• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
18.08.2026, 20:21
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

ФИЛЬМ ТҮСІРУ ДЕГЕН КҮНДЕЛІКТІ КЕДЕРГІНІ ЖЕҢУ

turan_admin turan_admin
29.07.2018, 20:25
Заң, Облыс жаңалықтары
ФИЛЬМ ТҮСІРУ ДЕГЕН КҮНДЕЛІКТІ КЕДЕРГІНІ ЖЕҢУ
542
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

«Шабдалы» 2017 «Асыл арнаның» тапсырысы бойынша түсірілген көркем фильм. Режиссері — Жандос Құсайын. Фильм 2000 жылдары болған оқиғаларды баяндайды. Астанадағы жоғары оқу орындарын бітіріп, мықты заңгер болуды армандайтын бойжеткен студент қыз оқу бітірген соң Оңтүстік Қазақстан облысының (қазіргі Түркістан облысы) жігітіне тұрмысқа шығып, анасын хабардар етпей Жетісай қаласына кетіп қалады. Бірақ қыздың анасы Жазира бұл таңдауды қолдамайды. Оның жоспары бойынша, қыз карьера құрып, үлкен қызметкер боп жұмыс істеуі керек еді. Алайда бәрі керісінше болып шыға келеді. Киноның қысқаша мазмұны осындай.

Тараз қаласында өткен премьерада аталмыш фильмнің режиссері Жандос Құсайынмен сұхбаттасудың сәті түскен еді.

— Ассалаумағалейкүм, кино өзіме қатты ұнады. Еуразия кино фестиваліне қатысқаны туралы естігенбіз, ақпарат алғанбыз. Идея авторы Мұхамеджан Тазабек ағамыздікі, киноның түсірілімі барысында қандай кедергілер кездесті?
— Кино сценарий 100 % автордікі. Өйткені, адам қағазбен бетпе-бет қалғанда ойына не түседі соны жазады, өзін шектемейді. Кейін түсірілім жұмыстары басталған кезде күн сайын бір нәрсеңді жоғалтасың. Сенің ойыңдағы образың тура сондай болып шықпауы мүмкін, сен ойлағандай актер бір сөздерін айта алмай қалады, тіпті ауа-райының қолайсыздығы сен үшін қиындықтар туғызады. Демек, фильм түсіруге арналған көптеген ақпараттар бар, бірақ мен түсірілім алаңында бұған дейін екі — үш фильм түсірдім. сол кезде түсірілім тобына үнемі айтатыным «Фильм түсіру деген күнделікті кедергіні жеңу, сәт сайын жеңу». Фильм түсіргенде мен нақты мынау кедергі деп айта алмаймын. Кедергі деген сәт сайын болып тұрады.
— Премьерада түсірілім үшін минус қырықтан плюс қырыққа ауысқан кездеріңіз болғанын айттыңыз. Жұмысшы топтың, фильмді түсірген топтың осындай кездерде көңіл-күйі қалай болды?
— Негізі сценарийдің бірінші талабы сол болды, екіншіден Құдай бере салған Қазақстанымыз өте үлкен, оңтүстігімен, солтүстігінде ауа-райы екі түрлі. Бұл біз үшін Алланың берген үлкен сыйы деп білемін, бұған қуану керек. Енді, түсірілім тобына келсек бізде Астанада басқаша топ жұмыс істеді. Шымкентте басқа топ. Негізгі адамдар қалды. Бірақ, техникалық топта кішкене өзгерістер болды. Әр жаңа топ жұмысқа ынтамен кірісті. Жалпы фильмді түсіру кино саласында жүрген адамдар арасында мейрам іспетті, он бес- жиырма күн болады кейде отыз күн болады. Сол отыз күнде барлығы бір организм, бір дене сияқты жұмыс жасауы керек. Жалпы бізде атмосфера жақсы болады.
— Негізі кино түсіру өте ауыр. Кино идеясын бұзбай, оны халыққа жеткізу одан да ауыр және елдің көңілін табу да оңай емес. Осындай ауыртпалықты қалай жеңіп жүрсіз?
— Мен әлі жеңген жоқпын. Жеңемін деп те айта алмаймын. Қанша адам болса сонша пікір болады. Киноның ішінде әдебиет, музыка бар, суретшілік өнер бар, сән, би, бәрі бар. Осы өнерлерді бір арнаға тоғыстыру және оның шашауын шығармай, таразының басын тең ұстап жасай алу бұл өте қиын шаруа. Мүйізі қарағайдай режисерлардың өздері карьерасының соңында тіпті мен кино түсіруді енді түсіндім деп айтады. Фильмді сәл ақымақтау кезіңде түсіру керек дейді. Егер сен фильм түсірудің теориясын, заңдылықтарын жатқа білсең фильм түсіре алмайсың, өйткені ол мүмкін болмай қалады. Қиындықтарды білесің, қиындықтардан шығуға жүрексінесің. Ал ақымақтау, албырттау кезде түсіре бересің. Сондықтан оны жеңесін бе? Жеңбейсің бе? Бұл басқа мәселе. Мәселе фильм түсіру барысындағы процестен ләззат алу. Мен өз басым содан ләззат аламын.
— Осы фильмнен кейін қандай жоспарларыңыз ба?
— Қазір көптеген жоспарлар бар. Келесі айда «Тамыз» деген фильмді жасағалы жатырмыз. Оның да сценариін жазып бітірдік. Бұл — қазақ фильмімен бірге жасалатын жоба. Одан бөлек махаббат туралы салмақты драма жасағым келеді. Сонымен қатар, Б.Соқпақбаевтың «Он алты жасар чемпион», я болмаса Машқар Гүмеровтың»Құпия дәптері» сынды балаларға арналған шығарған фильмдерді экранға шығарғым келеді. Бірақ экранизация өте күрделі жанр болғандықтан біз Шабдалыны осының бастамасы деп білемін. Белгілі бір әңгіменің негізінде жасалған. Аспаннан алынған идея емес. Сондықтан енді негізгі халықтың көкейінен шығатын көңілінен орын алған атақты шығармаларды түсіру процесін бастағалы жатырмыз, жоспарларымыз бар.
— Осы Шабдалы фильмінің атауының «Шабдалы» болуына кім себепкер болды?
— Әңгіменің түп нұсқасы Шабдалы деп аталады. Атауына байланысты көптеген талқылаулар болған. Дегенмен Шабдалы деген атауға бәріміз үйреніп қалдық. Басында бір тосын естілгенімен солай қалдыруға шешім қабылдадық. Жалпы фильм біреуге ұнайды біреуге ұнамайды, өнер деген осындай ғой, әр-түрлі қарама қайшылықтар, пікірлердің тоғысуы болады. Бұл заңдылық.
— Сіздің әріптестеріңіздің бәрі күлкіге байланысты фильм түсіргенді ұнатады. Білуімше сіздің «Шабдалыңыздан» көп қаражат түспейді. Мұндай фильм түсіруіңіздің себебі неде?
— Сіз кассалық фильмді айтып отырсыз. Шабдалы кассалық фильмге жатпайды. Талаптары басқа. Сіз айтқандай басқаша аурада бергіміз келді. Бірақ кассалық фильмдер болмауы керек дегенге келіспеймін. Сондықтан бұл фильмге қазақ көрермендері барады, түсінеді деп есептеймін.
— Ал бұл фильм қашан прокатқа шығады?
— Оны нақты айта алмаймын. Асыл арна телеарнасының бас продюсері біледі. Біздің фильмді түсіріп береміз, қалғандары продюсерлердің құзырында.
— Әйгілі спортшымыз Денис Теннен қапыда айрылып қалдық. Ол жайлы фильм шығару жөнінде жоспарыңыз бар ма?
— Бізде қазақта қыршын кеткен талантты спортшылар көп қой. Мысалы бұған дейін Бекзат Саттархановқа арналған фильмдер түсіріліпті. Көбісі басталып, аяқсыз қалған. Мұндай тақырыпқа үлкен жауапкершілікпен бару қажет, өйткені ол бүкіл халықтың махаббатына, ықыласына бөленген тұлғалар. Сондықтан мен мұндай фильм түсіруге режиссер ретінде өзімді әлі дайынмын деп есептемеймін. Оған әлі толысу керек, тәжірибе жинау керек, жан-жақтылықты үш есе, төрт есе арттыру керек. Сондықтан менде әлі ондай жоспарлар жоқ. Дегенмен де сондай фильмдерді түсіре алатындай деңгейді өзім сезген жағдайда тартынып қалмаймын деп ойлаймын.
— Мағыналы сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбатты Исламбек Дастан жүргізді.

Тегтер: Астана паркасыл арнаЖандос ҚұсайынрежиссерТаразшабдалы
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Сөз бостандығы мен жауапкершілік қатар жүруге тиіс

Сөз бостандығы мен жауапкершілік қатар жүруге тиіс

17.08.2026, 11:40
Таразда балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша семинар өтті

Таразда балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша семинар өтті

15.08.2026, 17:33
Партиялардың ақпараттық жұмыстары: апталық шолу (7–13 тамыз 2026)

Партиялардың ақпараттық жұмыстары: апталық шолу (7–13 тамыз 2026)

14.08.2026, 20:55
68 млн теңге кімге бұйырды? Жамбылда білім саласының үздіктері марапатталды

68 млн теңге кімге бұйырды? Жамбылда білім саласының үздіктері марапатталды

14.08.2026, 13:49

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Басты дебатқа қатысатын партиялардың реттік нөмірлері анықталды!

18.08.2026, 11:50

«Сізге банктен қоңырау шалып жатыр»: телефон алаяқтарын қалай тануға болады

18.08.2026, 11:41

Сөз – ұлттың визиттік карточкасы

18.08.2026, 11:33

Президенттің АӨК өнімділігін арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындау

18.08.2026, 11:30

Тек ресми мәліметтерге сеніңіз: JAQ.OrtCom фейктердің таралуы туралы ескертеді.

18.08.2026, 11:25

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбылда білім саласында байқау мен конкурстарға жауапты мекеме басшысы тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл прокуратурасында кадрлық ауыс-түйіс орын алды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстандықтардың басым бөлігі Қ.К.Тоқаевқа сенім білдіреді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қаласында «Taraz-Insight 2026» әлеуметтік жобасы іске асырылады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.