• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 06:44
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Инклюзивті қоғамға бастар жол: «Айналайын» балалар-жасөспірімдер орталығының жарқын жобалары

Жамбыл облысында балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық әлеуетін ашуға, әлеуметтік осал топтарды қолдауға бағытталған жарқын жобаларымен танылып жүрген ұйым – «Айналайын» балалар-жасөспірімдер орталығы» жастар клубы» қоғамдық бірлестігі.

turan_admin turan_admin
04.07.2025, 10:58
Азаматтық қоғам институттары
Инклюзивті қоғамға бастар жол: «Айналайын» балалар-жасөспірімдер орталығының жарқын жобалары
34
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Қоғамдық бірлестік өзінің жұмысын инклюзивті қоғам құру, балалар мен жастардың шығармашылық, зияткерлік және физикалық дамуына жағдай жасау, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау сынды бағыттарда жүзеге асырып келеді. Әсіресе мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерді қолдау – ұйымның басты назарындағы әлеуметтік маңызы жоғары бағыттардың бірі.

Ұйым жұмысының ауқымы кең әрі жүйелі. Жамбыл ауданында балалар мен жасөспірімдерге арналған тігін, тоқыма, ағылшын тілі, би үйірмелері мен еріктілер клубы ұйымдастырылып, жүздеген жасқа өз қабілетін дамытуға мүмкіндік берілді. Сонымен қатар жаз айларында ұйымдастырылған аула лагерінде 300-ге жуық бала қамтылып, олар бос уақытын тиімді әрі мазмұнды өткізуге мүмкіндік алды.

Ұйымның әлеуметтік бастамалары республикалық деңгейде де жоғары бағаланып, әлеуметтік жобалар байқауында жеңімпаз атанды. «Игі істер жасау» акциясы аясында мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерге көмек көрсетіліп, олардың қажеттіліктеріне бейімделген қол арбалар сыйға тартылды. Бұл шараға 100 ерікті тартылып, азаматтық қоғамның белсенділігін көрсететін нақты үлгі қалыптасты.

Салауатты өмір салтын насихаттау бағытында да ұйым бірнеше маңызды шараларды жүзеге асырды. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында ауыл жастарына арнап 4 спорттық эстафета мен 6 флешмоб ұйымдастырылып, 150-ден астам жас қамтылды. Бұл – денсаулықты нығайту ғана емес, жастар арасында бірлік пен командалық рухты қалыптастыруға арналған нәтижелі жұмыстардың бірі болды.

Тараз қаласындағы «Көне Тараз» тарихи-мәдени кешенінде өткізілген ұлттық рухтағы «Қазақ ауылы» іс-шарасы да ұйым жұмысының жарқын көрінісі. Бұл күні қатысушылар ұлттық спорт ойындарымен танысып, концерттік бағдарламаны тамашалады, қолөнер көрмесі мен білім беру ұйымдары өкілдерімен кездесулер өтті. Аталған іс-шараға 45 ерікті, 60 мүмкіндігі шектеулі азамат, 15 ата-ана мен 20 әлеуметтік қызметкер қатысып, барша жұртшылықты бір ортаға тоғыстырған шынайы инклюзивті орта қалыптасты.

«Айналайын» қоғамдық бірлестігінің қызметі – әрбір бала мен жасөспірімнің әлеуетін ашуға, қоғамда өз орнын табуына және айналасындағы адамдармен тең дәрежеде өмір сүруіне мүмкіндік беретін маңызды әлеуметтік-мәдени миссия. Ұйым алдағы уақытта да өз бағытынан таймай, жаңа жобалар арқылы игілік пен жанашырлықты насихаттай бермек.

Ақпарат Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасы мемлекеттік ақпараттық тапсырыс негізінде жарияланды.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Таразда ҚХА медиация институтын дамытуға арналған семинар-тренинг өтті

Таразда ҚХА медиация институтын дамытуға арналған семинар-тренинг өтті

31.08.2026, 16:36
Таразда «Үміт шуағы» жобасы аясында «Зорлық-зомбылықсыз отбасы – бақытты қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Таразда «Үміт шуағы» жобасы аясында «Зорлық-зомбылықсыз отбасы – бақытты қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

31.08.2026, 16:30
«Әділет» партиясы Жамбыл облысындағы үгіт-насихат науқанын қорытындылады

«Әділет» партиясы Жамбыл облысындағы үгіт-насихат науқанын қорытындылады

25.08.2026, 17:25
«Халық үні» тобы: Өрескел заң бұзушылықтар тіркелмеді

«Халық үні» тобы: Өрескел заң бұзушылықтар тіркелмеді

24.08.2026, 14:19

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.