТОВА
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.