• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
18.08.2026, 04:15
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

ЕСЕПТІ ЖИЫНДАҒЫ «ЕССІЗ» ДИАЛОГ

turan_admin turan_admin
14.02.2018, 22:14
Қазақстан жаңалықтары, Облыс жаңалықтары
ЕСЕПТІ ЖИЫНДАҒЫ «ЕССІЗ» ДИАЛОГ
269
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Бүгін Байзақ ауданы тұрғындарының алдында аудан әкімі Рахматілдә Рахманбердиев есеп берді. Есепке облыс әкімі Асқар Мырзахметов, облыс әкімі аппаратының басшысы Нұржан Календеров, облыс пен аудан мәслихат депутаттары, аудан әкімдігінің бөлім басшылары және тұрғындар қатысты. Аудан әкіміне «Рола — 7» компаниясының директоры, облыстық маслихат депутаты Тұрсынбек Нұрбаев аудан және облыс әкіміне былай деп сауал жолдады:

— Мен басқаратын компанияда қазіргі кезде 150 адам жұмыс істейді. Одан өзге 2017 жылы жаңадан «Рола-Ян» компаниясын ашып 285 миллионға инвестор алып келгенмін. Енді бір мәселе, біздің компанияға дейін трасса 700 метр жол бар. Ол жол асфальт емес. Компанияға шетелден көп адамдар келеді. Жамбыл облысына келген меймандардың барлығы бірінші бізге келеді. Екіншіден бізге, Оңтүстік Кореядан екі-үш рет меймандар келді. Олар біздің жолдың жағдайын көріп, компанияға ақша бөлуге бола ма, жоқ па деп ойланады. Одан кейін 2017 жылы Америкадан бізбен бірлесіп жұмыс істеу ниетінде адамдар келді. Олар ең бірінші кезекте бізден «осы жолды жөндейтін адам бар ма?» деп сұрады. Баршаңыз білесіздер, Елбасы жолдауында үкімет ең алдымен кәсіпкерлерді қолдауы тиіс деп жиі айтады. Біз бүгінгі күні өнімдерімізді шет елдерге жіберіп жатырмыз. Қазіргі таңда «Рола-Ян» компаниясы Ресеймен жұмыс жасайды. Биыл 2018 жылға Россия, Молдавия, Түрменстан және Қытаймен келісімшартқа отырдық. Бірақ жаңағы жолдан күн сайын жүк машиналары жүре береді. Сол жол күннен күнге құрып бара жатыр. Сол жолды көріп, соған баға берсеңіз. Бұл бір. Екіншіден біздің компанияның жанында 2 гектар жер бар. Ол бұрынғы кірпіш зауытының орны. 2012 жылы осы компанияны сатып алғанда сол жерді алып, қосымша цех қосу деген ой болды. Осы уақытқа дейін сол жердің шаруасы шешілмей жатыр. Мен осы Байзақ ауданына келгелі бері бар білімімді осы ауданның гүлденуіне жұмсадым. Бүгінгі таңда бізде мүмкіндіктер бар. Жаңадан инвесторлар тартып, жаңа цех салуға болады. Егер уақытыңыз болып жатса, біздің компанияға келіп, сол жерді көрсеңіз деймін.

— Сіздің жол бойынша көтерген мәселеңізге тоқтала кетсек. Жол Қызыл Жұлдыз ауылының шетінен өтетін өндірістік жол болып саналады. Ол жолда үй жоқ. Сол себепті ол жолды көше деп елді мекеннің ішіндегі жолға жатқызу мүмкін болмай отыр. Бұл туралы сізге түсіндіріп айтқанмын. Сондықтан оның шешу жолын кәсіпкерлер мен демеушілер арқылы шешсе болады. Өзіңіз сияқты кәсіпкерлермен бірігіп қарастырайық деп ұсыныс бергенмін. Бизнестің жол картасында инфроқұрылымда жол салу деген мақсат алынып тасталынған. Сондықтан біз сізге не кәсіпорыныңыз бойынша жол салып бере алмай отырмыз. Ауылдың шетінде болғаннан кейін не көшеге енгізе алмай отырмыз. Оның үстіне, өздеріңіз білесіздер, Қызыл жұлдыз ауылының көп жерін біз Жамбыл ауданынан тамыз айында ғана өзімізге аударып алдық. Сол себепті біз ауылға, Талас станциясына бас жоспар дайындап жатырмыз. Бас жоспарға жолды кіргізудің заңды тетіктерін қарастырып жатырмыз. Екінші мәскеле, жер бос жатыр дейсіз. Бос жатқан жоқ, ол жердің иесі бар. Кезінде біреу сатып алған. Сіздер сатып алу туралы келіссөздер жүргізе алмай отырсыздар. Енді біз елдімекен ішінде жер бере алмай жатырмыз. Ол жер шынымен пайдаланылмай тұрған жер. Қазір елді мекендердің жерлерін түгендеп, шаруа қожалықтарға өткіземіз деген жоспарымыз бар, — деді Байзақ ауданының әкімі Рахматілдә Сегізбайұлы.

Есепті жиындағы осы диалогтан санамызда «үлкен кәсіпорны бар депутат 700 метр жол сала алмай отыр ма?» деген сауал туды. Бұл қалай? Әлде мемлекетке ауыз ашып, өңірге әлеуметтік көмек жасағысы келмей ме? Депутат деген шені бар мәслихат өкілі болып неге сайланды? Бизнесмендеріміздің «Шық бермес Шығайбай» болған заманы болды. Ақиқаты осы. Мен мемлекетке не берем емес, не алсам деген бизнесмендер көбейген уақытта өмір сүріп жатырмыз. Ел қамын күйттеген депутаттарымыз ауылдың ертеңіне елеңдеуден қалған секілді. Қалай болғанда да қара халықтың қамын жеп һәм сол елдің топырағында өз бизнесін дөңгелетіп отырған депутат ағамыздың мұнысы үлкен әбестік деп есептейміз.

TURANINFO.KZ

Тегтер: АУДАНЫБАЙЗАҚЖамбыл облысыкездесуРахманбердиевРОЛА 7
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Қорғаныс министрінің орынбасары оңтүстіктегі әскери нысандарды тексерді

Қорғаныс министрінің орынбасары оңтүстіктегі әскери нысандарды тексерді

17.08.2026, 14:54
Мультимиллионер қазақтың журналист қызымен отбасы құрды

Мультимиллионер қазақтың журналист қызымен отбасы құрды

16.08.2026, 18:54
Таразда балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша семинар өтті

Таразда балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша семинар өтті

15.08.2026, 17:33
Партиялардың ақпараттық жұмыстары: апталық шолу (7–13 тамыз 2026)

Партиялардың ақпараттық жұмыстары: апталық шолу (7–13 тамыз 2026)

14.08.2026, 20:55

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қорғаныс министрінің орынбасары оңтүстіктегі әскери нысандарды тексерді

17.08.2026, 14:54

Сөз бостандығы мен жауапкершілік қатар жүруге тиіс

17.08.2026, 11:40

Ferrari-дің алғашқы электромобилі 40 миллион долларға сатылды

17.08.2026, 09:59

Мультимиллионер қазақтың журналист қызымен отбасы құрды

16.08.2026, 18:54

Таразда балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша семинар өтті

15.08.2026, 17:33

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбылда білім саласында байқау мен конкурстарға жауапты мекеме басшысы тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл прокуратурасында кадрлық ауыс-түйіс орын алды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстандықтардың басым бөлігі Қ.К.Тоқаевқа сенім білдіреді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қаласында «Taraz-Insight 2026» әлеуметтік жобасы іске асырылады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.