• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
17.08.2026, 16:12
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Емханадағы сапасыз қызмет туралы

turan_admin turan_admin
22.07.2025, 17:21
Денсаулық, Облыс жаңалықтары
Емханадағы сапасыз қызмет туралы
289
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Қалалық емханада кабинеттердің жабдықталуы қазіргі талаптарға сай емес, қабылдау уақытының ұзақтығы мен жазылу жүйесіндегі кідірістерге байланысты тұрғындардан шағымдар тіркелген деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

«Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек Тараз қаласындағы “Almaz Medical Group” ЖШС барып, мекеменің қазіргі жағдайымен танысты. Ол емхананың материалдық-техникалық базасын, диагностикалық және емдік кабинеттердің жабдықталуын, сондай-ақ медициналық қызмет сапасын зерттеді.Мамандармен пікір алмасып, көрсетілетін қызметтердің халыққа қолжетімділігі мен сапасына ерекше назар аударды» деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

“ALMAZ MEDICAL GROUP” — өңірдегі жекеменшік медициналық мекемелердің бірі. Мұнда терапиялық, педиатриялық, гинекологиялық көмекпен қатар, зертханалық және ультрадыбыстық қызметтер көрсетіледі. Тіпті, Сарысу, Жуалы, Талас аудандарының пациенттері мұнда МРТ секілді тексерілулерге келеді.
2025 жылдың алғашқы алты айындағы деректерге сәйкес, емханаға тіркелген халық саны – 69 005 адам. Оның ішінде 40 261-і — ересектер, 24 867-сі — балалар мен жасөспірімдер. Соның ішінде бір жасқа дейінгі балалар – 1 380, бес жасқа дейінгілер – 8 335. Фертильді жастағы әйелдердің саны – 17 041 адам. Мекемеде 92 дәрігер жұмыс істейді, бұл әр 10 мың тұрғынға шаққанда 13,3 дәрігерден келеді. Орта буын медицина қызметкерлерінің саны – 224. Күндізгі стационар жылына 923 науқасқа қызмет көрсетеді, онда 50 төсек-орын қарастырылған.

Сержан Назарбек емхана жұмысында бірқатар кемшіліктерді анықтады. Атап айтқанда, кейбір кабинеттердің жабдықталуы қазіргі талаптарға сай емес, қабылдау уақытының ұзақтығы мен жазылу жүйесіндегі кідірістерге байланысты тұрғындардан шағымдар тіркелген. Сонымен қатар, пациенттердің кері байланыс беру және шағым айту арналарының тиімсіздігі де сынға алынды. Дәрігер кадрлардың тапшылығы мен жүктемесінің жоғары болуы, сондай-ақ қызмет көрсету сапасындағы бірізділіктің жоқтығы да назардан тыс қалмады.

Басқарма басшысы медицина ұйымдары үшін пациенттермен тиімді кері байланыстың маңыздылығына ерекше тоқталып, қызмет сапасын арттыру және тұрғындардың өтініш-шағымдарына жедел әрекет ету жүйесін құру қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, медициналық мекеменің жұмысын жақсарту және халықтың медициналық қызметке қанағаттануын арттыруға бағытталған бірқатар нақты ұсыныстарын жеткізді.
Осыған байланысты басқарма басшысы емхана жұмысындағы кемшіліктер мен олқылықтарды жою бойынша нақты тапсырмалар беріп, оларды жою мен ретке келтіруге уақыт берді.

Басқарма басшысы емхана жұмысын жолға қою үшін жан-жақты қолдау көрсетілетінін, соның ішінде материалдық-техникалық базаны жақсарту, мамандарды толықтыру (емханада 1000 түрғынға бір ғана дәрігер қызмет көрсетеді), қызмет көрсету сапасын арттыру және пациенттердің кері байланыс механизмдерін жетілдіру бағытында нақты көмек шаралары қолға алынатынын атап өтті.

Тегтер: емхана сапасыз
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Таразда балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша семинар өтті

Таразда балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша семинар өтті

15.08.2026, 17:33
Партиялардың ақпараттық жұмыстары: апталық шолу (7–13 тамыз 2026)

Партиялардың ақпараттық жұмыстары: апталық шолу (7–13 тамыз 2026)

14.08.2026, 20:55
68 млн теңге кімге бұйырды? Жамбылда білім саласының үздіктері марапатталды

68 млн теңге кімге бұйырды? Жамбылда білім саласының үздіктері марапатталды

14.08.2026, 13:49
Мырзабосынов мереке қарсаңында спорттық менеджерлерге құрмет көрсетті

Мырзабосынов мереке қарсаңында спорттық менеджерлерге құрмет көрсетті

13.08.2026, 20:20

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қорғаныс министрінің орынбасары оңтүстіктегі әскери нысандарды тексерді

17.08.2026, 14:54

Сөз бостандығы мен жауапкершілік қатар жүруге тиіс

17.08.2026, 11:40

Ferrari-дің алғашқы электромобилі 40 миллион долларға сатылды

17.08.2026, 09:59

Мультимиллионер қазақтың журналист қызымен отбасы құрды

16.08.2026, 18:54

Таразда балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша семинар өтті

15.08.2026, 17:33

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбылда білім саласында байқау мен конкурстарға жауапты мекеме басшысы тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл прокуратурасында кадрлық ауыс-түйіс орын алды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстандықтардың басым бөлігі Қ.К.Тоқаевқа сенім білдіреді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қаласында «Taraz-Insight 2026» әлеуметтік жобасы іске асырылады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.